Өзін - өзі тану «Сабырлық пен ұстамдылық» 5 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп_______________ Мерзiм _____ Мұғалім: Алпемаш Е.

Сынып: 5 Оқушылар саны: 12

Тақырып: «Сабырлық пен ұстамдылық»

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер: Сабырлық, ұстамдылық, шыдамдылық, төзімділік, байсалдылық.


Сабақ мақсаты: Оқушыларға сабырлық пен ұстамдылық қасиеттерін жөнінде түсініктерін кеңейту арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.


Міндеттері:

Білімділік: Оқушылардың өзара үйлесімдікке жету жолында сабырлық, байсалдылық жөнінде білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Оқушыларға әртүрлі жағдаяттарды таллдау арқылы «ұстамдылық» пен «сабырлық» қасиеттерін дамыту.


Тәрбиелілік: Оқушыларды шыдамдылыққа, ұстамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) қажетті құрал-жабдықтары: оқулық, дәптер, күнделік, қалам, қарындаш, А3 қағаздары

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.

ә) 5 Т-ны еске түсіру. (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)



1.Тыныштық сәті «Нұрға бөлену» (3 мин)

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге:кең байтақ туған елімізге, барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Қандай сезімде болдыңыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер.


  1. Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтың 78-79 бетіндегі «Сабыр түбі – сары алтын» атты аңыз әңгімесін оқып, мазмұндау.


    1. Екі патша неге келіспей қалды?

    2. Патшалар келісімге келе алмағандықтан соңы неге ұласты?

    3. «Сабыр түбі-сары алтын» дегенді қалай түсінесіздер?

    4. Барлығымен татулықта болу үшін адам бойында қандай қасиеттерге болу керек?

    5. Қандай құндылық әңгімеде қарастырылып отыр?

    6. Өзің ашуланған кезде қалай сабырлыққа келесің?

Ескерту:

  1. Дәйексөз.

(дәйексөзді бірнеше рет айтқызу, дәптерге жазып алу) «Ұстамдылық - әдептің ұстазы, ұстамсыздық- әлектің нұсқасы»

Нақыл сөз (ел ауызынан берілген сөз)



  1. Әңгiмелеу

«Сиқырлы тас» ертегісі

бейнежазба көрсету

Сұрақтар

Адам неліктен бүркітке сене бастайды?

  1. Тыныштықтың бұзылуына кім себеп болды?

  2. Бүркіттің бойында қандай қасиеттер көрінеді?

  3. Ашуланған кезде біреулерді ренжітіп алған кездерің болды ма? Болса, ол адамдармен қалай татуластың?

(Мұғалім: Ал, ендеше балалар; - Әр нәрсенің байыбына барып, ақылға салып, өзін-өзі ұстай білу – Сабырлықтың белгісі. Қандай жағдайда болмасын қызбалыққа салынбай, шыдамдылық танытып, өз ісіне байсалдықпен қарау – Ұстамдылықтың белгісі).


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Түрлі – түсті қағаздар арқылы оқушылар топтарға бөлінеді. Тапсырма үш топқа беріледі.

1-топ. Сабырлық туралы эссе жазу

2-топ. Сөзжұмбақ шешу

3-топ. Мақалдарды жалғастыру. Мәнін ашу.


  1. Топпен ән айту.

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсынақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсынақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсынақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Қызылмен белгіленген өлең жолдарын қалай түсінесіздер?



  1. Үй тапсырмасы. Оқулықтың 79-бетіндегі «Адал бала» аңыз әңгімесін мазмұндау.



  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырыңыздар, көздеріңізді жұмыңыздар.

Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар.

«Мен сабырлымын , ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін. Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар. (Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады).

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!