Исжанова Княз Мусулумовна
Алматы облысы Ұйғыр ауданы
«Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
9-сынып
Мерзімі 07 ақпан 2015 жыл
Сабақтың тақырыбы:
Отбасы – өмір аясы
Мақсаты:
«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту;
Отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру;
Отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету.
Сілтеме:
Өзін-өзі тану оқулығы, 75-84 бет
Күтілетін нәтиже:
«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді кеңейеді;
Отбасына деген сүйіспеншілігін артады;
Отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрену дағдысы қалыптаса бастайды.
Сабақта қолданылатын материалдар:
таныстырылым, үлестірме қағаздар, түрлі-түсті стикертер, флипчаттар
Оқыту әдістері:
Жаңа әдістер, диалог, түсіндіру әдісі, «Ой толғау» стратегиясы, бағалау
Тапсырмалар:
Топтық талдау, болжау, салыстыру, зерттеу
Шаттық шеңбері Австралия жаңбыры Оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, сабаққа дайындау
Ұйымдастыру кезеңі
Топтарға бөлу шеңбер бойынша тұрған оқушыларды 1, 2, 3-ке санатып топтарға отырғызу
Жаңа сабаққа мақсат қою
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Кім жылдам?» ойынын ойнату
Тез арада менің айтқан сөздерімнің екінші әріптерінен сөз құраңдар
Қоғам
Ат
Абай
Сан
Асыл
Жыр
Көз
Амал
Кітап
Ар
Сабыр
Аялы
Аспан
Сыр
«Отбасы-өмір аясы» тақырыбын оқушылар табуы қажет
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Ойланайық, пікірлесейік
Отбасы деген ұғымды қалай түсінесіз?
Отау дегеніміз не?
Отбасы негізі неде деп ойлайсыз?
Сұрақтарына 1 минут ойлануға, 2 минут қорғауға беріледі.
Оқып үйренейік
Мәтінмен жұмыс Ш.Айтматовтың «Мұрап» шығармасынан үзіндіні оқу. Топта жұппен, топпен жұмыс жүргізіледі. ДЖИГСО стратегиясы қолданылады.
«Ой қозғау» стратегиясы
Постермен жұмыс жүргізеді:
Қаратайдың отбасына қандай сипаттама берер едіңдер?
Отбасының берекелі болуы кімге байланысты?
Олардың тату-тәтті тіршілігіне не себеп болды?
Бағалау
Әр топ басқа топтарға «Екі жұлдызша, бір тілек» стратегиясы арқылы баға береді.
Жаңа ақпарат
Оқулықтан оқып, түсіндіру
Дәйексөз
Үйлену дегеніміз – өз құқыңның жартысын азайтып, міндеттеріңді екі есе көбейту деген сөз.
А.Шопенгауер
Дәйексөзді түсініп отырып, дәртерге көшіру.
Сергіту сәті
Ән: «Ата-әже» тыныштық сәті ретінде өткізу
Кері байланыс
Ұжымдық жұмыс
Жүректен жүрекке
«Жұбайлар жыры» М.Шаханов