Құстар-біздің досымыз
(өнеге сабақ)
Мақсаты: Құстарға деген мәдениетімізді, әдебиетімізді байытқан құтты ырыс, құнды қазына. Осы қазынаны табан астына таптамастай етуге тәрбие жұмыстарын насихаттау.
Оқырманның білімін кеңейту, құстардың табиғатқа деген пайдасын ұғындыру.
Қөрнекілігі: Құстар туралы слайдтар, «Қызыл кітап» саяхат, кітап көрмеде безендірілген табиғат туралы кітаптар.
Балалар! Дүниетану сабағынан табиғат жайлы көп оқып, білдіндер. Бізді қоршаған табиғат. Ал оған кіретін таулар, тас, су, ауа, жер,құстар жатпайма. Ендеше құстар жайлы білуге асығыйық. Сәт сапар! Біздің қоршаған ортамыздың ең керектісі - құстар әрине. Құстар әрине әрқашанда адамның назарында болған. Құстар табиғатқа сән береді, пайда келтіреді, өзіннің сазды әуендерімен табиғатты құлпыртады, адамның да көңіл күйіне әсер етеді. Ендеше мысалы келтірейік:
Қазақ халқы ежелдең құсқа әуес., ең жақсы көретін адамын құсқа тенеген. Ұлдарын сұнқарға тенеп, шырқаған әншісін бұлбұлға, батырларын бүркітке, елден асқан сұлуларды – аққуға теңеген.
Құстар табиғатқа несімен пайдалы? Әрине бау-бақшаның емшісі, құрт құмырсқадан тазалайды.
Құстар барлық жерде кездеседі. Ауылда көбірек болса да қалада да кездестіресін. Ал қара торғайлар одан да көбірек. Әр құстың өз мезгілі болады.
Құстар,құстар келеді.
Жерді шұға бөледі.
Көктем келді!-деп бізге
жақсы хабар береді.
Мысалы: көктем айында жылы жаққа қандай құстар оралады? Халық жылдың жылы мезгіліңде «көкек келді-көктем келді» дейді. Қадірі мен қасиеті онша емес, осы бір құстың аты неліктен ең тамаша айына теңеу болды екен.
Мен торғаймын,торғаймын,
Суықтан да тоңбаймын.
Құрт-құмырсқа шіркейден,
Бау-бақшаны қорғаймын
Біздің ауылда пайдалы құстың бірі қара-торғай. Бір топ караторғай бүкіл балапандарымен бірге 22 тонна шегірткені азық етеді екен.
Мысалы біздің ауылды алсақ:
көктем айы-қарлығаш;
жаз айы-көгершін, қара торғай, сауысқан.
қыста-қара, тұрақты сұр қарғалар мекендейді екен.
Білесіңдерме балалар 400 жылдың ішінде адамның кесірінен құстың 94 түрі жойылыпты. Содан үкімет қаулысымен 16 қантар 1978 ж «Қызыл кітап» бекітілді. Ал қызыл кітапқа қандай құстар еңгізілді? Соны білгілерін келсе оларға шолу жасайық.
Ақсұңқар
Ол бізді тастап кеткелі қай заман?! Бүгінде қайда, қай жерлерде жүр екен?! Біздерді ұмытты-ау, әсте. Әйтпесе бір соғатын кезі болды ғой. Бұдан 2500 жылдай қазақтың бұрын құс салып, аң аулағаны туралы білеміз. Сол бабаларымыздан қалған мұра қазіргі уақытқа да жетті.
Ал Ақсұңқар ең ірі өз тектестерінің арасында салмағы 2 кг. Көзінің айналасы сары, жүнді балақ. Аталығы мен анасы жұбын жазбай бірге жүреді.
Үстіме бешпент кидім дүриядан,
Ұшады екі ақсұңқар бір ұядан
деген халық өлеңі шықса керек. Ақсұңқардың сүйікті асы – қаздың еті екен. Орыс ағайындар оны «қаздың қожайыны» деп те айтады.
Бір аңыз бар қазақтар мен түрікпендер арасындағы шайқастар туралы. Соның бірінде тұтқынға түскен жәуміттің Анадүрді деген мырзасына жан сауға сұрай келген елшілерге қазақтар жағы «он екі мүшесіне он екі ақсұңқар әкеліндер де алып кетіндер» деген.
Түрікпендер қыс бойы іздеп, оны тауып әкелген ғой. Мен сендерге он екі дебедім, он әкеліпсіндер. Ендеше анау шақшабасының екі мүшесін (екі көзі) ойып алып қаламын. Сонда есеп түгенделеді»,- дейді қазақ батыры. Бірақ, ақсақалдар араға түсіп, аман есен еліне оралады.
«Мен қайтып келемін»,- дейді ол кетіп бара жатып. Екі айдан кейін сол мырза он екі иығына екі ақсұңқар отырғызып, қазақтарға өзі келіпті.
Ақсұңқар біздің жерге көп келмепті. Естүімізше ақсұңқар сібірде өмір сүретін көрінеді.
Қарлығаш
Қарлығаш қазақ үшін қай кезде де сүйкімді құс. Қарлығаш туралы ауыз әдебиетінің осы құсқа деген ықылас – ізеті бір қалыпты. Ертегіде бар:
Жер бетін топан су қаптағанда, Нұх пайғамбар қарлығашты жіберіп «Ал барып білші - жер құрғады ма екен, топан су басылды ма екен?» деп.
Сол кезде кеме тесіліп, тесіктен су кіріп, сол кезде жылан «мен суды тоқтатамын, тек ненің еті тәтті болса, соны берініз маған» деп қолқа салады.
Амалдың жоқтығынан Нұх пайғамбар мақұл дейді.
Ара ұшып кетеді, адамның еті тәттілігін айтпақ боп келе жатқанда алдынан қарлығаш шығып, жөн сұрайды. Ара білгенің айтады. «Қане, тілінді көрсетші» -дейді қарлығаш. Ара аузын аша бергенде қарлығаш оның тілін суырып алады. Екі ортада мылқау боп қалған сорлының ызынына ешкім түсінбейді. «Мен білсем, бұл бақаның еті тәтті деп тұр» дейді.
Содан бері адам баласын ажалдан құтқарған қарлығаш қарындастай қадірлі бопты дейді аңыз. Балалар, сондықтан болар адамға осы құс жақын болады. Байқасандар қарлығаш адам тұрған үйіне ұшып кіріп үя салады, ал ол ұяны адам ешқашан бұзбайды.
Ұлар
Ұлар құс торға түссе дереу өліп қалады екен. Содан болар біз бір зоопарктен көрмейміз.Таудағы кекіліктің, бөдененің, қырғауылдың жұмыртқаларын үй тауығына бастырып, балапандарын қолға үйрету керек.
Ал ұлар құс қолға үйренбейді. Жұмыртқасын тауық басып шығара да алмайды, балапанына адам қолы тисе болды өледі.
Ұлар ең биіктікте өмір сүреді (300м). Ұларды көзімен көргісі, қолымен ұстағысы келген орнитологтардың талайы таудан салы суға кетіп, шаршап оралады.
Тырна
Тырнаны тану қиын емес. Аққу аяғын бауырына жинап ұшса, тырна құрықтай мойнын алға, аяқтарын артқа серпіп, созыла ұшады.
Қазақстан бойынша тырнаның үш - ақ мыңның шамасында қалған тырнаның келесі бір тұқымы ақ тырна деп аталады. Жылы жаққа жету үшін ол тоғыз мемлекеттің үстінен ұшып өтеді екен.Тырна ұзақ жасайды. Жапонияда ерекше күтімге алынған бір - ақ тырна 70 жыл өмір сүрген екен.
Бірқазан
Сұрықсыз, быртық бақай, қысқа сирағы денесіне үлемсіз, мұрнының астымен сөйлейтін маңқа кемпірдей «ғұды-ғұдылап», жиіркенішінді үдетеді.
Жейтіні - бақа, шаян, шабақ балық, құрт-құмырсқа.
Көз ілеспес шапшандықпен іліп әкеткен жемтігін шайнамай, бөлмей бітеу жұтады.
Енді осы құстың саны да сирепті.
Дуадақ
Біздің елімізде құстың саны он есеге азайған. Жамбыл мен Онтүстік Қазақстан облыстарының шекарасында дуадақ етін дайындайтын арнаулы өндіріс орыны болғанға ұқсайды. Дуадақ- етінің дәмділігін қазақ аңшылары ертеден-ақ білген.
Арабтар болса дәмділікке қоса дертке қуат беретін ғаламат күшке ие дейді. Адам ағзасын тыныштандыратын, әл беретін әрбір шейхоны женшень, панта секілді қадірлейді.
Дегелек.
Дегелек шынында әдемі құс. Өзбектер оны ләйләк дейді екен. Дегелек - нағыз үндеместің өзі. Қауіп төнсе де, балапанын ұшырып, тіпті төбелесіп жатқан дегелектердің өзі дауыс шығармайды, үнсіз жұлқысады, дыбыс шығармай өледі.
Бар дыбысы –қанатын қаққаны, сосын таңдайын тақылдатады.
Дегелек балапандарын бір-бірлеп жерге лақтырып өлтіре бастайды, тірі қалғанын ұясына қайта салсаныз, белінен бір-ақ тістеп бөліп тастайды.
Бөдене
Бөдене ұясы, ұшар , қонар мекені бар бауырмал құс. 20-30 жұмыртқаны топырлатып бір-ақ туатын мекиені болашақ ұрпағының қамымен басын қатерге тігіп, ұясына не қауіп төнсе де алысқа ұзамайды, күн-түні демей жұмыртқасын шайқаумен болады.
Ал балалар міне, құстар жайлы саяхат жасап аяқтадық, сендерге айтатыным одан да құстар жайлы көп білгілерін келсе кітапханаға келіп табиғат жайлы кітаптарды алып оқығандарына болады.
Панфилов атындағы орта коммуналдық
мемлекеттік мекеме
мектеп кітапханашысы
С.М.Қасымқанова