Конспект урока по казахскому языку на тему: Қадыр Мырза Әлі (7- сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Пән: қазақ тілі 7 сынып

Сабақ тақырыбы: Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы.

Мақсаты:
а) Білімділігі: Оқушыларға еліміздің ақиық ақыны Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы түсінік беру. Адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру. Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің, қанатты сөздерінің мән-мағынасын ұғындыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту. Сөздік қорын молайту және тіл дамыту.
б) Тәрбиелік: Ақын – жазушылардың жалпы өнерін құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері: Зейін қойып тыңдау, мәнерлеп оқу, мазмұндама беру, өнегелі білім алу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: жазушының өмірбаяны, мәтін, сұрақ-жауап, мәнерлеп өлеңдер оқу, қанатты сөздер мен өлең талдау, тест.
Сабақтың көрнекіліктері: Әдеби кітаптар, үлестірмелі қағаздар, сурет, және өлең жолдары жазылған қағаздар.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті.

Қолданылатын инновациялық технологиясы: СТО

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.
(оқушылармен амандасып, оларды түгендеу).
2. Үй тапсырмасын сұрау.

3. Сөздік жұмысы. (сөздерді аударып жазу, қосымша тапсырманы орындау)

4.Сұрақ-жауап.

- Зат есім деген не?

- Сын есім деген не?

- Сан есім деген не?

- Есімдік деген не?

- Етістік деген не? Тұйық етістік?

5. «Ой шақыру» стратегиясы.

Ақын- сөзіне қандай ассоциация сөздер ойларына келеді? (адам, ақылды, өлең, құрметті, әдебиет, шығармалар т.б.)

6. Мағынаны тану.

Бүгін біз Қазақстан әйгілі жазушы Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы түсінеміз. Адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыра білеміз. Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің, қанатты сөздерінің мән-мағынасын ұғып аламыз.

«Қадыр, негізінен, ұлттық ақын. Ұлттық ақын болғанда, қазақ халқының ақыны. Оның туған халқының арғы-бергі өмірі, тіршілігі туралы жазған өлеңдері өте көп. Сол өлеңдерінің барлығын жинақтап айтсақ, қазақ халқы өмірің көркемдік шежіресі, әдебиеттегі образды тарихы деуге болады».

Мәтінді екі топқа бөліп аудару. Одан кейін мәтіннен ең маңызды деректерді теріп жазу.
Өмірбаяны мен шығармашылығы. (қысқыша мәлімет – 1 оқушы ауызша оқып шағады)





Қадыр Мырзалиев 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология

факультетін тамамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары.

Тұңғыш туындысы  1954 жылы «Пионер» журналында жарияланды.  Содан бергі уақыт ішінде  40-тан астам жыр жинақтары мен әдеби – сын,  ән өлеңдері мен прозалық кітаптары: «Көктем» (1959), «Сабақ», «Ой орманы» (1965), «Дала дидары» (1966) », «Кеш» (1973) т.б., сондай-ақ тоқсаныншы жылдары таңдамалы шығармаларының 5 томдығы, ал 2001 жылы  »Қазығұрт» баспасынан 15 томдығы шыққан. Бірнеше пьесасы сахнада қойылған.

Өлеңдері көптеген шетел тілдеріне аударылған. Ол Овийдің,  Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Расул Ғамзатовтың, Межелайтистің,  Петифидің, т.б. жырларын қазақ тіліне аударған.

1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Әнұраны жаңа мәтіні авторларының бірі. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.

7. Бекіту тапсырмалары

1) Ақынның ой толғамдары. (қанатты сөздерін оқу, мағынасын ашу)
2) Ақын өлеңін мәнерлеп оқып, мағынасын ашу, аудио жазуды тыңдау.
«Қызыл кітап»

8. Шығармашылық жұмыс.
Қадір Мырза Әли - Бес жолды өлең жазу.

1.Қадір Мырза Әли.

2.Әйгілі, құрметті, білімді.

3.Өлең жазды, шығармашылық өмір сүрді.

4.Қадір Мырза Әли- белгігі ақын.

5.Ақын.

9. Қорытынды.

Тест сұрақтары.

1.Қадір мырза Әли қай жылы туған?

А)1936 ә)1925 б)1935

2. Қадыр Мырза Әли кім?

а)ақын, жазушы ә) сазгер б) ғалым

3. Қадыр Мырза Әлидің өлеңі?

а) Он саусақ ә) Жаз лебі б) Қызыл кітап

4. 2001 жылы Қадір Мырза Әли қандай сыйлық алды?

а)Халық Қаһарманы ә) Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.

б) Кеңес Одағының сыйлығы

5. Қадір Мырза Әли қай жылы қайтыс болған?

а)2010 ә) 2012 б) 2011

10. Үйге тапсырма: 193 бет тапсырма, реферат.
11.
Бағалау.