Облыстық балалар оңалту орталығы
"Апельсинмен с - тәжірибе"
Логопед: Скакова А.
[pic]
Қызылорда қаласы
Сабақтың тақырыбы: Апельсинмен іс-тәжірибе
Сабақтың мақсаты:
Апельсин туралы түсініктерін кеңейту. Түрлі іс-тәжірибе жасау арқылы танымдық әрекетін, ойлау қабілетін, сенсорлық базасын дамыту. Өз бетінше еңбек етуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: слайд
Қажетті құралдар: апельсин, салфетка, проектор, шар және т.б.
Оқу іс-әрекет түрі: эксперимент
Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, тәжірибе жасау
Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Бүгін біз сендермен тәжірибе жасаймыз. Немен тәжірибе жасайтынымызды сендер өздерің табуларың керек.
-Ол үшін барлығымыз көзімізді жұмамыз, мен ұсынған затты иіскеп , ол не екенін айтуларың керек.
-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бүгін біз апельсинмен тәжірибе жасайды екенбіз.
-Тәжірибені басатамас бұрын, апельсиннің дәмін көрейік.
-Балалар апельсин дәмі қандай екен?
-Балалардың жауабы.
-Балалар апельсин құрамында дәрумендер өте көп.
Ал енді тәжірибемізді бастайық.
[pic]
Іс -тәжірибе кезеңдері:
Апельсин түсі қандай?
Қажетті құрал: гуашь бояуы, су, стакан
+ =
Бояуларды суға араластыру арқылы көрсету.
Апельсин суға батады ма?
Қажетті құрал: су, стакан, 2 апельсин
[pic]
Апельсин қабығы ашылған кезде суға бататынын көрсету. Не себепті бататынын сұрау арқылы миға шабуыл жасау
Шар және апельсин қабығы.
Қажетті құралдар: шар, апельсин қабығы
[pic]
Жанартау және шар үрлеу
Қажетті құралдар: сода, сірке суы, апельсин шырыны, су
Сода мен суды құтыда араластырамыз, оған апельсин шырыны мен сірке суын араластырып қосамыз.
[pic]
Құпия хат
Қажетті құралдар: апельсин шырыны, құлақ тазалайтын, ақ қағаз, үтік
Апельсин шырынымен ақ қағазға сурет саламыз. Одан кейін қағазды үтіктейміз. Апельсин шырынымен салынған сурет ақ қағаз бетіне шығады.
-Көрдіңдер ма, апельсинмен түрлі тәжірибелер жасауға болады екен.
-Сендерге сабақ ұнады ма?
-Қайсы тәжірибе қызық болды?
-Балалар, бүгінгі сабаққа барлығың да жақсы қатыстыңдар.
- Сол үшін сендерге "Тәтті апельсин" өз шырынын акелді.
Аспанымыз ашық болсын,
Күніміз жарық болсын.
Деніміз сау болсын,
Бәріміз тату, дос болайық.