Ата-аналарға арналған тренинг
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Тапсырма:
Ата-анамен ұстаздардың кездесуі,
Ойынға қатысушылар арасындағы қарым-қатынас орнату
Жанұядағы тәрбие жйында пікір алмасу
І бөлім
1. «Кездесу» (Жай әуенмен 2 шеңбер болып қарама-қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап баланың қасиетін айтады)
2. Ассосация «Жанұя» (доп беру арқылы ата-ана жауап береді)
3. Қызықты сұрақтар
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың парталас көршісі кім?
5. Бүгін сабақтан қандай баға алды?
6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
9. Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?
10. Балаңызды еркелетіп қандай сөзбен айтасыз?
11. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң.
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.
ІІ бөлім. Жалпылау
Қимыл-қозғалыс арқылы жауап беру.
Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламалардан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе? ( -«иә» десеңіздер – қолдарыңызы шапалақтаңыз, -«жоқ» десеңіздер – аяқтаряңяздя тарсылдатыңыздар)
Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыңыз? ( - егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға созамыз, егер «шеше» десеңіздер жымиыңыз, егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз)
Ой жинақтау.
Баланың дамып жетілуіне қандай тәрбие әдістерін қолданасыз?
Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу керек?
(Сурет схема арқылы өз ойларын талдайды)
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлднген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.
Ендеше ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық.