Тақырыбы: «Сыбдыры сұлу, Алтын күз»
Мақсаты:Оқушылардың күз мезгілінің ерекшелігі туралы, күзде істелетін жұмыстар, күз молшылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, ата- аналар , оқушылар «Сыбдыры сұлу , Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер!
Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Күз – байлық, күз –молшылық, күз – қуаныш, күз – шаттық дей отырып, мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Алтын, алтын сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр.
Мектептегі дәстүрлі .
Мерекемізбұл да бір.
Берекесін сыйлауға ,
Өлкемізге күз келді.
Күзгі балды тойлауға ,
Шақырамыз сіздерді.
Сахналақ қойылым.
Сахнаның шетінде « Алтын күз» тақырыбына арнап шығарма жазып отырған оқушы отырады. Кітап, дәптерлерін ашып, сабақ қарайды.Кітап оқып, әрі , бері жүріп үстелге отырады.
Еңілік:Достым, Галина мұғалім үйге күз тақырыбында шығарма жазуға берген.-Көмектесші.Диана:Еңілік оған қиналатын несі бар Күз айы –өте бір тамаша мезгіл.Күздің бізге берер сыйы да мол. Өзің ойланып отырып жаз , содан кейін маған оқып бересің (Еңілік ойланып жаза бастайды.)
Дауыстап оқып, отырып жазады.
Еңілік:
Күз келді,күн суыта бастады.Ба-ла-лар да өз-де-рі-нің ал-тын ұя мек-теп-те -рі -не о-рал-ды.(деп ұйқыға кетеді.дауысы біртін деп бәсеңдейді)
Би : «Көбелек »
(Диана мен Еңілік сахнаға шығып - таңғалады.Таңданып Диана:
-Біз қайда келдік?
(Күз киімін киген қыз бала келеді,.қасында үш қызы бар)
Күз :Мадина
Мен күзбін .Өте еркемін . Сәл нәрсеге ренжіп. Бұртыйып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп ,көз жасымды алмай төгіп-төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым мен ақкөңілдігімді бәрі де ұнатады.
Менің айларым-еңбек ерліктің айы . Отан қоймасы , алтын астыққа толады. Диқандареңбек жемісін екелетінберекеайы ,берекесінтойлайтын , мерекеайы . Сондықтан да мені жұрт « Алтын күз» дептеңейді.
Диана:
-Еңілік күздің ең керемет байлығын көрдің бе?
(Еңілік таңырқай .) -Ол не Диана?
Диана:Ол деген егін . Егін дегенім-дән . Дән дегенім нан емес пе? Біздің бар байлығымыз нанға толды. Нан –бақытты өмірдің бастауы, нан ән мен жырдың өзегі . Нан қасиет, нан -береке , нан-мереке емес пе ?
Сахналық көрініс:
Сахнада әртүрлі жануарлар киімі мен киінген аңдар ,алма, алмұрт, жемістерді себетке жинап жүргенін көрген Диана:
Оу кірпі , сен не істеп жүрсің?
Кірпі: Сен айналаңа қарашы, жемістер, көкөніс терпісіп , жерге түсіп жатыр, соны жинап , қысқа дайындалып жатырмыз.Еңілік: - Араларыңда аю жоқ қой?
Кірпі: - Аюлар қысқы ұйқыға дайындалып жатыр. Мен қазір күзгі көкөністер, жемістер туралы жұмбақ жасырамын. Ал шешейік:
Дөп-дөңгелек доптай,
Іші қызыл шоқтай.
Дәмін татып көрсең,
Одан дәмді жоқтай. (қарбыз)
Тәттінің іші қатты,Қаттының іші тәтті. (өрік)
3.Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көк киім.
Жаңбыр одан өтпейді,
Қабат-қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді.(орамжапырақ)
4.Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр.(қызылша)
Кірпі: - Рахмет, балалар! Күн суытты, бізге азық жинап үлгеру керек. Сау болыңдар!
Күншығады : Әсел.Диана: - Біз, тағы қандай таң ғажайып жерге тап болдық. (Осы кезде жаңбыр мен жел ,күн сәулесін қуып жүреді )
Еңілік: – Күн сәулесі саған не болды? Сен неге жабырқаусың ?
Әсел:- Күз мезгілінде тек жеміс -жидектерғана пісіп қоймайды , табиғатта да өзгерістер болады. Жел мен найзағай егер бізбен ойнамасаң селкілдеп тұрып,жаңбырлатамыз -деп менің соңымнан қуып болмайды.
Диана: Балалар ондай болса күнге көмек көрсетейік.
Би :«Бұлтар мен тамшылар»
Диана:Еңілік , сен енді шығарма жазалатын болдың ба? Сенің шығарма жазғаның қайда?
Еңілік:Диана, мен күздің кереметін енді түсіндім.
-Күзді береке дейміз. Өйткені күзде барлық жеміс -жидектер ,егін пісіп , мал семіреді.
Күзді-байлық дейміз. Өйткені піскен егін , жеміс-жидектер дүкендерге толады. Молшылық болады.
-Күзді мереке дейміз-адамдар өз еңбегінің жемісін көріп қуанады , мерекелейді.
Енді мен шығармадан «5» алатын болдым.
Жүргізуші:
Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын.
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
(Әуен ойналады. Осы кезде есік жақтан айқау -шу естіледі.)
Балалар:
Мұнда кіруге болмайды!
Біз ойын сауық өткізіп жатырмыз.
(Күз Ханшасы орнынан тұрып есік жаққа қарайды.)
Күз Ханшасы: Біздің мерекеміздің шырқын бұзуға кімнің батылы жетті екен? Кім бұл?
Қарақшы : Алтын күз Ханшамыз! Бір ауыз сөзім бар . Айтуға рұқсат етіңіз!
(Қарақшы иіледі)
Күз Ханшасы: Сен кімсің? Қайдан жүрсің? Қайда барасың? Күзгі балға алба- жұлба болып киініп келгенің не?
Қарақшы: Мен әрқашан да осылай киінемін. Бақта да, далада да, бәрі меннен қорқады..
Күз Ханшасы: Түсінбедім не дегенің?
(Қарақшы қалтасынан орамал шығарып көз жасын сүртеді.)
Қарақшы Мен ешқандай жалқау да , жұмыссыз да емеспін. Бау – бақшаның қорғаушысымын. Қыста да жаз да да демалмай жұмыс жасаймын. Оған менің дәлелім бар. Құстар айтыңдаршы, мен сендерді бақшадан қуамын ғой.
Құстар : Қуасыз, қуасыз!
Қарақшы : өсімдік атаулы айтыңдаршы!
Мен сендерді қорғаймын ғой.
Өсімдіктер: Қорғайсыз, қорғайсыз!
Күз ханшасы: жарайды. Бәрі де түсінікті болды.Сен бұларға ренжіме. Біздің мерекемізге қатысып, қонағымыз бол!
(Қарақшы құстардың қасына барып отырады.)
Қыркүйек: Ардақты анамыз! Осы мерекеге арнап бізде өнерімізді көрсеткіміз келді. Бізде өнерімізді ортаға салайық.
Күз Ханшасы: Мерекені кешіктіріп алдық балаларым ендеше бастаңдар!
Қыркүйек:
Мынау сөздің түйіні,
Қою бұлтты жүздіріп.
Әкелгем жоқ ызғырық,
Жаңбырымды себелеп,
Қуаң жерге нәр бердім.
Ән :«Жылайды жапырақ» орындайтын :Болатқызы Сымбат
Күз Ханшасы: Жарайсың, Қыркүйек! Әнің көңілді жақсы екен. Ал Қазан сенің қандай өнерің бар?
Қазан:
Шуды азайтты орман , көл,
Түсті дәні беденің.
Таңым салқын болғанмен,
Түсте жаз боп кетемін.
Ән :«Ақбидай » орындайтын Мұханбедияр Ақниет
Күз Ханшасы: Тамаша рахмет! Биің керемет екен!
(Осы кезде шиқылдаған құстың дыбыстары естіледі)
Күз Ханшасы: Бұл жылы жаққа ұшып бара жатқан құстардың даусы. Өзі сондай мұңды ғой!
Қазан мен Қыркүйек: Бұл туған жерлерін қимай, ұшып бара жатқан құстар үні.
Күз Ханшасы: Құстар. Сендер қайғырмаңдар! Көктем жаз бойына ән салдыңдар Сол әндеріңнің куәсі болайық қәне!
Вальс: «Құстар» орындайтындар 4с» сынып оқушылары
Күз Ханшасы: Қараша балам сенің қандай өнерің бар? Қәне тамашалайық!
Қараша:
Қатайды да жас шыбық,
Бұлт бүркеді аспанды.
Қырдағы шөп морт сынып,
Орман жалаңаштанды.
Топтық би: 4 «а» сынып оқушылары
Қарақшы: Туһ, тоңып кеттім ғой. Өзіңнен ызғырық жел есіп тұр. Қайдағы боранды айтып көңілімізді құлазытып жібердің ғой.
Кештің көңілді өтуіне менде азғана көмектесіп жіберсем қайтеді?
Осы мерекеге келген көптеген балалар бар, күзге арнаған тақпақтары бар ма? Қәне ортаға салайық.
(Тақпақтар айтылады)
Күз Ханшасы: Бәрекелді, мен риза болдым барлығы шеттерінен өнерлі екенсіңдер!
Қарақшы: Күз ханшасының балаларының қайыcсы епті екен соны сынап көрсек қайтеді? Күз Ханшасы қалай қарайсыз?
Күз Ханшасы: Сынасақ сынайық. Не істегің келіп тұр?
Қарақшы: Балалармен ойын өткізсек деп едім.
Ойын: «Қаппен жүгіру»
Күз Ханшасы: Біз бүгін «Күзгі балл» мерексін тойладық.
Иә, балалар мен әртүрлі болып өзгеріп отырмын. Кейде күндей жарқыраған ашық, кейде бұлтты болып түнеріп тұрмын.
Бірақ мен бақыттымын, себебі сендер менің ақкөңіл аңғал сұлулығымды ұнатып қалыпсыңдар. Сол үшін де қуанамын. Осы мерекеге қатысып өнер көрсеткендеріңе рахмет айтамын.
Жүргізуші: Күз ханшайымы сіз мұңаймаңыз біздің әлі де көрсететін өнерлеріміз бар бірге тамашалаңыз.
Күз кереметі сән шеруі
Марапаттау
Жүргізуші: «Сыбдыры сұлу, Алтын күз» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Келесі күзгі балда кездескенше!
[pic]
«ыбдыры сұлу , алтын күзері бері рұқсат етіңіздер!ушылар! стар, күз молшылығы туралы түсініктерін кеңейту.
[pic] [pic]
[pic]
[pic]
[pic]
С.Жаңғабылов орта мектебі
Сыбдыры сұлу,
Алтын күз
тәрбие сағаты
Абдуллаева Әсия
Шалбарбева Рысгүл
2015-2016 оқу жылы