Ж. Аймауытов Ақбілек романы. 11-сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сыныбы: 11-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романын талдау

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. Романды өмірмен байланыстыра отырып мазмұнын ашу, ауызша және жазбаша сыни тұрғыда талдау.

2. Дамытушылық. Оқушының өз бетінше салыстыра білу, зерттеу, қорытынды, тұжырым жасаудағы машығын дамыту. Ой-өрісін, сөздік қорын, ойлау қабілетін арттыру.

3. Тәрбиелік. Кішігірім топтарда жұмыс жасай отырып, қорытынды жасау, басқалардың көзқарасын сыйлауға үйрету. Жаман қасиеттерден жиреніп, адами қасиеттерді бойына сіңіре білуге баулу.

Сабақтың типі: Пысықтау сабағы

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, тақырыпқа арналған слайд, бейнекөріністер.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

           а) Оқушылармен сәлемдесу.

           ә) Сынып оқушыларының сабаққа қатысын тексеру.

б) Абайдың нақыл сөздерін оқу арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.

Қорғансыздар тақырыбында бейнебаян көрсету арқылы оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын топтарға тақырып беру арқылы сұрау.

1 топ. Зерттеушілер: “Ақбілек” – тарихи роман

Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романының жазылу тарихы, романдағы тарихи оқиғалар.

2 топ. Сыншылар: «Ақбілек» бір қыздың тағдыры негізінде әлеуметтік революциялар дәуіріндегі ахуалдың жаңаруын суреттейтін алғашқы қазақ романының бірі.

(С. Қирабаев)

Әдебиеттанушылардың «Ақбілек» романына айтқан сын пікірлері, сол пікірлер бойынша өз ойларын жеткізу.

3 топ. Жүсіпбектанушылар:

Аймауытовты оқығанда еріксіз таң қаласың, әсіресе сөз кестесі, айшықты, әшекей тілі оқушының өзін бірден баурап, үйіріп әкетеді.

(Г. Бельгер) 

«Ақбілек» романының идеялық, көркемдік ерекшеліктері. Жазушының стильдік ерекшелігіне тоқталу.

Аталған тақырыптар бойынша топ болып тақтаға шығып, өз нәтижелерін қорғайды. (10 минут)

ІІІ. Романдағы кейіпкерлер бейнесі. «Ақбілек» романынан адам мінездерінің энциклопедиясын көруге болады. (Р. Тоқтаров)

Экраннан кейіпкерлердің портреті жасырылады. Портретті оқи отырып, қай кейіпкер екенін анықтайды.

Топтарға шығарма кейіпкерлерінің бейнесін талдау ұсынылады. Топтық жұмыс. Ақбілек - құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы.Ақбілек содырлардың ортасына түсіп, қарамұртқа ермек болды.Соған қарамастан өмірге деген құштарлық сезімінен айырмады.

Бекболат - қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігіт. Жасы жиырма жетіде. Басында барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстінде орысшалау пенжек, шалбар. Сұр шапан, сар сафиянға қара ала жапқан күміс белбеу, аяғында көнелеу қисық табаны бар. Белбеуіндегі жарғақ далбағайы, шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігі, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттегі- оның өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болады.

Мұқаш - таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігіт. Жасы 35-те. Болыстыққа сайланбай қалған.

Офицер- романның басты тұлғасын жәбірлеп, арын аяққа таптаған жиіркенішті жан ғана емес, империялық саясаттың ғасырлар бойы халқымызды билеп, басып-жаншып келген көрінісі ретінде де есте қалады.

Ұрқия - Ақбілектің жанашыр жеңгесі. Ақбілектің қалаға келіп, көзін ашуына бірден бір себепкер. Сонымен бірге баласы Ескендірді өсіруіне де көп көмектеседі.

Балташ - Ақбілектің жанын түсінген жігіт. Ақбілектің басынан өткен тағдырға қарамай, оған ғашық болады. Балташтың бұл қасиетін бағалап, Ақбілек оған күйеуге шығады.

1 топ. Шығармадағы жағымды деп таныған кейіпкерлеріңіз кімдер? Не себепті осы образға жатқыздыңыздар? Оның қандай іс-әрекеті арқылы көз жеткіземіз?

2 топ. Шығармадағы жағымды деп таныған кейіпкерлеріңіз кімдер? Не себепті осы образға жатқыздыңыздар? Оның қандай іс-әрекеті арқылы көз жеткіземіз?

3 топ. Ақбілек образы туралы не айтасыздар? Шығармада қаншалықты ашылған кейіпкер? Ақбілекті Жамал бейнесімен салыстырыңыздар.

ІV. Топтар «2 тілек, 1 ұсыныс» тәсілі бойынша бірін-бірі бағалайды.

Сабақ саында ұсынылған бағалау парақтары мен «Менің сабақтан алған әсерім» кестелерін толтырады.

Жаңа сабақты сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытып, бекіту.

V.Үйге тапсырма беру: Ж. Аймауытовтың драматургиясы

VI. Оқушылардың білімдерін бағалау. Бағаларын күнделіктеріне, журналға қою. Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды мадақтау.