Урок Етістіктің рай түрлері қайталау

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...






Ашық сабақ

Тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау








Өткізген: Куспанов Е.С.















Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау.

Сабақтың мақсаты : Оқушыларға етістіктен өткендерін қайталату

Міндеттері:

Білімділік Оқушылардың етістіктің райларынан алған білімдерін нығайту,бір жүйеге келтіріп қорыту.

Тәрбиелік Ана тілін сүюге, қадірлеуге тарбиелеу.

Дамытушылық Оқушылардың тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту.

Сабақтың типі қайталау

Әдіс-тәсілдер. Сұрақ-жауап, жаттығу, көрнекілік,СТО.

Көрнекіліктер интерактивті тақта,кеспе қағаз,плакаттар.

Пәнаралық байланыс Әдебиет.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру бөлімі а)оқушылармен амандасу

б)сабақ қатысымын тексеру.

Шаттық шеңбер (бүгінгі сабақта тілеймін)

ІІ.Қайталау етістіктің райлары .

Қызығушылығын ояту. Сандар сөйлейді (1.......................10).

Топтастыру әдісі.

Зымыран сұрақтар .

1.Қазақ тілінде етістіктің неше түрі бар?

2.Ашық рай дегеніміз?

3.Бұйрық райдың 2 ші жақ сыпайы түрінің жалғауы.

4.Шартты рай дегеніміз не?

5.Шартты райдың жұрнақтары.

6.Бұйрық рай дегеніміз не?

7. Қалау рай дегеніміз не?

8.-ғы,-гі-,қы,-кі+кел қай райдың жұрнағы.

9.Үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауы қай райдың түрі.

10.Етістіктің райлары дегеніміз не?

«Келісемін келіспеймін »

1.Рай деген сөз «беталыс, бағыт,жөн» деген сөздерге синонимдес.(келісемін).

2.Етістіктің 3 рай түрі бар (келіспеймін).

3Ашық рай іс-әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің рай түрі(келіспеймін).

4.Бұйрық райдың 2ші жақ сыпайы түрі етістік түбіріне –ңыз,-ңіз,-ыңыз,-іңіз жалғауы жалғануы арқылы жасалады.(келісемін).

5. Шартты рай –са, -се жұрнақтары арқылы жасалмайды.(келіспеймін).

6.Қалау рай іс-әрекетті қалауын,соған ынтасын,ниетін білдіреді (келісемін).

7.Рай түрлері сөз табының етістік түрінде қарастырылмайды (келіспеймін).

8.-ғы,гі,-қы,-кі+кел жұрнақтарымен қалау рай жасалады.(келісемін)

Оқулықпен жұмыс .



162-жаттығу.

Етістіктерді теріп жазып, шақ түрлерін анықтандар.

Болатын, көрінеді,бекінген,пайдаланды,бақылап,отыратын,болды, бермеді, қойдық,басып,келеміз,гүрсілдетіп,бастады,жаңғырып,жатты,өттік,ашылыпты,бораттық.

Сергіту сәті (3мин)

Шығармашылық жұмыс

1 топ «Бақытты болу деген не?» ой толғау.

2 топ Етістік райлары қатысқан мақал-мәтелдер нақыл сөздер жаз.

163-жаттығу .

Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

1 топ Бұйрық райды табыңдар.

2 топ Қалау райлы етістіктерді табыңыздар.

Поэзия минуты.

Берілген өлең шумақтарының авторын тауып,рай түрлерін ажыратыңыздар.

І топ Ж.Жабаев. Атаның әлдиі.

Ермек болып отырсаң,

Мен бір әнге салайын

Көңілімді шат қылсаң,

Көтеріліп қалайын.

ІІ топ А.Құнанбаев.Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа.

Жаманға «жар» деген-ақ ән көрінер,

Жақсы ән білсе айтуға кім ерінер?

Жарамды әнді тыңдасаң,жаның еріп,

Жабырқаған көңілің көтерілер.

ІІІ.Бекіту. «Бетпе-бет» студиясы (екі топ бір-біріне сұрақ қояды).


ІҮ.Үйге тапсырма 164-жаттығу.


Ү.Бағалау.