Ашық сабақтың тақырыбы: Семей таңы газеті

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пән: Қазақ тілі Сынып: _________________ Өткізілетін күні:___________________

Сабақтың тақырыбы:  Сағаттың түрлері. 

Сабақтың мақсаттары:
- Оқушылардың тақырып бойынша сөздік қорын қалыптастыру арқылы білім сапасын арттыру. Білім деңгейлерін оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттері арқылы көтеру.

- Сағат түрлерінің кварцты, электронды, маятникті болып бөлінетіндігі туралы айту. Уақыт өлшемдерін дұрыс айта білуге дағдыландыру. 
- Ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
 

Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап, баяндау, талдау, жинақтау, иллюстрация, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.
Сабақтың жабдығы: компьютер
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа назарларын аудару. 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: диалог, ереже,сөздік.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру
Оқушыларды топқа бөлу /әр түрлі түстермен/ 
I топ: «Қырандар» тобы  II топ: «Тапқырлар» тобы 
II. Өткен материалды еске түсіру 
Сыныппен жұмыс: /Тапсырма интербелсенді тақтада орындалады/ 
Сұрақтар арқылы өткен тақырып пысықталады.
 
1. Қазір сағат неше болды?
 
2. Сағат жетіден неше минут кетті?
 
3. Сағат сегізге неше минут қалды?
 
Білу Қызығушылықты ояту 
1. Балалар, сағаттың пішіні қандай болады?
 
2. Сағат бетінде қандай сандар бар? Оларды атап беріңдер.
 
3. Сағат нені көрсетеді?
 
4. Уақыт өлшемдерін атап бере аласыңдар ма?
 
5. Сағаттың қандай түрлері бар?
 
6. Сағат түрлерін атап беріңдер.
 
Түсіну- Сөздікпен жұмыс: 
тәулік – сутки 
жарым – половина
 
Берілетін тапсырмалар: 
1 – тапсырма (үлгі бойынша сөйлеп үйрен) 
I топ: «Қырандар» тобы
 
Сағат жеті жарым. Сағат төрт жарым. Сағат алты жарым.
 
II топ: «Тапқырлар» тобы
 
Сағат тоғыз жарым. Сағат он екі жарым.
 
Қолдану I топ: «Қырандар» тобы
 
Берілетін тапсырмалар: 
2 – тапсырма (өлеңді оқы) 
1 тәулікте 24 сағат бар,
 
7 күнннен құралады әр апта:
 
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, - деп,
 
Ойланбастан шыға аламын санап та! ...
 
II топ: «Тапқырлар» тобы 
3 – тапсырма (оқы, біліп ал!)
 
Біліп ал!
 
Продолжительность времени Точное время
 
Екі сағат сағат екі
 
Бес сағат сағат бес
 
Сегіз сағат сағат сегіз
 
5 – тапсырма (толықтырып жаз) 
Сағат ... . Сағат ... . Сағат ... . Сағат ...
Жинақтау I топ: «Қырандар» тобы
 


6 – тапсырма (сөйлем құрап үйрен)
 
1. Сағат.
 
2. Үлкен сағат.
 
3. Үлкен сағат бар.
 
4. Үйде үлкен сағат бар.
 
1. Тәулік.
 
2. Бір тәулік.
 
3. Бір тәулікте 24 сағат.
 
4. Бір тәулікте 24 сағат бар.
 


II топ: «Тапқырлар» тобы
 
7 – тапсырма (үш сөйлем жаз)
 
тәулікте __________ сағат
 

1 сағатта _________ минут бар.
 

минутта __________ секунд
 

Бағалау: балдық жүйемен
Үйге тапсырма «Сағаттың түрлері» жаттау, сөздіктерді қайталау.






Пән: Қазақ тілі Сынып: _________________ Өткізілетін күні:___________________

Сабақтың тақырыбы:  Сен қайда болдың?

Сабақтың мақсаты

А)Оқушылардың уақыт туралы білімдерін тереңдету. Уақытты дұрыс айта білуге үйрету. Сағаттың түрлерін таныстыру.
Ә)Ауызекі сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту.
Б) Уақытты үнемдеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелесу, аудару.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Пән аралық байланыс: Орыс тілі, бейнелеу, музыка, дене тәрбиесі.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:

  1. Сәлемдесу

  2. Түгелдеу

  3. Тіл дамыту сұрақтарын қою:

  • Бір аптада қанша күн бар?

  • Апта күндерін ата!

ІІ. Үй жұмысын сұрау:

  1. Жаттығуды оқыту. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаз.

Мен бүгін мектепке бардым. Сен кеше стадионға бардың. Ол ертең дүкенге барады. Мен биыл үшінші сыныпта оқимын. Мұғалім қазір тақтаға жазды.

  1. Жұмбақты жатқа айтқызу, шешуін тапқызу.

Сырт-сырт етеді,

Уақыт өтеді.

Күнде есебін жаттайды,

Ешбір тыным таппайды.

Алмайды бір тағат

Оның аты – САҒАТ.

  1. Бекіту сұрақтары

  • Бір тәулікте қанша сағат бар?

  • Бір сағатта қанша минут бар? т. б.

ІІІ. Жаңа сабақ:

  1. Сөздікпен жұмыс.

Дұрыс – правильно

Дұрыс емес — неправильно

2. тақтамен жұмыс. (ауызша тапсырма)

1) тақтадан сағаттарды көрсетіп, уақыттың қанша болғанын айтқызу.

2) «Сағат 14:00-де сен қайда болдың?» т. б. сұрақтарға жауап беру.

Мысалы: Сағат жеті болды. Мен сағат жетіде үйде болдым. Ұйқыдан тұрдым.

3.Деңгейлік тапсырмалар беру: (оқулықпен, дәптермен жұмыс)

3-тапсырма. Екі қатарға жаз.

Дұрыс: Мен сабақ оқыдым. Мен бес алдым. Мен тісімді тазаладым. Мен стадионға бардым.

Дұрыс емес: Сен жаттығу жазбадың. Сен кітапты жырттың. Сен бетіңді жумадың. Сен екі алдың.

 1-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жаз.

Бүгін мен театрға бардым. Кеше мен стадионда болдым. Ертең мен киноға барамын.

Сергіту сәті.

Тақтадан жұмбақты оқыту. Жауабын суретпен салып көрсету.

Өмірді өлшейді,

Ешкімнен сұрамай.

Тіліңді алмайды,

Тетігін бұрамай.

Жұптық жұмыс

5-тапсырма. Диалогты оқыту.

Бір жылда неше ай бар?

Бір жылда 12 ай бар?

Бір айда неше күн бар?

Бір айда 30 немесе 31 күн бар.

Бір аптада неше күн бар?

Бір аптада жеті күн бар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

  1. Суретпен жұмыс. Суреттегі сағаттың түрлерін айтқызу. Қол сағат, қабырға сағат, үстел сағат, қалта сағат, құм сағат, су сағат.

ІҮ. Сабақты бекіту: — Сағаттың түрлерін ата!

Сен сағат нешеде мектепке барасың?

Ү. Үйге: . 2-тапсырма.

ҮІ. Бағалау.

-Сабақ аяқталды!

-Сау болыңыздар !

























Пән: Қазақ тілі Сынып: _________________ Өткізілетін күні:___________________

Сабақтың тақырыбы:  Қалалық басылымдар.

Сабақтың мақсаты

Білімділік – тақырып бойынша толық  мағлұматалу; тақырыпты меңгеру 
Дамытушылық: ұжымда жұмысжасай білу;  қорытындыжасайбілу:сөйлеу тілдерін жетілдіру 
Тәрбиелік : елтану,мәдениет танымдылық құзыреттілігін дамыту. 
Әдістемелік жабдықтау :мерзімдік басылымдар көрмесі , оқу-әдістемелік тірек кестелері , мәтіндер,қызықты грамматика 
Сабақтың түрі :жаңа сабақ 
Сабақтың типі
:дамыта оқыту 
Сабақтың барысы : 
1.1. Ұйымдастыру кезеңі : 1)Амандасу. Түгендеу.
 
Сабақтың мақсатын қою
 
1.2.Үйтапсырмасын сұрау, тексеру, бағалау:
 
Қазақстанның даму бағыттары өнеркәсібі, ауылшаруашылығындағы жетістіктері туралы оқып, танысып білдік және құрмалас сөйлемді өтіп жатырмыз.
 
1.3.Оқушылардың жауабы және үлестірмелі кәртішкелермен жұмыс
 
1.4. Білімдерінбағалау.Үйтапсырмасын қорытындылау.
 
2.1. Жаңа сабақты түсіндіру : Мұғалім сөзі.
 
Бүгінгі сабығымыздың тақырыбы «
Қалалық басылымдар»
Тақтадағы мына жаңа сөздерге назар аударыңдар.
 
2.2. Сөздікпен жұмыс.
 
ақпарат көздері–источник информации 
мерзімдік басылым–периодическое издание
 
бұқаралық ақпарат көздері– средства массовой инфоррмации (СМИ)
 
мақала–статья
 
айдар–рубрика
 
мәлімет–сообщения, сведение
 
баспахана–издательство
 
тілшісі–корреспондент
 
жергілікті–местный
 
пресса–баспасөз
 
2.3. Жаңасабақтыбекіту:
 
Берілген сөздердің орысша баламасын тауып көрсетіңдер
 
баспасөз–местный
 
оқиға–интересный
 
мәлімет–подросток
 
жергілікті–периодика
 
жасөспірім–массовый
 
сүйікті–событие
 
қызықты–сведение
 
2.4. Мәтінмен жұмыс:
 
1.Мұғалімнің оқуы
 
2.Оқушылардың оқып, аударуы
 
3.2. Сұрақ-жауап жұмысы:
 
Мәтінді абзац бойынша оқып,сұрақ құраңдар
 
1-абзац. 1.Мерзімдік басылымдар қалай аталады?
 
2.Оларға не жатады?
 
2-абзац. 1. Газет-журналдардан не білеміз?
 
2. Газет-журналда не туралы басылады?
 
3-абзац. 1. Газет-журналдардың саны қанша?
 
2. Газет-журналдардың қандай түрі шығады?
 
4-абзац. Ұнатып оқитын газет-журналдарың бар ма?
 
3.3. Пікірлесу: Сұрақтарға жауап беріңдер
 
Ұжымдық жұмыс:Деңгейлік тақырып
 
1.Отбасың қандай мерзімділік басылымға жазылады?
 
2.Өзің тұратын өңірде қандай жергілікті басылым шығады? Оқып тұрасың ба?
 
3.Сенің сүйікті газет-журналдарың қандай?
 
4.Қандай айдарды ұнатып оқисың?
 
5.Газет-журнал беттеріне мақала,әңгіме ертегі,өлең,сөзжұмбақ жіберіп көрдің бе?
 
6.Газет-журналда істейтін адамды кім деп атайды?
 
7.Қазақстанда ең танымал қандай газет деп ойлайсың?
 
3.4. Төменде берілген сөздердің қазақша баламасын тауып, сөйлем құрасытрыңдар:
 
Пресса–пресс-релиз,журналист,пресс-конференция
 
3.5. Тапсырма
 
Мәтінді пайдалана отырып, дұрыс-бұрысын анықтаңдар.
 
1.Мерзімдік басылымдарға газет-журналдар,
 
Жарнама жатады.
 
2.Газеттен көп мағлұмат, ақпарат аламыз.
 
3.Газеттерде ауа райы жайында мәлімет берілмейді.
 
4.Газеттердің орталық, жергілікті, мемлекеттік,
 
жекеменшік,т.б. түрлері бар.
 
5.Бұл күнде елімізде 1500-ден астам газет журнал
 
шығады.
 
6. Газет-журнал оқу міндетті емес. дұрыс бұрыс
3.6.Газет беттеріне шолу жасайық.
 
Өзіміздің сүйіп оқитын жергілікті“Семей таңының“ беттеріне үңілейік
 
№6.20.01.12ж.”Сайлау мәресі”
 
“Әр елдің салты басқа”
 
“Жұлдыз жорамал”
 
“Ерекшелігі бар елдер”
 
”Сұлулықты күте біл”
 
4.1.Сабақты қорытындылау:
 
4.2.Төмендегі қағиданы оқып,өз пікірлеріңді айтыңдар.
 


Ахмет Байтұрсынов айтқан төрт қағида бар.Біріншісі:газет-халықтың көзі, құлағы, тілі; екінші:газет-жұртқа қызмет ететін нәрсе; үшінші: газет-халыққа білім таратушы: төртінші:газет-халықтың жақтаушысы. 
4.2.Тақтадағы құрмалас сөйлемдерге назар аударыңдар.
 
Жоғалған жалғауды іздеп табыңдар.
 
1.Мен газет беттерінен мақал-мәтелдер іздеп едім,… ештеңе таба алмадым.
 
2.Бұрын адамдар хат-хабарды бірнеше айлап жеткізген,… қазір интернет арқылы
 
санаулы уақыт ішінде байланыса аласыз.
 
3.Мен келесі ойда міндетті түрде газетке жазыламын немесе ұнатып оқитын бір
 
журналға жазыламын.
 
4.3.Мына кестені толтырыңдар.
 
№ Жергілікті басылым Облыстық басылым Республикалық басылым
 
1.
 
2.
 
4.Үйге тапсырма: 1.”Баспасөз–өмір айнасы”мазмұндау
 
2.8 тапсырма – сөйлемді толықтыру
 
3.Жарнама әзірлеп келіңдер.












Пән: Қазақ тілі Сынып: _________________ Өткізілетін күні:___________________

Сабақтың тақырыбы:  «Семей таңы» газеті.

Сабақтың мақсаты
Білімділік: Тақырып бойынша әңгіме құрастыру шеберліктерін қалыптастыру. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы білім дағдысын кеңейту, оқушылардың дағды, таным белсенділігін арттыру.
Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, белсенді сөздік қорын пайдаланып,
лексикалық тақырып бойынша сөйлей, сөйлесе алуды үйрету. Теория мен практиканы ұштастыру, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Оқушылардың өз ойын жүйелі айта білуін дағдыларын жетілдіру. іскерлігін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өз елінің тарихын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу. Өз пікірі, ойы қалыптасқан заманымыздың белсенді азаматтары бола білуге шақыру. Елжандылық пен патриотизмге тәрбиелеу, мамандық таңдауға бағдар беру. Елі үшін туған тұлғалардың өмірін үлгі ету
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ – жауап, толықтыру, қайталау, талдау, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: газет - журналдар көрмесі, интерактивтік тақта, слайдтар, ойын «Білімпаздар бәйгесі»
Қолданылатын технологиялар: Жампейісованың «деңгейлеп саралап оқыту технологиясы», «Ақпараттық коммуникациялық» технологиясы.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын пысықтау. Отбасылық басылымдар
1. Мерзімдік басылымға не жатады?
2. Өздерің тұратын өңірде қандай жергілікті газет басылып шығады?
3. Оқып тұрасыңдар ма?
4. Сенің сүйікті газетің қандай?
5. Газет бетіндегі сүйікті айдарың қандай?
6. Газетті қай тілде оқисыңдар?
7. Отбасың қандай мерзімдік басылымға жазылды?
3. Сабақ тақырыбын, мақсатын таныстыру
Бүгін, біз сабағымызда газет - журналдар туралы білімдерімізді кеңейтіп, қазақ газет - журналдарымен танысамыз.
Радио миллиондаған тыңдаушыны жинайды, теледидар көрген, естігенімізді сезіммен қабылдап, жүректен өткіземіз.
Бірақ газет - журналды оқығанға жететін ештеңе де жоқ. Газет - журналдың адам өмірінде алатын орны зор. Біз газеттен еліміздегі, шетелдердегі оқиғалардан хабардар боламыз.
І. Тақтамен жұмыс: Ахмет Байтұрсынов айтқан төрт қағида бар.
Бірінші: газет - халықтың көзі, құлағы, тілі; екінші: газет - жұртқа қызмет ететін нәрсе; үшінші: газет - халыққа білім таратушы; төртінші: газет - халықтың жоқтаушысы.
ІІ. Бейне сұрақтар»
- Қандай қазақ газеттерін білесің?
- Қандай мектепішілік шараларға газет шығардың?
- Етістік райлары дегеніміз не?
- Етістіктің ашық райы қалай жасалады?
- Менің сіздерге сұрағым мынадай? Сен қандай қазақша газет журналдар оқисың?
ІІІ. Газет беттеріне шолу жасайық.
Өзіміздің сүйіп оқитын жергілікті “Семей таңы “ беттеріне үңілейік

Жұптық жұмыс
«Семей таңы» газеті
«Ұстаз»
«Дидар»
«Вести»
«Егемен Қазақстан»
Деңгейлік тапсырмалар:
ІІІ деңгей
1. Мәтінді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңдар
2. Мәтін бойынша сұрақтар қойып, жауап беріңдер
ІІ деңгей
1. Мәтіннің мазмұнына байланысты жоспар құрыңдар
2. Жоспар бойынша мазмұнын айтыңдар
І деңгей
Мәтінмен жұмыс: Мәтін бойынша бір оқиғаға мақала жазу
ІV. Енді білімімізді «Білімпаздар бәйгесі» сайысында көрсетуге тырысайық:
Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Назарбаевта
жолдауында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы - білім. Білім - патриотизм негізі.

Тестпен жұмыс: Ой шақыру.

1) Әйелдер арасынан шыққан тұңғыш тілші?
а) Нәзипа Құлжанова б) Сара Есова с) Ләзиза Серғазина
2) Алғашқы қазақ газеті қалай аталады?
а) «Қазақ» в) «Түркістан уәлаяты» с) «Еңбекші қазақ»
3) Бұл күнде елімізде қанша газет - журнал шығады?
а) 100 - ден астам в) 10 - нан астам с) 1500 - ден астам
4) «Айқап» журналы не туралы?
а) қазақ салты в) қазақ өмірі с) қазақ тілі
5) Қарағанды облысының газеті
а) «Жас алаш» б) «Егеменді Қазақстан» с) «Орталық Қазақстан»
6) Теледидар бағдарламасы туралы мәлімет қайда басылады?
а) журналда б) газетте с) мақалада
7) Жастар газетін кім басқарды?
а) Нәзипа Құлжанова б) Сара Есова с) Ләзиза Серғазина
8) «Жұлдыздар отбасы» журналы журналдың қай түріне жатады?
а) орталық в) жеке меншік с) ресми
9) Журналистер әрқашан кіммен бірге?
а) халқымен в) шәкіртімен с) жастармен
10) «Қазақ» газетінің бас редакторы
а) М. Сералин б) Е. Абылайханов с) А. Байтұрсынов
Жұмбақтар
1) Жаңалықты жазады,
Көпшілікті тыңдайды. (тілші, журналист, air)
2) Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде. (қалам, ручка, salt)
3) Қабат - қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін. (кітап, книга, iron)
4) Бар ойынды жиямын,
Ақ қағазға құямын. (сия, чернила, song)

Мақал - мәтелдер
1) Кітап -....... қазына. (алтын, золото, water)
2) Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі...... біл. (білім, знание, horse)
3) Оқу - білім бұлағы,
Білім -..... шырағы. (өмір, жизнь, seven)
4)..... - теңіз,
Білім - қайық. (ғылым, знание)

Қорытынды :
• Балалар, сендер модуль бойынша алған білімдеріңді көрсете білдіңдер. Болашақта сендердің араларыңнан ақпарат көздерін пайдалана алатын, әртүрлі байрақты бәсекелерде қазақстандықтардың жетістіктерін мемлекеттік тілде бүкіл әлемге жар сала алатын тілшілері де, жарнаманы мемлекеттік тілде сөйлетер маман да, интернеттің де болашақта қазақ тілінде сөйлейтініне сенеміз деген жақсы тілекпен сабағымызды аяқтайық дегім келеді.

Үйге тапсырма: сүйікті газет - журналы туралы монолог жазу
Бағалау.














Пән: Қазақ тілі Сынып: _________________ Өткізілетін күні:___________________

Сабақтың тақырыбы:  «Ертіс өңірі» газеті.

Сабақтың мақсаттары
Білімділік: Тақырып бойынша әңгіме құрастыру шеберліктерін қалыптастыру. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы білім дағдысын кеңейту, оқушылардың дағды, таным белсенділігін арттыру.
Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, белсенді сөздік қорын пайдаланып,
лексикалық тақырып бойынша сөйлей, сөйлесе алуды үйрету. Теория мен практиканы ұштастыру, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Оқушылардың өз ойын жүйелі айта білуін дағдыларын жетілдіру. Іскерлігін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өз елінің тарихын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу. Өз пікірі, ойы қалыптасқан заманымыздың белсенді азаматтары бола білуге шақыру. Елжандылық пен патриотизмге тәрбиелеу, мамандық таңдауға бағдар беру. Елі үшін туған тұлғалардың өмірін үлгі ету
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ – жауап, толықтыру, қайталау, талдау, баяндау, ой шақыру, сөйлесу, әңгімелеу, тіл дамыту, ойландыру.
Сабақтың көрнекілігі: газет - журналдар , карточкалар, суреттер..
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын: Отбасылық басылымдар, баяндама жазып әкелу. Септіктер-сұрақтары мен жалғауларын жатқа айту.
Ой шақыру:

1. Мерзімдік басылымға не жатады?
2. Өздерің тұратын өңірде қандай жергілікті газет басылып шығады?
3. Оқып тұрасыңдар ма?
4. Сенің сүйікті газетің қандай?
5. Газет бетіндегі сүйікті айдарың қандай?
6. Газетті қай тілде оқисыңдар?
7. Отбасың қандай мерзімдік басылымға жазылды?
3. Сабақ тақырыбын, мақсатын таныстыру


Жаңа сабақ:

Бүгін, біз сабағымызда газет - журналдар туралы білімдерімізді кеңейтіп, қазақ газет - журналдарымен танысамыз.
Радио миллиондаған тыңдаушыны жинайды, теледидар көрген, естігенімізді сезіммен қабылдап, жүректен өткіземіз.
Бірақ газет - журналды оқығанға жететін ештеңе де жоқ. Газет - журналдың адам өмірінде алатын орны зор. Біз газеттен еліміздегі, шетелдердегі оқиғалардан хабардар боламыз.


Тақтамен жұмыс: Ахмет Байтұрсынов айтқан төрт қағида. Тақтаға жазу, дәптерге жазу.
Бірінші: газет - халықтың көзі, құлағы, тілі; екінші: газет - жұртқа қызмет ететін нәрсе; үшінші: газет - халыққа білім таратушы; төртінші: газет - халықтың жоқтаушысы.


Деңгейлік тапсырмалар:
ІІІ деңгей
1. Мәтінді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңдар
2. Мәтін бойынша сұрақтар қойып, жауап беріңдер
ІІ деңгей
1. Мәтіннің мазмұнына байланысты жоспар құрыңдар
2. Жоспар бойынша мазмұнын айтыңдар
І деңгей


Мәтінмен жұмыс: «Ертіс өңірі»
Басылым ұстанымы: рухани байлық, терең білім, әлеуметтік әділдік!

«Ертіс өңірі» газетінің Бас редакторы - Қайрат Сабырбай       


Ақпарат ауқымы: «Ертіс өңірі» газеті 2001 жылдан бері Шығыс Қазақстан аймағымында ақпарат нарығанда өзіндік орны бар қазақ тілінде жарық көретін бірден-бір басылым. Газет ұжымы мемлекеттік саясатының орындалуын үнемі насихаттап, өңіріміздің экономикалық  әрі мәдени тұрғыдағы дамуы жолындағы қадамдарды дер кезінде халыққа жеткізіп отырады.

Ұлт, тіл, имандылық туралы қасиеттер газет материалдарының негізгі өзегі.

Патриоттық тәрбие үнемі басты назарда. «Ертіс өңірі» талғамы зор семейлік жұртшылық аузында нағыз халықтық газет ретінде қалыптасқан.


Билікпен байланысы: Бұл тараптан алғанда «Ертіс өңірі» газеті билік пен бұқара арасында нақты дәнекер болуда. Қала көлеміндегі іс-шаралардың, өңірімізде жүзеге асқан облыстық, республикалық бағдарламалардың оқырманға толыққанды сипатта, фотокөріністермен мейлінше қамтып берілуі – газетіміздің мүмкіндігін паш етпек.

 

Басылым жетістігі: Газетіміздің жетістіктері де мол. 2009 жылғы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының «Үздік басылым» номинациясының жеңімпазы. 2010 жылы облыс әкімі сыйлығының лауреаты атанды. Сондай-ақ, басқа да түрлі деңгейдегі диплом, грамоталармен марапатталған. Бұл үкіметіміздің берген әділ бағасы, әрі артқан үміті деп санаймыз. 

Сайып келгенде, мемлекетіміздің өркендеуі, тәуелсіздігіміздің баяндылығына қатысты өзектi тақырыптарды әрдайым «Ертiс өңiрi» газетiнің назарында бола бермек. 

Таралымы: 6300 дана. Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандарына тарайды


Жұмбақтар
1) Жаңалықты жазады,
Көпшілікті тыңдайды. (тілші, журналист, air)
2) Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде. (қалам, ручка, salt)
3) Қабат - қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін. (кітап, книга, iron)
4) Бар ойынды жиямын,
Ақ қағазға құямын. (сия, чернила, song)


Мақал - мәтелдер
1) Кітап -....... қазына. (алтын, золото, water)
2) Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі...... біл. (білім, знание, horse)
3) Оқу - білім бұлағы,
Білім -..... шырағы. (өмір, жизнь, seven)
4)..... - теңіз,
Білім - қайық. (ғылым, знание)


Карточкамен жұмыс: Карточкада берілген сөздерді септеңдер.

Мысалы: Қуаныш, аспаз, оқушы, ойыншық.


Қорытынды : Сұрақ –жауап:
- Қандай қазақ газеттерін білесің?
- Қандай мектепішілік шараларға газет шығардың?
- Менің сіздерге сұрағым мынадай?

- Сен қандай қазақша газет журналдар оқисың?



• Балалар, сендер модуль бойынша алған білімдеріңді көрсете білдіңдер. Болашақта сендердің араларыңнан ақпарат көздерін пайдалана алатын, әртүрлі байрақты бәсекелерде қазақстандықтардың жетістіктерін мемлекеттік тілде бүкіл әлемге жар сала алатын тілшілері де, жарнаманы мемлекеттік тілде сөйлетер маман да, интернеттің де болашақта қазақ тілінде сөйлейтініне сенеміз деген жақсы тілекпен сабағымызды аяқтайық дегім келеді.

Үйге тапсырма: Е

Бағалау.















Пән: Қазақ тілі Сынып: _________________ Өткізілетін күні:___________________

Сабақтың тақырыбы:  Ұйқының пайдасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Тақырып бойынша  мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді  меңгерту арқылы сөздік қорларын, 

тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік:  Тазалыққа,  ұқыптылыққа  баулу.

Сабақтың түрі: аралас   сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте.

Пәнаралық байланыс:  Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

 Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:       

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу  себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

А) «Денсаулық» мәтінінің мазмұнын сұрау;

Ә) аударма диктант: драгоценный,  даже,  обращать внимание,  запас,  здоровый образ жизни, формировать,  заниматься, вредные  привычки

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1.  Кіріспе сөз

2.   Айтылым- жазылым.Жаңа сөздермен танысу:

Әдеттену- привыкать

Тынығады- отдыхает

Ынтасы артады-  появляется  желание

Аурулардан- от болезней

 Ересек- взрослый

Желдеткіш- форточка

3. Оқылым - «Ұйқының пайдасы» мәтінімен танысу

IV. Жаңа сабақты бекіту:  Деңгейлік тапсырмаларды орындау

ІІІ деңгей

 1.Сұраулық  шылауларды  қатыстырып, мәтінге  сұрақ құраңдар.

Үлгі: Ұйқы денсаулықты жақсарта ма?

2. Мәтіннен  сан есімдерді теріп,  топтау сан есім жасаңдар.

Үлгі: төрт-  төрттен

ІІ деңгей

1.Тірек сызба  бойынша  мәтіннің  мазмұнын  әңгімелеңдер.

[pic]

  1. Төменде  берілген  сұраққа  жазбаша  жауап беріңдер.

Ұйықтаған кезде  адам  өзін  қалай сезінеді?

Ұйықтау  ережелерін  неге білу керек?

І деңгей

 Өздеріңнің  денсаулықты  сақтауға  қатысты  ойларыңды  баяндау  мәтіні  түрінде  жазыңдар.

 

V. Сабақты қорыту:  Берілген  тірек  сөздер бойынша  мәтін  құрап айту.

 

 Денсаулық, жақсы болу үшін,  салауатты  өмір салты,  қалыптастыру,  дене тәрбиесі,  дұрыс тамақтану,  тазалық  шаралараны  сақтау.

 

 

 

VI. Үй тапсырмасын беру:  184- бет 2- тапсырма  мәтінді әңгімелеу

 

 

VII. Бағалау. Шағын әңгіме жазу.















Пән: Қазақ тілі Сынып: _________________ Өткізілетін күні:___________________


Сабақтың тақырыбы:  Тісті күту.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Тақырып бойынша  мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді  меңгерту арқылы сөздік қорларын, 

тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік:  Тазалыққа,  ұқыптылыққа  баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі   сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

 Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:       

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу  себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау. 184-бет  2- тапсырма  мәтіннің  мазмұнын сұрау

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1.  Кіріспе сөз

2. Төменде берілген  сұрақтарға  жауап беру:

- Қос сөз деген не?

- Қос сөздердің қандай түрлері бар?

3. Мәтінмен танысу. Оқылым

«Тісті күту»

  Әдемі- тіс- адам көркі. Тісі жоқ  адам  дұрыстап  шайнай  алмайды.Тамақты  әбден шайнап жұту  қажет,  әйтпесе  адамның асқазаны  ауырады. Тісті  үнемі  тазалап, күту  керек. Тісті  жақсы  күтпесе,  бұзылады. Сондықтан  тісті 3-4  жастан  бастап- ақ күткен дұрыс. Тісті щеткамен , тіс пастасымен  тазартқан жөн. Тазартқан соң,  ауызды  бірнеше рет  таза сумен шаю керек.  Тісті тазарту  үшін  қылы жұмсақ щетканы  пайдаланған жөн. Ал сен  тісіңді  тазалайсың ба?  Қалай тазалайсың?



IV. Жаңа сабақты бекіту:  Жазылым- 2- тапсырмадағы сөз тіркестерді пайдалан отырып, сөйлемдер құрап жазу.

Бара – бара, айта- айта, киім- кешек, таза , ғана, тек, екеуден, денсаулықты сақтауға.

 

V. Сабақты қорыту:  Сен сағт нешеде тұрасың?

Беті- қолыңды немен  жуасың?

Тісіңді немен  тазартасың?

Сен таңертең қайда барасың?


VI. Үй тапсырмасын беру:  Тақырып аясында әңгімелеу

 

 

VII. Бағалау.


















Пән: Қазақ тілі Сынып: _________________ Өткізілетін күні:___________________

Сабақтың тақырыбы:  Таза ауа. Адамға пайдалы заттар.

Білімділік: Оқушылармен «Денсаулық сақтау» деген модульді жалғастыра отыра,  «Адамға пайдалы заттар» тақырыбына байланысты мәлімет беру, ерекшеліктерін ұғындыру.  Тақырыптың   маңызын  ашып, түсіндіру. Грамматикалық тақырыптарды жаттығу арқылы бекіту. 

Тәрбиелік:  Оқушыларды салауатты өмір салтын жүргізуге тәрбиелеу.. 

Дамытушылық: Тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін, шығармашылығын дамыту, ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру, жазба тілінің деңгейін көтеру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

 Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:       

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу  себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау. 

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1.  Кіріспе сөз

-Балалар өткен тоқсанда біз сендермен «Денсаулық сақтау» модулін бастадық. Денсаулықты сақтау үшін не істеу керек, есімізге түсірейікші?

1)Тиімді, жақсы тамақтану; 2) Спортпен айналысу; 3) Таза ауада серуендеу; 4) Көбірек дәрумендерге бай тамақты жеу. 

            -Балалар, бүгін біздің тақырыбымыз «Адамға пайдалы заттар». деген тақырыппен танысамыз. Сабақта мәтінмен танысып, тақырыпты меңгереміз. Жеке, жұптық және топтық жұмыстар арқылы тапсырмалар және зерттеу жұмысын жасап, грамматиканы еске аламыз. Сонымен қатар дәрумендер бізге не үшін керек, оларды қандай тамақтан алуға болады, соны анықтаймыз.

Жаңа сөздерді меңгерту. 

Әсіресе- в основном

Дәрумендер- витамины

Көмірсутегі- углеводы

Ақуыз - белок

Қабық- кожура

Ағза- организм

Пайдалы- полезные

Сөздермен жұмыс: оқу, сөз тіркестер құрастыру, жазып алу.

Мәтінмен жұмыс. Мұғалім оқып, оқушылар тізбектеп оқиды. Аударма жұмысын жасау.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей: 

Мәтіннен минералды теріп жазу.

ІІ деңгей:

1.Мәтінге 3-4 сұрақ құрастырып, айтады.

І деңгей: 

1..Мәтіннің мазмұнын айтады.

Ой шақыру: 

Сөйлемдердің дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңдар.

Дәрумендер негізінен  алманың қабығы мен қабықтың астындағы жұмсақ етінде болады. (дұрыс)

Алманың минералдық құрамы бай емес. (бұрыс)

Алмада көмірсүтек жоқ, ал ақуыз бар. (бұрыс)

Балық фосфорға бай. (дұрыс)

Адамның ағзасы дәрумендерді қаже етеді. (дұрыс)

Алманың ішіндегі  фруктоза, глюкоза  және сахарозаның пайызы көмірсүтектен көп. (бұрыс)

  –Ал, балалар, бізде қандай дәрумендер бар?

А, В, С, Д, Е

-Енді осы кестеге қарайықшы. Осы кестені толықтырайықшы.

Дәрумен аты Кездесетін жері

А Бауырда, сүтте, жұмыртқада, қызыл, сары жемістерде

В Күріште, ашытқыда, бидай, картоп, бауырда, сүтте, етте, жұмыртқа, салаттарда.

С Сүтте, көкөністерде, жемістерде, бүйректе.

Д Балық майы, бауыр, бүйрек, жұмыртқа сарысы, сүт, сары майда кездеседі.

Е Жұмыртқада, көкөніс, астық дәндерде, сүтте, өсімдік майында.

Енді осы кестегі сөздерді септіктерін анықтаңдар.

 –Енді балалар, маған осы тақырыпты бекіту мақсатында сендердің ойларыңызша  адамға  пайдалы және пайдасыз тамақтың тізімін жасаңдар. 

 

 

 

-Біз дәрігерге барғанда, ол не істеді? Бізді қарайды , ауруымыз туралы түрлі сұрақ қояды. Енді сол сұрақта кездесетін жаңа сөздерімізбен танысы, білетіндеріміз  қаталап шығамыз.

Керекті сөздермен таныстыру.

Қызуым көтерілді- поднялась температура

 Сездіңіз- почувствовали

 кешеден бері-  совчерашнего дня

 соңғы кезде – в последнее время

нашарлап жүр- ухудшается

 еркін демалыңыз- дышите свободно

 басқан кезде- когда нажимаю

 қауіпті ештеңе жоқ- нет ничего опасного

Сөздермен жұмыс: оқу, сөз тіркестер құрастыру, жазып алу.

Диалогпен жұмыс. Мұғалім оқып, оқушылар тізбектеп оқиды. Аударма жұмысын жасау.

-Кіруге бола ма

-Кіріңіз.Отырыңыз.

-Қай жеріңіз ауырады?

-Қызуым көтеріліп тұр.

-Ауырғаныңызды қашан сездіңіз?

-Кешеден бері.

-Тіліңізді көрсетіңіз.

-Жиі ауырасыз ба?

-Соңғы кезде денсаулығым нашарлап жүр.

-Шешініңіз. Еркін демалыңыз. Мына жеріңізді басқан кезде ауыра ма?

-Жоқ. Ауырмайды.

-Қауіпті ештеңе жоқ. Сізге кішкене салқын тиіп қалыпты. Мен дәрілерді жазып берейін, бір таблеткадан күніне үш рет тамақ алдында ішіңіз. Емделіңіз. 

-Рақмет. Сау болыңыз.

Қорытындылау: «Кім жылдам?» ойыны ретінде тәуелдеуді мен жіктеуді  қайталау.

Жіктеу:

1 топ:   емханаға бару                2 топ: дәрі қабылдау

 

Тәуелдеу:

1 топ:дәрігер                              2 топ: дәрі

6.Емханаға сырқатыңа байланысты кімге баратының туралы сөйлемді толықтырыңдар.

Жүрегің ауырса, .... кардиологқа   көрін.

Тісің ауырса, .... тіс дәрігеріне бару керек.

Тұмауың болса, .... терапевтке бару керек.

Көзің ауырса,   ......окулистке   бар.

Құлағың ауырса, ..........  лорға  бару керек.

Дәрі керек болса, ..... дәріханаға бар.

Емделсең, ..... тез жазыласың.

Жазылсаң, ...  жұмысқа шығасың шығасың, сабаққа барасың.

 

Үйге тапсырма: Тақырып бойынша реферат дайындау.

Оқушылардың білімдерін бағалау.


















Пән: Қазақ тілі Сынып: _________________ Өткізілетін күні:___________________

Сабақтың тақырыбы:  Интернеттің пайдасы мен зияны.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;
Дамытушылық: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі:тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
Жаңа сабақ: Мұғалімнің сөзі:

Біздің ұстанып отырған позициямыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте зор. Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі .
Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5 млрд адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.
Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына,адам психологиясына да әсер етеді.Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.
Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады.Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы.Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап,уақытын тиімсіз өткізудің зардабы..
Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды
қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;

Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;
- Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
- Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
- Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
- Қаржылық операциялар жасауға;
- «Maіl.Ru Агент», «Facebook», «Skype» т.б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп-біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес... (материалдарды және моральді жағынан болсын).
Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ,әрине алға баспаймыз. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп.Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін.Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор
Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады. Ал егер теріс бағытқа, пайдакүнемдікке, қарау ойлы мақсатқа, т.с.с. жасөспірімдерді аздыруға қолдансаң, оның жайы бір басқа. Яғни терроршылдық, экстремистік, дінбұзарлық, қоғамға жат сананы насихаттау секілді әрекеттер үшін Интернетке цензура енгізу қажет-ау деп ойлайсың... Бірақ ең демократияның орнаған саласы - осы ғаламтор екенін Интернетті қолданушылар жақсы түсінеді. Өйткені, мұнда қандай ой, пікір айтсаң да, қалай айтсаң да, тек өзіңе, адамгершілік арыңа сын.
Ендігі бір мәселе - Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып, Интернетті қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуелділік сияқты нышанды байқатады. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді.. Осындай келеңсіз, жаныңды түршіктіретін ақпараттар интернетте орын алып жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Демек, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние
Интернет - тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді.. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші.



Дәптермен жұмыс: Конспект бойынша, мәтін құрастырып жазу.


Жұппен жұмыс: Диалог: Мәтін бойынша диалог құрастыру:


Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей: 

Мәтіннен минералды теріп жазу.

ІІ деңгей:

1.Мәтінге 3-4 сұрақ құрастырып, айтады.

І деңгей: 

1..Мәтіннің мазмұнын айтады.



Қорытынды: Ой шақыру: Әр оқушы интернеттің пайдасы мен зияны туралы өз ойларын айтады.

Үйге тапсырма: Мәтінді мазмұндау.

Бағалау: