Қазақ әдебиеті Тарихи шындыққа негізделген шығарма.Бақтығұлдың тағдыр. Жазушы шеберлігі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ №8

Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятынан үзінді. Тарихи шындыққа негізделген шығарма.Бақтығұлдың тағдыр. Жазушы шеберлігі

Сабақтың мақсаты

Білімділік: «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятының мазмұнына, кейіпкерлерінің іс-әрекетіне талдау жасай отырып, Бақтығұлдың прототипі Рысқұлдың өмірдегі шынайы бейнесін таныту, жазушының тіл шеберлігіне талдау жасату

Тәрбиелік: Хикаят мазмұны арқылы адамгершілікке, бауырмалдыққа, ұлтжандылыққа, адалдыққа, намысшылдыққа, қайсарлыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын белгілі бір мәліметтер арқылы дәлелдеуін, кейіпкердің іс-әрекеттеріне сай баға бере білуін, өз ойын ашық жеткізе білуін дамыту

Сабақтың типі: Пысықтау сабағы

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері. Баяндау, сұрақ-жауап, «Тұжырым кестесі», ауызша тіл дамыту, автор орындығы, терме диктанты

Сабақтың көрнекілігі: Теледидар, компьютер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Шығарманы талдау

  • Өткен сабағымызда М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятының мазмұнымен танысып, тараулары бойынша бөлімдерге бөліп, тақырып қойған болатынбыз. Бүгін осы шығарманың мазмұнына, кейіпкерлерінің іс-әрекетіне, тілінің көркемдік ерекшелігіне талдау жасаймыз. Ол үшін алдымен шығарманы еске түсіріп өтейік. Шығарма 8 бөлімнен тұрады. Әр бөлімге бір оқушы қысқаша шолу жасап өтеді.



(Шығарма бөлімдерінің тақырыптарын слайд арқылы көрсетемін)













  1. Тектіғұлдың өлімі

  2. Түнгі жортуыл

  3. Соққы

  4. Жарасбайдан пана іздеген Бақтығұл

  5. Болыстық маңындағы талас

  6. Сатқындық

  7. Қашқын Бақтығұл

  8. Қанды кек