Өзін – өзі тану сабағының жоспары
Мектеп
Мерзімі:
№23-24 сабақтар
Тақырып: Іңкәр көңіл, нәзік сезім
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: махаббат, сүйіспеншілік, мейірімділік.
Мұғалім: Сынып – 10 сынып Оқушылар саны -
Сабақтың мақсаты: Білімділік: махаббаттың жалпыадамзаттық құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
адамның ең жоғары нәзік, қастерлі сезімі ретінде махаббаттың тұлғалық мәнін ұғындыру;
ұнату, алғашқы махаббат сезімдерін ажырата алу дағдыларын дамыту;
сүйіспеншілік сезім мәдениетіне тәрбиелеу.
Ресурстар: (белсенді тақта, кітап, дәптер, слайд, ғаламтор желісінен жаңа ақпараттар)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.
Жайлы баяу музыка қойылады.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге ұоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Үй тапсырмасын тексеру.
Абайдың “Көзімнің қарасы” өлеңін талдау.
Дәйексөз.
Адамшылдықтың алды – махаббат, ғаделет сезімі.
Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді.
Әңгімелеу.
Махаббат және адам тағдыры
Адамдардың бойындағы жақсы сезімдер де, жаман сезімдер де, әркімнің мінез-құлықтарымен астасып жатады. Тіпті, адамдардың тағдыры - сүйегіне біткен мінездері – десек асырып айтқанымыз емес. Міне, үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі туа бітіп, жүре қалыптасатын мінез – құлықтың құдіреті осындай екен. Сондықтан, болашақ ұрпағымыздың жақсы қалыптасқан мінез-құлықтары олалдың өздерінің ғана Бақыты емес, бүкіл бір халықтың береке-бірліктегі ырыстары десек болады. Кез-клген адам өзінің жақсы мінезінің арқасында, көңіл-күйі шат сезімдерге бөленіп, рухани тереңдікпен астасып жатқан қуанышы мен үміті әр кез оның қайғысы мен қасіретінен басым түсіп отырады. Мұндай адамдардың – махаббат сезімдері де бай болмақ. Бірақ, көп жағдайларда адамдардың махаббат сезімдеріне әсер ететін, сыртқы күштердің салмағы әлдеқайда молырақ болып келеді. Олар өз махаббаттарының жолындағы кедергілерді жеңу арқылы бойындағы бар болмысының ашылуына ықпал етеді. Осындай сәттерде, адамның бойындағы сезім тазалығымен қоса, оның тәрбиесіндегі ішкі қуаты мен күш-жігерін де салмақтайды. Тек осындай мұратқа жеткен жандар ғана, бір кезеңнің үлгісі ретінде, қанша уақыт өтсе де ұрпақтарының зердесінен өшпейді. Қазақ халқының көне мәдениетінің асыл қазынасы болып саналатын лиро-эпостар: “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш пен Баян сұлу” сияқты ғашықтық жырлар осының айқын мысалдары болып табылады.
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Қыз баланы қадірлеу, оларға қорғаныш болу, құрметтей қарау қазақтың қастерлі ұғымдарының бірі. Осыған байланысты айтылатын нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер жазу.
Топпен ән айту.
Айдарбек Рысбек - Нағыз махаббат
Саған арнап жаздым достық хат
Түрлі сезім толы жастық шақ
Бірде әкең жібермейді,
Бірде шешең жібермейді
Айтшы, оның несі махаббат?
Айтшы, оның несі махаббат?
Айтшы, оның несі махаббат?
Үй жағыңның маңын жағалап
Терезеңе жаймен сығалап
Жүрем күнде сені тосып,
Үйден шыққан жаннан шошып
Айтшы, оның несі махаббат?
Айтшы, оның несі махаббат?
Айтшы, оның несі махаббат?
Жүрегімнің сырын арқалап
Тосудамын жолыңа қарап
Ал сен болсаң менсінбейсін
Көлік мініп келсін дейсін
Айтшы, оның несі махаббат?
Айтшы, оның несі махаббат?
Айтшы, оның несі махаббат?
Жақпадым-ау жаным саған-ақ
Қарамадың мені бағалап
Енді мен де қарамаймын
Жақсы қызды бағалаймын
Міне, осы нағыз махаббат!
Міне, осы нағыз махаббат!
Үй тапсырмасы.
Кеңшілік Мырзабеков “Отаныңа қызмет ет!”
Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!!