Синонимдердің мағыналық айырмашылығын ажырату. 5-сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ жоспары

Синонимдердің мағыналық айырмашылығын ажыратудың жолдары.

Мектеп: «№7 мектеп-гимназиясы» КММ

Күні: 24.10.2016

Оқытушының аты-жөні: Жузтаева Н.А.

СЫНЫП: 5 «А», «Б», «В», «Г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Синонимдер туралы түсінік беріп, жаңа тақырыпты мысалдар арқылы меңгерту. Лексикалық талдау жасата отырып, сөздердің мағыналарын таныту.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:

Омонимдер мен синонимдерді салыстыра отырып, жұмыс жасай алады

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Лексикалық талдау жасауды меңгере алады

Кейбір оқушылар істей алады:

Мағынасы қиын сөздермен жұмыс жасай алады.

Тілдік мақсат

Семасиология, сөздердің мағыналық тобы, омоним, синоним, антоним

Алдыңғы білім

Синонимдік қатар, сөздердің мағыналық, реңктік ерекшеліктері

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

5 минут

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Сергіту сәті

«Көңілді күн» әніне билеу


Ортасы

10 минут

































8 минут

















8 минут












6 минут



5 минут











2 минут

Үй жұмысын тексеру. Фонетикалық талдау

1-тапсырма. Ауызша тест сұрақтары (талдай отыра)

1. Синоним дегеніміз –
А) Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздер
В) Мағыналары қарама - қарсы сөздер
С) Жазылуы әр түрлі, мағыналары бір - біріне жуық сөздер
2. «Даңқ» сөзінің синонимін тап.
А) Мықты
В) Атақ
С) Дәулет
3. «Қадірлі, құрметті, қадірменді» синонимдік қатары қай сөз табына
жатады?
А) Сын есім
В) Зат есім
С) Үстеу
4. «Адам» сөзінің синонимін тап.
А) Шәкірт
В) Дос
С) Кісі
5. Синонимдік қатардың дұрысын тап.
А) Күлу, сықылықтау, жылау
В) Зат, мүлік, нәрсе, бұйым
С) Көне, жаңа, ескі


Қазақ тілінің синонимдер сөздігін пайдаланып, әр синонимдер сыңарларын бір вагон деп есептеп, синоним қатарларынан пойыз жасаңдар. Содан кейін сол пойызда неше вагон болғанын айтыңдар.

1 - қатарға «Туысқан» сөзі /Туыс, тума, ағайын, туған - туыс, жекжат - жұрағат, жамағайын/

2 - қатарға «Данышпан» сөзі /Ұлы, дана, ғұлама, ойшыл, білімдар, оқымысты, данагөй/

3 - қатарға «Азайту» сөзі /Алу, кеміту, шегеру, қысқарту/

2-тапсырма. 81 - жаттығу. Төмендегі сөздер мен тұрақты тіркестердің синонимдерін тауып жазыңдар.

Өзің қалаған 3 сөзді немесе тұрақты тіркесті қатыстырып сөйлем құраңдар.

Синоним сөздердің мағыналық ұқсастығы мен айырмашылығын ауызша айтыңдар.

1. Әсем, берік, айғайлау, үлкен, егде.

2. Көзді ашып - жұмғанша, ит өлген жер, ағаштан түйін түйген, су жүрек, жұмыртқадан жүн қырыққан.

Сергіту сәті. Ерте, ерте, ертеде Лексика деген ауыл болыпты. Сол ауылда Синоним деген бай болыпты, Оның балалары өте көп екен. Бай отбасымен өте тату - тәтті өмір сүріпті. Олардың татулығы сондай, тіпті балаларының барлығы бір үйде тұрыпты. Олай болса сертіту сәтін «Тату сөздер» деп атап, сол байдың 5 ұлына және 5 қызына мағынасы ұқсас сөздерден ат қояйық. (Күшті, Мықты, Қайратты, Қажырлы, Әлді, Сұлу, Әдемі, Әсем, Көркем, Ару)

3-тапсырма. А. Байтұрсыновтың өлең шумақтарынан үзінді беріліп, ондағы синоним бола алатын сөздерді табу жұмысы орындалады.

Талапты жастың бірі – сен бір балам,

Келіпсің дәмің айдап Қаратайдан.

Қаңбақтай жел аударған ажырапсың,

Ел - жұрттан, туысқаннан кейін қалған.


Талапты – ізденімпаз, ынталы, талапшыл;

Ажырау – айырылу, бөліну;

Ел - жұрт – жұртшылық, көпшілік;

Туысқан – туыс, ағайын, тума, туыстас.

4-тапсырма. «Бәйшешек сұрақтар» (әр топ тақтада тұрған гүлдерден сөздер үзіп алып, ол сөздің синонимдерін жазып, сол синонимдерді бір сөйлем ішіне кірістіріп жазады.)

5-тапсырма. Сөйлеу шарасы: «Салфетка». Төмендегі 4 жақты қағазға синоимдердің жасалу жолдарын мысалдармен түсіндіреді.

[pic]


Үй жұмысы: 80- жаттығу. Синоним сөздермен жұмыс











































Соңы

3 минут

  • Не білдім?

  • Не түсініксіз?

  • Нені білгім келеді?