Презентация по казахскому языку на тему Қазақ тілі -қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тілі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі -қазақ халхының әдеби тілі және

мемлекеттік тіл

Сабақтың мақсаты.

білімділік – тіл білімі туралы түсініктерін қалыптастыру ,оның салаларын үйрету, қазақ тілінің мәртебесі туралы түсінік беру;

дамытушылық – оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

тәрбиелік – ұқыптылыққа, шапшаңдыққа,көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер , плакаттар,үлестірмелі қағаздар,слайдтар.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топтастыру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

а) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгелдеу.Оқу құралдарын тексеру және сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау;

Үйге берілген тапсырманы тексеремін . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру;

Қазақ тілі- қазақ халхы үшін әдебиет,мәдениет, ғылым мен білім тілі, оқу-ағарту тілі, түрлі іс-қағаздарының тілі.

1989 жылы қазан айында республиканың Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстанның Тіл туралы заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.

Қазақ тілі -өте бай әрі көркем тілдердің бірі.










Жаттығумен жұмыс: 1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, қазақ тілін неліктен баба тілі дейтінін жазбаша түсіндіріңдер.

Топпен жұмыс: Алдыңғы сыныпта оқыған материалдарыңды еске түсіріп ,ана тілінің қадір қасиеті жайында ауызша әңгімелеңдер.

Білімді бекіту: Өтілген тақырып бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебе алды?

  2. Әдеби тіл нешеге бөлінеді?

  3. Әдеби тілдің неше нормасы бар?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына,ынтасына қарай білімдері бағаланады

Үйге тапсырма: 3-жаттығуды жазып, тырнақшаға алынып жазылған сөздердің мәнін біліп алыңдар..

.