Сабақтың тақырыбы: Достықты бағалай біл. Сын есім.
Сабақтың мақсаты:
Достық туралы түсініктерін кенейту.
Дос болуды, достарын тани білуге, түсінуге үйрету.
Достық қарым — қатынас жасауға тәрбиелеу.
Оқушыларға жаңа сабақ туралы мағлұмат беру, грамматикалық ұғымдарды дұрыс әрі сауатты қолдану. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Оқушыларды ой-өрісін дамыту, сөздік қорын кеңейту, логикалық ойлауын дамыту.
Көрнекі құралдар: тест сұрақтары, сөзжұмбақ.
Пәнаралық байланыс: География, табиғаттану, әдебиет
Әдістер: әңгімелесу, түсіндіру, танымдық ойындар, шығармашылық жұмыс.
Қажетті құралдар: оқулық, плакат, гүл, үнтаспа, желім, қайшы, суреттер. .
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Түгендеу.
3. Қажетті құралдар дайындау.
4. Сабақтыңмақсатымен таныстыру.
Жаңа сабаққа кіріспе: Балалар,өткен сабақтағы мына мақалдарды тағы қайталап көрелік. 1.Достықты бағалай біл. 2. Басқа ұлттың баласына бауырмал бол.. 3. Досың қиналғанда қол ұшын бер.4. Сыйлағанды сыйла. ( өз ойларын жеткізе білу).
ІІІ. Жаңа сабақ:
Мәтінді оқу, сұрақтарға жауап беріңдер. Достықты бағалай біл
Самат досы Әлиге бірнеше рет өтірік айтты. Мұны білген Әли:
Бұлай жасауға болмайды, Самат. Саған ешкім сенбейтін болады, - деді.
Мен енді өтірік айтпаймын. Мені кешірші, - деп жалынды досы.
Мен саған сене алмаймын, - деді Әли.
Сеніңіз, мен уәде беремін, - деді Самат.
Уәде – қасиетті серт. Ал, сертті әрқашан ұстау керек. Шын достар өтірік айтпайды.
Мен енді алдамаймын. Дос болып қалайықышы, - деді Самат.
Жақсы. Достықты бағалай біл, - деді Әли.
Мұрат өте әділ, қайырымды. Оның достары өте көп. Ол ата –анасының айтқанаын орындайды. Әр уақытта оларға көмектеседі. Достықты бағалай біледі. Қиын жағдайларда көмек беруге дайын.
Не туралы екен?
Кімдердің достығы?
Ендеше бүгін, біз достық туралы әңгімелесеміз. . Біз қандай баламыз?
Иә бақытты.
Бақытты балаға көп дос керек пе?.
Сендерге достар керек пе?
Олар қандай болу керек?
Өте әділ, қайырымды.
Ал өздерің қандай болуларың керек?
Бізде өте әділ, қайырымды.
Балалар, өз достарың туралы не айтар едіңдер? Оқушылар кезекпен өз досы туралы әңгімелейді.
— Енді достарымызбен бірге бір–біріміздің қолымызды ұстап «Достық шеңберін» құрайықшы. Қандай тамашасыңдар, сендердің сүйікті достарың көп екеніне мен қуаныштымын!
Граматикалық тақырып: Сын есім» тақырыптарын өтеміз.
Заттың түр –түсін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді сын есім дейміз
ІІ. Сын есім.
Оқушыларға ережені жазғызып, қандай сөз табы екенін, қандай сұраққа жауап беретінін, сөйлемде қандай қызмет атқаратыны туралы мағлұмат беру.
Қыс келді. Аппақ қар жауып тұр. Ауа-райы суық болады.
Осы сөйлемдерден сын есімдерді табыңдар. (Аппақ, суық).
Жаңа сабақты игерткеннен кейін, кластер арқылы көрсету.
[pic]
Сабақты бекіту:
І. Тапсырмалар.
1-тапсырма: Диалогты құру. «Ауа райы». Диалогтың ішіне сын есімдерді көрсету.
2-тапсырма. Сын есім сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құрастырыңдар.
Қызыл, әдемі көйлек, қалың қар, мейірімді, сыпайы бала, кең, жақсы.
ІІ. Мақал -мәтелдермен жұмыс. Дәптерлеріңе көшіріп, мағынасын түсіндіру керек. Сын есімді табыңдар.
Қыс азығын–жаз жина.
Қар-қара жердің көрпесі.
Қыс–арбаңды, жаз-шананды сайла.
Қорытынды.
Бүгінгі сабақты қорытындылау үшін сөзжұмбақты шешейік.
Сөзжұмбақты шешкенде тігінен бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.
[pic]
Класстың қазақшасы.
Күзден кейін қандай мезгіл келеді?
Қыста қатты жел соғып, күн суытып не болады?
Қыс мезгілінің алғашқы айы?
ҚР астанасы қай қала?
ҚР қандай мемлекет?
Орта білім алатын жер?
Үйге тапсырма: Ережені жаттау. Сын есімі бар сөйлем жазып келу
Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың білім бағалау