Сабақ жоспары Ғаламтор 9 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Қазақ тілі 9 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ғаламтор.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  «Ғаламтор» тақырыбы  бойынша  мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді  меңгерту арқылы сөздік қорларын,  тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік:  Тазалыққа,  ұқыптылыққа  баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі  сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

 

 Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі:       

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу  себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

 

II.  Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

А) 237-бет 2- тапсырма  сөйлемдерді   сын есіммен  толықтырып жазылуын тексеру, қадағалау;

Ә) сөздікті  жатқа сұрау

 

ІІІ.Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1.  Кіріспе сөз

2.Тірек сызба  бойынша  «Интернет  қызмет  түрлері»  тақырыбына  әңгіме  құрау

[pic]

3.Жазылым- сөйлемдерді толықтырып  жазыңдар.

А) Интернет  көптеген  (...) ұсынады.

Ә) Ондай  қызмет  түріне: қонақ  үйде (...)  алдын ала  алу,  ұшақ  пен пойыз  (...)  тапсырыс  беру,  (...)  сатып  алу  және  тағы басқа.

Б) Қандай да  бір қызмет   түрін   пайдалану   үшін  қажетті  (...)  кіру  керек.

В)  Есеп  айырысудың  бірнеше  түрі бар: қолма-қол  ақшамен (...),  пластикалық  картамен

(...) , Интернет  ақшасымен (...) .

 

IV. Жаңа сабақты бекіту:

Мәтіннен  төмендегі   мәселелерді  ашатын  сөйлемдерді   табыңдар. Сол сөйлемдер  негізінде   мәтіннің   мазмұнын  айтып  беріңдер.

 

·         Интернет дүкенінің  қызметі

·         Тауармен  есептесу  нұсқалары

·         Электрондық  төлемдер  жүйесі

·         Пластикалық  карталар

 

 

V. Сабақты қорыту:  Пысықтау сұрақтарына жауап беру:

*Ғаламтордың  қандай қызмет түрлері бар?

*Алдын ала алу арқылы  қандай қызметті орындауға болады?

*Ғаламторды пайдаланудың  қандай қадамдарын  білесіңдер?

* Интернет   қандай қызметтерді ұсынады?


VI. Үй тапсырмасын беру:   Ғаламтор туралы мәлімет жазу.

 VII. Бағалау.