Автокран көлігінің аспалы ілмектері атты баяндама

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Автокран көлігінің шығырлары, полипластары және аспалы ілмектері

Автокран көлігінің шығырлары арқан қозғалысының бағытын (бағыттайтын және ауытқитын) өзгерту үшін және күштерді (теңестіруші) теңестіру үшін қолданылады. Шығырлар негізінде құйылған сұр шойыннан, ал үлкен жүктер үшін болаттан дайындалады.

Жылжымайтын шығырлар деп жұмыс кезінде осі қозғалмаған күйде қалғанды айтады (107, a-сурет). Осындай шығырдың көмегімен Q салмақпен жүк көтерілген кезде Р күші пайда болады, яғни жүк салмағы мен еркін төмендеудің шапшаңдығы теңеседі. Арқанның бос ұшындағы бұл күшті еңсеру үшін Р күшін басып тұру қажет. Сондықтан жылжымайтын шығыр жүк қозғалысының бағытымен салыстырғанда, жүк көтеретін күштің бағытын өзгерткенімен, оны жеңіп шығуға мүмкіндік бермейді.

Жылжымалы шығырлар деп жұмыс кезінде осі жүкпен бірге жоғары көтеріліп, төмен түседі(107,б-сурет). Q салмақпен жүк көтерілген кезде арқанның ұшына Р/2 күшін түсіру керек. Осындай қалыппен арқанның қозғалатын ұшына күш сала отырып, Q салмақпен жүкті көтеруге мүмкіндік береді, ол жылжымалы шығырсыз Q салмақпен жүк көтеру кезіне қарағанда екі есе төмен болады. Сондықтан жылжымалы шығыр жүк көтеру кезінде екі есе артық мүмкін туғызады.

[pic]

 

1-сурет. Шығырлар мен полиспастар:  а – жылжымайтын шығыр, б — жылжымалы шығыр, в — қарапайым екі мәртелі полиспаст, г — полиспаст еселілігін анықтау сызбасы; 1—5 — полиспаст еселігіне сәйкеседі.


Жүкті көтеру кезінде шығыр ось бойын айнала қозғалып, шығыр осіндегі үйкеліс күшіндегі кедергілерді жеңеді. Одан басқа шығыр бойы қозғалатын арқанның майысқан жерінде де кедергілер пайда болады.

Шығырдың КПД санын есептей отырып, белгіленген Р немесе 0,5P күштерінен Р күші көбірек болады. Арқан мен шығырды шайқалу мойынтірегіне орнатқан кезде шығыр КПД-сы 0,97 – 0,98-ге тең болады. Шығырдың КПД санын есептей отырып, алынатын күшті жүкті көтеру жылдамдығында екі есе ұтатындығымызды еске түсіруге болады. Жүктің біршама биіктікке көтерілуі үшін арқанның ұшы көтеру биіктігі талап ететін екі есе күрделі жолдан өтуі тиіс.


Полиспастар

Арқанды айналдыратын жылжымалы және жылжымайтын шығырлардан тұратын жүйе қарапайым жүк көтеретін құрылғы, жүкке беріліп отырған күштің бағытын өзгертуге және шығырда артатын күшті азайтуға және шығыр барабанында тарқаған арқан жылдамдығымен салыстырғанда, жүк көтеру жылдамдығын төмендетуге болатын полиспаст болып табылады (1,е-сурет).

Жүкті көтеру үшін белгіленген жүк салмағынан төмен күшті қаншалықты талап ететін болса, полиспаст көрсететін жиілілікті сипаттайды. Көтерілген жүктің салмақтарына бөлінетін полиспастың тарауларының саны сияқты, полиспастың жиілігін анықтаудың қарапайым әдістерін де қолдануға болады. Егер шығырды айналып өтетін арқан тармақтарының барлығын кесіп өтетін жазықтықты ойша бөліп өтсе, онда полиспаст жиілігінің саны кесіп өтетін жазықтықтың санына тең болады. К полиспаст жиілігі мен Vr жүк көтерудің белгілі жылдамдығын қамтамасыз ететін Vk арқан барабанындағы айналым жылдамдығы қаншалықты көп болса, белгілі Q жүкті көтеру үшін шығырға түсетін күш те соншалықты аз болады. Басқа сөзбен айтқанда, vK = Кvr, және Рг = Р/Кг\ = Qg/Kr\, г — полиспаст КПД-сы, ал д — еркін түсіру жылдамдығы.

Жылжымайтын және жылжымалы шығыр құрсауын сипаттайтын екі немесе бірнеше параллель осьтеріне полиспаст шығыры бекиді. Жүк полиспаст ілмектері полиспастың қозғалмалы құрсауына ілінеді, ал қозғалмайтыны жебенің бастиегіне бекиді. Полиспас арқанының бос ұшы қозғалатын немесе қозғалмайтын құрсауына (жебе, екі аяқты тірек) ілінеді. Автокран көлігімен жүк көтеру үшін екі, үш және төрт полиспастар (2, 3 және 4 жиілілікті полиспаст) қолданылады.

[pic]

2-cурет. Жүк көтергіштің екілік және үштік полиспасты:
1,7 —
қозғалмайтын ауытқымалы шығырлар, 2 — қозғалатын шығыр, 3 — аспалы ілмек, 4 — барабан, 5 — конусты төлке, 6 — жебенің басы.

 

Екілік полиспаст (2, a-cурет) жебе басында орналасқан қозғалмайтын шығырдан және аспалы ілмекте орналасқан қозғалмалы шығырдан тұрады.

Ауытқымалы жүкшығыр барабанына полиспаст арқанын жебе басының қозғалмайтын шығыры апарады. Конусты төлкенің жебе басына бекіген жүк арқаны қозғалмайтын шығырды айналып өтеді және жүк шығырының барабанына барады. Негізгі және ұзартылған қаз мойынды және мұнаралы-жебелі құрылғыларға полиспасты орнату кезінде жүк арқаны ауытқитын шығырды айнала отырып, жебелі құрылғының қажетті жерінде орналасқан бір немесе бірнеше бағыттағыш шығырлар барабанға барады. Үштік полиспаст (2, б-сурет) жебе басында орналасқан қозғалмалы шығырлардан және аспалы ілмекте орналасқан қозғалмалы шығырлардан тұрады.

Конусты төлкенің көмегімен аспалы ілмектің жоғарғы бөлігінде орнаған жүк арқаны шығырды айнала отырып, оны майыстырады және жүкшығырдың барабанына барады. Төрттік полиспастар екілік түріне ұқсас болады және тек аспалы ілмегінде екі қозғалмалы шығыр болады, ал жебе басында қозғалмайтын және ауытқымалы шығырлар орналасқан. Жебені көтеру үшін екілік, төрттік және бестік полиспастар қолданылады.

[pic]

 

3-сурет. Жебенің көтеру полиспастары: а — екілік, б — төрттік, в — бестік; 1, 9, 12 — қозғалмайтын шығырлар, 2 — барабан (атанақ), 3 —екі аяқты тіреуіш басының осі, 4, 13 — қозғалмайтын шығырлар, 5 — бағыттағыш шығыр, 6 — ось, 7, 10 — қармауыш, 8 — жебе бастиегінің осі, 11 — жүк көтерудің шектегіш күшін қадағалайтын құрылғы (датчик)

 Екілік полиспаст (3,а-сурет ) бұрылыс жақтауындағы екі аяқты тіреуіш бастиегінің осінде орналасқан қозғалмалы ауытқу шығырынан және қозғалмалы қармауышта (траверсте) орналасқан қозғалмалы шығырдан тұрады.

Екі аяқты тіреуіш бастиегінің осінде орналасқан жебелі арқан шығырды айналып өтіп, жебелі жүкшығырдың барабанына шығыр арқылы барады. Қармауыштар жүк арқанына арналған бағыттағыш шығырдың осі арқылы жебенің бастиегін тартумен байланысады.

Төрттік полиспастар (4, б-сурет) көбіне автокран көлігінде кеңінен қолданылады. Оның құрылымы жүк көтеру шектегішінің орналасуына және полиспастың қозғалмалы шығырының орнатылуына байланысты болады. Егер жүк көтеру шектегіші бұрылыс жақтауына (КС-2561Д) орнатылатын болса, онда жебелі арқан шектегіштің тетігіне бекиді де, олардың бәрін қозғалмалы, қозғалмайтын және ауытқитын шығырларды айналып өтіп, жебелі жүкшығырға бағыттайды. Қозғалмайтын шығырлар екі аяқты тіреуіштің бастиегіне, ал қозғалмалы шығыр жебені тарту арқылы байланысатын қозғалмалы қармауышта немесе жебе басында орналасады. Жүк көтергіш шектеуіші бар кранда күшті анықтайтын құрылғы екі аяқты тіреуіш бастиегінің арасындағы остерінде және қозғалмайтын қармауышта (немесе жебе бастиегі мен қозғалмалы қармауышта) орналасады. Қозғалмайтын шығыр қармауышта орнайды. Жебелі арқан екі аяқты тіреуіштің басында бекиді. Ол қозғалмалы шығырды байыппен айналып өтіп, ауытқу шығыры арқылы жебелі жүкшығырға барады.

Бестік полиспаст (4,в-суретте) екі аяқты тіреуіштің бастиегінде және қозғалмайтын қармауышта орналасқан қозғалмайтын шығырдан және қозғалмалы қармауышта орналасқан қозғалмайтын шығырдан тұрады. Қармауыштар жебенің бастиегімен байланысады. Жүк көтеру шектегішінің күшін анықтайтын тетік қармауыш пен тіреуіш басынының арасында орналасады. Жебелі арқан қозғалмалы қармауышқа бекиді. Шығырды айнала отырып, арқан жебелі жүкшығырдың барабанына барады.

Автокранның аспалы ілмектері

Аспалы ілмектер жағынан (5-суретте), траверстен, , ілмектен және осьте орналасқан дөңгелек мойынтіректегі шығырдан тұрады. Траверсте ілмектің құйрықшасы орнатылған. Ол траверске тіреуіш мойынтірекпен тығыздалып, сомынмен бекітілген.

Траверс жақтардың аралығына орналастырылып, екң жағынан ось ұстауыштарымен бекітілген. Жақтардың арасына лас кірмеу үшін және арқанның блоктан сырғанап кетпеуі үшін шығырдың астынан жауып тұратын қабы болады. Шығырдың осі жағындағы ұяшықтан өтіп, осьтің ұстауышымен бекітілген. Ол осьті құлап немесе айналып кетуден сақтайды. Екі дистанциялық тығынды және жүк арқанын бекітетін конусты тығын болады. Ол жақтарының жоғарғы жағындағы тесіктерде орналасқан саусақшаларда орналасады. Аспалы ілмектер автокран көлігінің құрылысы бойынша бір үлгіде жасалады. Оларды бір-бірінен айыру үшін шығырдың саны әртүрлі болуы керек немесе сомынды бұрау тәсілімен ерекшеленеді.

Аспалы ілмектер бірмүйізді күрделі конфигурациядан тұрады. Оларды 20 немесе 20Г болатынан таңбаланып немесе құйып дайындалады. Контейнер, бадья, жәшік немесе оралған жүктер қармаққа сақинаның, қапсырманың, карабиннің және т.б. нәрселердің көмегімен ілінеді.

[pic]

 

5-сурет. Аспалы ілмектер:
1 — т
өлке, 2 — жақтары, 3 —саусақша, 4 — шығыр, 5, 9 — дөңгелек мойынтірек, 6 — ось, 7 — бұранда, 8 — сомын, 10 —ілмек, 11 — сақтандырғыш жаұтауы, 12 — траверс, 13 — қаптама, 14, 15 — ось ұстауыштары, 16 — түйреуіштер