11-сынып
Тест «Арман-ПВ» баспасы, 2014 қазақ тілі оқулығы бойынша құрастырылған.
Тақырыбы: 10-сыныпта өткенді қайталау
Қазақ тілі қандай тіл категориясына жатады?
А) Халықаралық тіл
Б) Сырқат тіл
С) Көне жазба ескерткіш тіл
Д) Жасанды тіл
Е) Мәртебелі тіл
Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қашан қабылданды?
А) 1995 жылы 11 шілдеде
Б) 1992 жылы 11 шілдеде
С) 1996 жылы 11 шілдеде
Д) 1994 жылы 11 шілдеде
Е) 1997 жылы 11 шілдеде
«Шешеннің тілі – шебердің бізі». Кімнің сөзі?
А) Абай
Б) Жамбыл
С) Ж.Баласағұн
Д) М.Ж. Көпеев
Е) Х.Досмұхамедов
Тілші-ғалым Ф.Оразбаева өз еңбегіне тілдесімнің қатысымдық қызметін неше бағытқа жіктеген?
А) 2
Б) 3
С) 4
Д) 5
Е) 6
Тілдесу, кеңесу, пікірлесу арқылы ортақ мақсаттар айқындалып, адамдарға қоғам, ұжым, топтарға бірігіп, қарым-қатынас жасауға жол ашады. Қызмет түрін анықта.
А) Әлеуметтік қызмет
Б) Танымдық қызмет
С) Мағлұматты қызмет
Д) Қоғамдық қызмет
Е) Эмоционалдық қызмет
Сөйлеуші қолданған бейресми ишара түрін анықта.
А) Алдынан шығып қарсы алу
Б) Арқадан қағу
С) Қос-қолдап сәлем беру
Д) Қол соғып құрмет көрсету
Е) Қол созып ілтипат көрсету
Бұл ғалым тіл білімінің дамуына зор үлес қосып жүрген ғалым. Оның «Язык Жами`ат – тауарих Жалайри» (1989) , «Яссауи хикметтерінің тілі» (2004), «Тілдік норма және оның қалыптасуы» (2001) атты монографияларын ерекше атауға болады.
А) Р.Сыздық
Б) М.Томанов
С) Ә. Қайдаров
Д) М.Балақаев
Е) Н.Оралбаева
8. Араб әліпбиіне негіздеп қазақ жазуына(төте жазу) реформа жасаған кім?
А) Ж.Аймауытов
Б) Ш.Құдайбердіұлы
С) А.Байтұрсынұлы
Д) Х.Досмұхамедов
Е) М. Дулатов
9. Төте жазу қай уақыт аралығында қолданылды?
А) 1912-1913
Б) 1912-1929
С) 1913-1929
Д) 1929-1940
Е) 1913-1940
10. Латын әліпбиін қазақ тіліне үйлестіре жасап шыққан мемлекет қайраткері
кім?
А) Ж.Аймауытов
Б) Ш.Құдайбердіұлы
С) А.Байтұрсынұлы
Д) Х.Досмұхамедов
Е) М. Дулатов
11. Қазақ халқы қолданған латын графикасы неше әріптен тұрады?
А) 29
Б) 42
С) 30
Д) 40
Е) 9
12. Кирилл таңбалары негізіндегі жазу үлгісі қашан енгізілді?
А) 1986 жылы
Б) 1940 жылы
С) 1929 жылы
Д) 1913 жылы
Е) 1912 жылы
13. 2012 жылы қай жылы латын әліпбиіне көшу туралы шешім қабылданды?
А) 2050жылы
Б) 20 40жылы
С) 2030 жылы
Д) 2025 жылы
Е) 2020 жылы
14. Қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтарының дұрыс баламасын тап.
А) Білім мен ғылым саласында-ғылыми стиль
Б) Құқықтық салада – көркем әдебиет стилі
С) Әдебиет пен өнерде- ресми ісқағаздар стилі
Д) Бұқаралық ақпарат саласында – сөйлеу тілі стилі
Е) тұрмыстық қарым –қатынаста - публицистикалық стиль
15.Этнолингвистика деген не?
А) Әрбір этносқа тән табиғи, әлеуметтік ортаға сәйкес қалыптасқан
құбылыс.
Б) Халықтың ұлттық болмыс, тұрмыс-салты, әдеп-ғұрпы, өзге халықтармен тарихи- мәдени байланысы және тыныс- тіршілігі мен рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімінің саласы.
С) Халық, ұлт-ұлыс, ру, тайпа, ел шежіресіне қатысты сөздер
Д) Әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері.
Е) Сөз және оның мағынасын зерттейтін ғылым.
16. Қазақ тіл білімінде этнолингвистика ілімінің негізін салушы ғалым кім?
А) Р.Сыздық
Б) Н.Уәли
С) Ә. Т.Қайдар
Д) Ф.Оразбаева
Е) Н.Оралбаева
17. Мекемеге (заңды тұлғаға) қатысты ісқағаздар үлгісін көрсет.
А) Куәлік
Б) Мінездеме
С) Пікір
Д) Өмірбаян
Е) Анықтама
18. Адамдардың (жеке тұлға) қызметіне қатысты ісқағаздар үлгісін көрсет.
А) Өтініш
Б) Мәлімдеме
С) Ақпараттық хат
Д) Акт
Е) Жарғы
19. Басқару, ұйымдастыру құжатын анықта.
А) Еңбек шарты
Б) Кепілхат
С) Сенімхат
Д) Түйіндеме
Е) Жарғы
20. Ісқағаз түрлері нешеге бөлінеді?
А) 2
Б) 3
С) 4
Д) 5
Е) 6
21. Азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделері негізінде
өтіну, сұрау мақсатында жазылатын ресми құжат.
А) Өтініш
Б) Арыз
С) Естелік
Д) Қолхат
Е) Өмірбаян
22. Жеке адамның өміріне қатысты хронологиялық тәртіпте қысқаша
жасалған ресми құжат.
А) Өтініш
Б) Арыз
С) Естелік
Д) Қолхат
Е) Өмірбаян
23. Белгілі бір мемлекеттік органның (ұйым, мекеме)жұмысын
жақсартуға,жан-жақты мүмкіндіктерді ескеріп, жұмыс бағыттарын
жетілдіруге назар аудартып, туындаған мәселе, қойылған міндеттерді
шешудің жолдары мен тиімді тәсілдерін ұсынатын хабарлама түрі
А) Жеделхат
Б) Ұсыныс
С) Телефонограмма
Д) Хаттама
Е) Хабарландыру
24. Ұйым, мекемелердің атынан оның мүшелерін алдағы болатын іс- шаралар
туралы хабардар ететін құжат.
А) Жеделхат
Б) Ұсыныс
С) Бұйрық
Д) Анықтама
Е) Хабарландыру
25.Мазмұны белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын,
сипаттайтын ақпараттық- анықтамалық ісқағаз түрі.
А) Жеделхат
Б) Ұсыныс
С) Бұйрық
Д) Анықтама
Е) Хабарландыру
Жауабы:
1.Е
2.Е
3.А
4.Д
5.Д
6.Б
7.А
8.С
9.С
10.Д
11.А
12.Б
13.Д
14.А
15. Б
16.С
17.Е
18.А
19.Е
20.Б
21.А
22.Е
23.Б
24.Е
25.Д