«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» Ақынның тұтас халыққа арнап айтқан үндеуі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Абайтану –қазақ әдебиеттану ғылымының бір

саласы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Абайтану –қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы екендігін

аңғарту; қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын таныту;

2.Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, әдеби дүниетанымын, танымдық қызығушылықтарын дамыту;

3.Тәрбиелік: Абай шығармаларын оқыта отырып, оқушыларды адамгерші-лікке, адалдыққа, еңбек етуге тәрбиелеу, білім, ғылым үйренуге шақыру

Түрі: танымдық сабақ.

Әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау, талдау, ізденіс.

Көрнекілігі: Абай портреті, Абай шежіресі туралы жазылған слайд, Абайдың

суреттері, Ж. Ысмағұлов. Абайдың ақындық тағылымы. Алматы, 1984. Абай-

дың өлеңдер жинағы.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару .

II.Үй тапсырмасын сұрау.

Абай шығармалары туралы әңгімелету..


ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Кіріспе.

Абайтану-ұлы ақын мұрасын жан-жақты зерттеуді қажет ететін қазақ әдебиеті тарихы салаларының бірі. Совет өкіметі орнасымен-ақ, өткендегі мұраға қамқорлық маркстік-лениндік жаңа дүниетаным негізінде жүргізіле бастады. Ал Абай мұрасын тану, таныту, насихаттаудың алғашқы белгілері революцияға дейін-ақ көрінгенімен, оны шын мағынасындағы ғылыми тұрғыдан танып бағалау біздің заманымызда ғана жүзеге асты. 1933 жылы М.Әуезов Абайдың тұңғыш өмірбаянын жазып, Абайтанудың негізін салуды бастап берді. Бірақ 30 жылдардың аяғына дейінгі кезеңде жазылған сын мақала зерттеулерден бұл мұраны танып, бағалауға сол тұстың әдеби атмосферасында орын тепкен тұрпайы социологиялық теріс танымдардың салқыны тимей қалған жоқ.

Абайдың туғанына 95 және 100 жыл толу мерекелеріне орай көптеген мақала, зерттеулер жазылды. Осы кезден бастап әр түрлі ғылым салаларында Абай мұрасын әр қырынан қарастырып, зерттеу нәтижесінде 4 докторлыық, 24 кандидаттық диссертация қорғалып, ондаған монографиялық зерттеулер жарық көрді.

Абай мұрасының бірегей білгірі М.Әуезов ақын мұрасын зерттеуді ғылыми зерттеулері мен көркем шығармаларын жазу үстінде қатар жүргізіп, 8 түрлі күрделі проблема төңірегінде ізденді. Ал бұл проблемаларды әрі қарай Абайтанудың көрнекті зерттеушілері С.Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Т.Тәжібаев, З.Ахметов т.б. жалғастырды. Қазір зерттеу нысаналарына аса күрделі болып саналатын Абайдың дүниетанымы, ақын шығармаларының рухани нәр алған қайнарлары, ақындық дәстүрі, әдеби ортасы, орыс классиктерімен қатысы, т.б. қамтыла бастады.

Абай шығармалар жинағын шығарумен қатар оны басқа тілдерге аудару жұмысы жолға қойылды.





ІV. Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтан Абай туралы басқа ғалым, жазушылардың ой-пікірлерін тауып оқу, ой бөлісу.

V. Қорытындылау.

1. Абай мұраларын кімдер зерттеген?

2. М.Әуезов Абай мұрасын зерттеуде қандай проблемалар төңірегінде ізденді?

3. Ұлы ақын туралы зерттеушілер қандай пікірлер жазады?

VІ. Үйге тапсырма.

Абай тақырыбына байланысты реферат жазып келу.


VІІ. Бағалау.