Менің киімдерім 2 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Менің киімдерім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа тақырып бойынша сөйлесу әрекетіне жетелеу, оқушылардың сөздік орын молайту
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру, өз бетімен жұмыс істеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелесу, ойын элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А)
Сәлемдесу
Біз бүгінгі сабақта сұрақтарға жауап береміз, әңгімелейміз, грамматикалық тақырыптарды қайталаймыз, жаттығуларды орындаймыз.

ІІ. Тіл дамыту.
- Оқушылар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз айлары қандай?
- Күзде қандай өзгерістер болады?
- Күзде қандай мерекелер болады?
- Күздің бірінші айы қандай ай?
- Күз саған ұнай ма?
- Күн салқындағанда қандай киімдер киеміз?
ІІІ Үй жұмысын тексеру..
Ү. Жаңа сабақ
1. Балалар, маған осындай сұрққа жауап беріңдер. Дүкенде не сатылады?(балалар жауап береді)
2. Егер, сен киімді дүкеннен өзіңе сатып алсаң, ол кімнің киімі болады?(балалар жауап береді)
3. Сонымен, біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Менің киімдерім» деп аталады, ал грамматикалық тақырып «
Тасымал».
Ендеше, дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді жазыңдар.
(Дәптерге күнді жаздыру)
4. Киімдерді есімізге түсірейік. (Слайд бойынша суретпен жұмыс)
5. «Не артық?» ойыны. (Слайд бойынша)
құлақшын
күрте
тон
костюм

ІІ. Жаңа сөздермен жұмыс
Таза ұстау - содержать в чистоте
Ки (повелительная форма) – одень
Жуамын – мою, стираю

1. Сөздерді сөздіктерімізді ашып жазып аламыз
2. Сергіту сәті
3. Тапсырмалар орындау.. Мәтінді оқы, сөйлеп үйрен. Мәтінді мұғалім мәнерлеп оқиды, содан кейін оқушылар кезекпен мәнерлеп оқиды. Аударады, сұрақтарға жауап береді.
- Бұл не?
- Киім шкафыңда не бар?
- Қандай киімдер бар?
- Сен киімдеріңді қалай ұстайсың?
Мәтін бойынша тапсырма: балалар, мәтіннен тәуелдеулі сөздерді табайық.

Грамматикалық тапсырма орындаймыз
(Шкафым, киімдерім, етіктерім, туфлилерім)

ҮІ. Сабақты қорытындылау. Не білдік?
ҮІІ. Үйге тапсырма.
ҮІІІ. Бағалау.