Мектепшілік Абай оқулары байқауы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің 9,10,11 сыныптары арасында «Абай оқулары» атты мектепшілік байқауының сценариі


Мақсаты: Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, дана ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту.

1-жүргізуші: Өнердің түрі көп. Бейнелеу өнері, кино өнері, театр өнері, сурет өнері, сәулет өнері, мүсін өнері, т.б. өнерлердің ішіндегі ең құдіреттісі ол – сөз өнері. 

2-жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Бүгінгі кешіміз талантты ақынымыз Абай Құнанбайұлына арналады.

1-жүргізуші: Жылуы мол жібітердей тоң-тасты,
Жылдар легі жылжып алға жалғасшы.
Жақсылық пен жақсы үміттің ғасыры,
Жылың мынау барады өтіп алғашқы.

2- жүргізуші: Жүректердің жарқылдағай жасыны,
Тыныш өмір-адамзатқа асылы.
Ел тілегі: адал еңбек, маңдай тер,
Ей ғасырым, бол білімнің ғасыры! 

1-жүргізуші:
Озық ойлы Абайтанушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Абай Құнанбайұлының артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қайнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Асыл сөздері келешек заманымызда да гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ.

2-жүргізуші: «Абай оқулары» байқауын
а қош келдіңіздер.

1-жүргізуші: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе,» - деп Сұлтанмахмұт ағамыз айтқандай, сайысымыздың басты ек
і номинациясымен таныстырып өтейік.
Бірінші номинация: «Білімдіден шыққан сөз» Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін, поэмаларын өз таңдауы бойынша мәнерлеп жатқа айту.
Екінші номинация: «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» Абайдың әндерін орындау.

2- жүргізуші: Енді осы байқауға сайыскерлеріміздің оқу мәнерін, әнді орындау сазы мен сахналық шеберлігін, дарындылығын бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Айдосова Клара Ідірісқызы
2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ҚР Журналистер одағының мүшесі: Беркімбай Рәтбек Қасымбекұлы
3. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:Сариева Гүлнұр Жақсылыққызы

2-жүргізуші: Жарыстар өтсін алуан,
Сынасын күшін барлық жан.
Жүлдесін алып шаттансын,
Білімді мықты әрбір жан.

1- жүргізуші: Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы-дей келе 
«Білімдіден шыққан сөз» атты номинациясы бойынша Абай
дың қара сөздерін, өлеңдерін, поэмаларын өз таңдауы бойынша мәнерлеп жатқа айту.

Ендеше бірінші болып сахнада:
1) 9
ә -Жұмақан Ұлболсын

2) 9б - Турткулбаева Айдана

3) 10а - Дәрментаева Арай

4) 10а - Жанболатова Үміт

5) 10а - Орынбасарова Ажар

6) 10а - Жанқуат Айзат

7) 11ә - Мусаева Айсара
Кезекті қазылар алқасына берейік бірінші бөлімнің ұпай сандары.

2- жүргізуші: Әлем танып, таңданды, ұлы Абайға,
Нұрын шашты, сөз зергері маңайға.
Жылдар көші лек-легімен өтсе де,
Құрмет тұтып, іліп қойдық маңдайға.
Абай салған ән қосып жырға екпінін,
Солар менің жырымда жүрмек бүгін
– дей келе келесі бөліміміз
«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты номинациясы бойынша
Абайдың әндерін орындау.
Ортаға:
1) 9ә -Жұмақан Ұлболсын

2) 9б - Турткулбаева Айдана

3) 10а - Дәрментаева Арай

4) 10а - Жанболатова Үміт

5) 10а - Орынбасарова Ажар

6) 10а - Жанқуат Айзат

7) 11ә - Мусаева Айсара


Қазылар алқасынан екінші бөлімнің ұпай сандарын білейік.
Қазылар алқасының қорытынды ұпай сандары дайын болғанша оқушылардың өнерін тамашалайық.

Би: «Қарлығаш» орындайтын Орысбекова Айда

2- жүргізуші:
Марапаттау үшін сөз директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдосова Клара Ідірісқызына беріледі.


1-жүргізуші:
Абай бізбен мәңгі бірге, өйткені Абай шығармалары ұлттық өнерді дамытудың жаңа бағыты ретінде қызмет атқарып келеді.
XXІғ. қазақ әдебиеті Абай дәстүрін жалғастыра отырып өсті, жетілді. Абай ұлтымыздың туы.Абай адам өмірін мағыналы етуді, ақылға, еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды , адамгершілікті сақтауды, жастарға өсиет етті.

2- жүргізуші:
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Біздің міндетіміз бәсекелістікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», - деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша ойлау, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады.

1-жүргізуші: Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол терңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білімге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық.
Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

[link]