Қыз сыны
Мақсаты: бой жеткен қыздарымызды ұлтымыздың салт-дәстүрлері арқылы ұяңдыққа, биязылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: интерактивті тақта, әң, қыз тәрбиесіне байланысты нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Барысы: «Қыздар-ай» әні ойнап тұрады.
Жүргізуші:
Құрметті жиналған қауым!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер халайық, сергісін бой.
«Қыз сыны» байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтарды, осы байқауға қатысқалы келген ару қыздарды және төрелік жасайтын қазылар алқасын наурыз мерекесімен құттықтаймыз.
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көргенде болмай-ақ сахнада,
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі, дей келе ортаға Тарлан би ансамбілін шақырайық. Тамашалаңыздар!
Би Тарлан тобы
Жүргізуші: енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық. (күй ойналып тұрады, қыздардың есімдерін атаймын, олар шығады)
7А
7Б
7В
7Г
7Д
7Е
Өнер білім өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын
Таныстырайын әділқазы алқаларын.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі______________________________
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелек жетекшісі Қараулова Қ.М. Тарлан би ансамбілінің жетекшісі Асқарова Г.Б.
Енді аруларымызды бүгінгі байқаудың бағдарламасымен таныстырып кетейік.
«сәлем – сөздің анасы» (таныстыру)
«ас – адамның арқауы» (сұрақтарға жауап беру)
«өнерлі өрге жүзер» (өнерлерін тамашалау)
«Сұлулық сыры» (сән үлгісі)
«Ана көрген тон пішер» (матадан инесіз киім тігу)
«Туыстық атауларды білеміз бе?» (сұрақтарға жауап беру)
Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен алты ару кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін. Арулар, сөз кезегі өздеріңізде. (таныстыру)
Жүргізуші:
Таныс болдық арулар тегіменен,
Туып өскен мекені, еліменен.
Маған тартқан бәрі де ақын көрінеді,
таныстырып кетті ғой төгіп өлең. Рахмет, рахмет. Ендігі келесі кезеңіміз: «ас - адамның арқауы» Сіздер қазір тағамдарға байланысты сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.
Наурызда не дайындайды? (наурыз көже)
Наурыз көже неше түрлі тағамнан жасалады? (жеті түрлі)
Наурыз көже неден жасалады?
Ұлттық тағамдарды ата?
Сүт тағамдарына не жатады?
Еттің мүшелерін ата.
Жақсы, аруларымыз ұлттық тағамдарды біледі екен. Енді біз сіздермен келесі кезеңге өтеміз. Келесі кезеңіміз: «өнерлі өрге жүзер» деген өнер сайысы. (өнерлерін тамашалау)
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты. (Қаражорға биін бәрі билейді)
Жүргізуші: Тамаша, мың бұралған аруларымызға қол соғып қояйық, халайық!!!! Бүгінгі кешіміздің аруларын наурыз мейрамымен құттықтап, 8г сынып оқушысы Рмазан күй орындап береді. Қарсалыңыздар!
Рамазан күй
Жүргізуші:
Рахмет, Рамазан. Өнерін өрге жүзсің. Тамаша!!!! Шапалақ соғып қояйық. Еңді келесі кезеңге өтейік. Келесі кезеңіміз «Сұлулық сыры» деп аталады. Аруларымыз сән үлгісін көрсетеді. (өлең ойналып тұрады, бір-бірден шығып сән үлгісін көрсетеді)
Шешендік, көсемдік бар тілімізде,
Оттылық, тектілік бар өзімізде.
Ұрпағымыз – жаңа өмір, жаңа ғасыр,
Жарасып тұр үлгіміз, сәніміз де.
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
өнеріне өзі сай келіп тұрған,
аруларға қызығып қарасасың.
Келесі кезеңіміз «Ана көрген тон пішер» деп аталады. Бұл кезеңнің шарты бойынша әр аруымыз ой-қиялына байланысты матадан, яғни материалдардан жіпсіз киім үлгісін көрсетіп, оны қорғау керек. Ендеше, көрермен қауым аруларымыздың шеберін тамашалайық. (бес минут ішінде киім үлгісін көрсетіп, оған ат қойып, қорғау керек, өлең ойналып тұрады).
Ендігі соңғы кезеңіміз «Туыстық атауларды білеміз бе?» деп аталады. Мен сіздерге туыстық атауларға байланысты сұрақтар қоямын, сіздер тез әрі нақты жауап берулеріңіз керек. Қанеки, Қыздарымыз туысты қалай атау керектігін біледі ме екен? Тексерейік....
оның әкесі сенің нағашың, сен оған кім боласың? (жиен)
оның ағасы саған жезде, сен кім боласың? (құда бала, құдаша)
ол екеуінің аналарың бірге туған, сендер қандай туыссыңдар? (бөле)
сенің ананның ағасы саған кім болады? (нағашы)
жеті атаны ата? (бала, әке, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)
Үш жұртты ата. (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)
Рахмет жауаптарына, жақсы жауап бердіңдер. Қанеки, қошеметтеп қояйық аруларымызға.
Пір тұтқан әрбір халық асылдарын,
Қазақтың қара көзі аруларым.
Тәмәмдайық осы кешті әсем әнмен,
өнеріне табынып арулардың, - дей отырып, өтілген шарттарымыздың қорытындысын әділқазы алқалары шығарғанша кезекті әнге берейік.
Ән Джамиля (соңында арулар шығады)
Жүргізуші:
Бүгінгі өтілген шарттардың қорытындысы бойынша сөз кезегін әділқазы алқасына берейік.
Міне, бүгін сайыста мектебімізде көп өнерлі жастарымыз бар екенін көріп, тамашаладық. Аруларымыз өздерінінң жан-жақты өнерлі екенін көрсетті. «Өнерліге өріс кең» - дегендей өнердің кемесімен өрге жүзе беріңіздер!!!