Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: «Көлік туралы түсінік»
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Көлік тақырыбына жан-жақты түсінік беріп, көлік түрлерімен
таныстыру. Көлік түрлері, олардың пайдасы туралы түсінік қалыптастыру, әртүрлі салаға қажетті көлік түрлерін ажыратуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың сабақ барысында, тапсырмаларды орындау
кезінде ойлау қабілетін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Жаңа сөздермен жұмыс орындау барысында оқушылардың сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік: Көліктің қозғалыс барысында жол жүру ережелерін сақтауға және
оқушыларды тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: мультимедиялық кешен, постер, маркер, суреттер.
Әдістәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелесу, көрнекілік,түсіндіру.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, зейінін сабаққа аудару. Психологиялық тұрғыдан сабаққа дайындық, оқушылардың көңіл-күйін сабаққа икемдеу.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
ұғымымен танысып, оның түрлерін ажырата білуге үйренеміз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Көлік туралы түсінік».
Сөздік жұмыс:
Көлік –транспорт
тасымалдау – перевозить
жылдамдылық – скорость
жүк –груз
мініс малы – верховые животные
жегін малы – животные, предназначенные для упряжки
жетістік – достижение
көлік құралы – транспортное средство
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалімнің кіріспе сөзі. (бейнесуреттер көрсетіледі)
Көлік – (латын тілінен trans – «арқылы» және portare - «апару» деген мағынаны білдіреді) адамдарды және жүктерді тасымалдау үшін арналған құралдарының жиынтығы. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе, жылқы, құлан, қашыр, есек, сиыр, бұғы, ит жатады. Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомобиль, пойыз, ұшақтар ығыстыра бастады. Жегін малыарба, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға падаланылады. Көліктің бірнеше түрі бар. Олар: автомобиль көлігі, су көлігі, әуе көлігі, теміржол көлігі.
ІV. Мәтінмен жұмыс.
Ал, оқушылар, дәптерлерді ашып, бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазып
қойыңдар. Тақтадағы мәтінді өз бетінше оқып, мәтін бойынша 3-4 сұрақ құрастырыңдар. Сендерге 5 минут беріледі. (2-3 оқушы дауыстап өз сұрақтарын оқиды).
Топтық жұмыс. Енді, балалар, 3 топқа бөлінесіңдер. Әр топтың өз топ басшысы болады. Топ басшысы тапсырманы орындау барысында әр қатысушының белсенділігін бақылап, соңында баға қояды. Әр топқа бір көлік түрі туралы мәтін беріледі. (І топ – әуе көлігі, ІІ топ – автомобиль көлігі, ІІІ топ – темір жол көлігі). Сонымен мынандай тапсырма: мәтінді өз бетінше оқып шығасыңдар да, мәтіндегі мәліметті пайдаланып, кластер жасайсыңдар. Содан кейін 1-2 оқушы шығып, дайындаған презентацияны қорғайсыңдар. (10 минут)
Тапсырманы орындағаннан кейін әр топ өз презентацияны қорғайды. (3 минут)
бойынша сұрақтар мен тапсырма беріледі.
V. Жаңа материалды бекіту:
Тақтаға әр оқушы шығып берілген сөйлемді толықтырады.
Дүниежүзіндегі теміржолдың жалпы ұзындығы . . . (1 млн 250 мың км-ге
жуық)
. . . – жүктерді таяу және орта қашықтыққа жедел жеткізетін тиімді көлік
құралы. (Автомобиль көлігі)
Әуе көлігінің басқа көлік түрлерінен айырмашылығы - . . ..(жылдамдылығында)
. . . көбінесе жолаушы тасымалы мен тез бұзылатын (жемістер мен көкөністер)
жүктерді тасымалдауда үлкен маңыз алуда. (Әуе көлігі)
Бұл көрсеткіш жөнінен әсіресе АҚШ айрықша көзге түседі: мұнда 1000 адамға
. . . . келеді. (600 автомобильден)
Тасымалданатын негізгі өнімдер – көмір, . . . . (астық, мұнай және сұйық жүктер)
. . . – республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы. (Темір жол
көлігі)
. . . – әуе тасымалын орындайтын көлік түрі. (Әуе көлігі)
Қазақстанға тұңғыш ұшақ . . . ұшып келді. (1918 жылы)
Көлік 4 түрге бөлінеді: . . . (автомобиль, темір жол, әуе, су)
VІ. Сабақты қорытындылау.
Балалар, бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Көлік дегеніміз не?
Көліктің неше түрі бар?
Көлік түрлерін кім атап береді?
Автомобиль көлігіне нені жатқызуға болады?
Біздің ауданымызда көліктің қандай түрлері кездеседі?
Ал, облысымызда кездесетін көлік түрлері?
VІІ. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан балаларды топ басшысы баға қояды.
VІІІ. Кез келген көлік түрін таңдап алып, презентация жасау.
Әр топқа таратылатын қосымша мәтіндер.
Темір жол көлігі.
Темір жол көлігі – республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы. Дүниежүзіндегі теміржолдың жалпы ұзындығы 1 млн 250 мың км-ге жуық. Қазақстанның географиялық жағдайы (теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы), оның ұлан-байтақ аумақты алып жатуына байланысты темір жол көлігінің ел экономикасындағы рөлі айрықша маңызды. Тасымалданатын негізгі өнімдер – көмір, астық, мұнай және сұйық жүктер.
Сөздік:
Кешен – комплекс
құрал – средство
жалпы ұзындығы – общая протяженность
негізгі өнімдер – основные продукты
Автомобиль көлігі.
Автомобиь көлігі – жүктерді таяу және орта қашықтыққа жедел жеткізетін тиімді көлік құралы. Ол Қазақстанда кезең-кезеңмен дамыды. Қазақстандағы халықаралық автомобиль тасымалы, негізінен, халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарында орындалады.
Автомобиль көлігінің үлес салмағы жыл сайын арта түсуде. Оған дәлел – тасжолдардың ұзындығының күрт өсуі; қазіргі кезде дүниежүзі бойыншаолардың жалпы ұзындығы 25 млн км-ге жуықтады.
Бұл көрсеткіш жөнінен әсіресе АҚШ айрықша көзге түседі: мұнда 1000 адамға- 600 автомобильден келеді. Жолдардың жиілігі жөнінен Батыс Еуропа мен Жапония алға шығады.
Сөздік:
Таяу – близко
кезең-кезеңмен – постепенно
үлес салмағы – объем вклада
көрсеткіш – показатель
жиілігі – частота
ұзындығы – протяженность
Әуе көлігі.
Әуе көлігі – көліктің ең жаңа және қарқынды дамып келе жатқан түрі. Әуе көлігі көбінесе жолаушы тасымалы мен тез бұзылатын (жемістер мен көкөністер) жүктерді тасымалдауда үлкен маңыз алуда. Әуе көлігі – әуе тасымалын орындайтын көлік түрі. Әуе көлігінің басқа көлік түрлерінен айырмашылығы – жылдамдылығында.
Қазақстанға тұңғыш ұшақ 1918 жылы ұшып келді (Мәртөк – Новосергеевка бағытында).
1923 жылы «Добролет» қоғамы құрылып, ол әуе поштасы мен жолаушылар тасымалдау ісін ұйымдастыруды қолға алды.
1924 жылы «Ю-13» ұшағымен Ташкент-Алматы, Алматы-Ташкент бағытында бірінші рет ұшу сынағы өткізілді.
1925 жылы Бішкек-Алматы әуе жолымен алғашқы пошта тасымалы жасалды.
1929 жылы Қызылорда-Мәскеу әуе жолы ашылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін бірнеше әуекомпаниялары («Эйр Қазақстан», «Эйр Астана») құрылды. Әуе компаниялары ішкі және халықаралық жолаушылар, пошта, жүк тасымалдауды, т.б. орындайды.
Сөздік:
Қарқынды дамып жатқан – быстроразвивающийся
жолаушы тасымалы – пассажирские перевозки
тез бұзылатын – быстро портящиеся
айырмашылық – отличие
ұйымдастыру – организовать
ұшусынағы – испытание самолета