Сабақтың тақырыбы: Буын түрлері
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың буын және оның түрлері туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың фонетика жайындағы, тіл дыбыстары және олардың түрлері туралы теориялық білімдерін кеңейту және олдары практикада қолдана білуге үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық.
1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау
«Құпия сөздің кілтін аш» ойыны
I Қызығушылықты ояту (жұмбақтың шешуі болған сөздерді буын түрлеріне ажырату)
Сандықтың ішіне нені тығып ұстай алмайсың (жарық)
Сен жоғалтсаң, сен іздеп таба алмайтын,
Мен жоғалтсам мен іздеп таба алмайтын
Ол не? (уақыт)
Көппен бөліскен сайын көбейер. Ол не? (ой)
Әпкесі бауырына қонаққа барады, бауыры одан тығылып қалады (Ай мен Күн)
«Бағыныңқы, басыңқы»
Деген ұғым келеді.
Синтаксис оны зерттейді
Кім ол туралы түсіндіріп береді? (сөз тіркесі)
Сөзден, сөз тіркесінен құраламын,
Тиянақтап ойды тұра аламын. (сөйлем)
Әр түрлі амал- тәсілдерден Сөйтіп ойға әсер берген? (байланысу түрлері мен тәсілдері)
ІІІ. Сабақты бекіту
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
1.Буын құрайтын дыбыстарды жаз.
2.Төмендегі сөздерден ашық буынды тап.
Күн шығып, ел тұра бастады, - Нұрлан әлі жоқ.
ІІ деңгей
1.Мәтіндегі сөздерді буын түрлеріне қарай талда.
Қорған кезінде топырақ араластыра тастан қаланған екен де, бұл кезде қорғанның үстіне жыңғыл мен шеңгел араластыра шығып, өзінше ол да бір сән беріп тұр.
ІІІ деңгей
1.«Егемен Қазақстан» тақырыбына шағын шығарма жазып, буын түрлеріне талда.
«Қай буынды жоғалттым ?» ойыны.
Сөздерді дұрыс бөлуге жаттықтыру үшін алғашқы ойын тәсілін пайдалануға болады. Мысалы: қалам, мектеп, досым сөздеріндегі қа... , ... теп, дос... жазылмаған буындарды дұрыс, шапшаң, әрі көп тапқан оқушылар ұтады.
Оқулықпен жұмыс:
306– жаттығу
* Мәтіннен өздерің қалаған үш сөзді буын түрлеріне ажыратып талдаңдар.
307 – жаттығу
308 – жаттығу
ІV. Сабақты қорыту
Бағалау
Үйге тапсырма:
Буын және оның түрлері туралы қайталау.
309 – жаттығу.