Сабақтың тақырыбы: Диктант
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың өтілген материалдар бойынша білімдерін пысықтап, жалпы сауаттылықтарын дамыту.
Табиғат құбылысы туралы қысқаша тоқталып, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: диктант.
Сабақтың әдісі: тыңдау, таза жазу
Сабақтың көрнекілігі: қалам,
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту.
Жаңа сабақ:
Табиғат құбылысы.
Қыс бойы жерде жатып, әбден кірленген сұр қар көктемге қарай ериді. Ауланың маңы лайсаңға айналады. Оның үстіне, дәл осы кезде ауа райы да құбылмалы, бұзылғыш келеді. Ауық-ауық соқыр тұман басып, біресе нөсерлеп дегендей, жаңбыр да жиі-жиі жауады. Кейде тіпті арты қарға айналып барып ашылады.
Содан соң күн жылынып, жер бусанады. Ауада майда сағым пайда болады. Ағаштар бөртіп, бүр шығарады. Жер бетіне көк қылтияды. Жан-жануарлардың арқасы кеңіп, жәндіктерге жан бітіп, құрт-құмырсқа қыбырлай бастайды.
Көктемнің осы сәтіне адамдар да, жан-жануарлар да сағынып жететін сияқты. Әйтеуір балалардың жыл құсын сағына күтетіні анық. Қар кетер-кетпестен жыл құстары қайтып оралып, ұя салады. Ең алдымен, қараторғай жетеді. Содан соң қарлығаштар, қаңқылдап қаздар, тыраулап тырналар, бозторғайлар ұшып келеді.
Сабақты бекіту.
Берілген мәтіннен етістік шақтарды тауып белгілеңдер.
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы:
Ереже қайталау.