Сабақ жоспары
Пәні: қазақ әдебиеті Күні:
Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен жұмыс істеуге баулу және қазақша сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: Өнер адамдарын, өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, пікір - талас, іздендіру
Сабақтың көрнекілігі: Ақынның портреті, шығармалар жинағы, үлестірмелі карточкалар
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, орыс тілі
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру:
- Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету
(сыныпты сабаққа әзірлеу);
- Сәлемдесу,түгендеу,сынып тазалығына көңіл бөлу;
- Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау;
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
- Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру;
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
- Үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру;
- Кемшіліктер мен қателіктерді анықтау;
- Қатемен жұмыс;
Тест алу, жаттау сұрау.
3. Өткен сабақпен жаңа сабақты сабақтастыру:
- Өткен сабаққа шолу
- Өткен тақырыппен жаңа тақырыпты байланыстыру
- Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын оқыту.
4. Жаңа сабақты түсіндіру:
Міндеттері: Жаңа сөздерді, жаңа материалды таныстыру, меңгерту.
Мақатаев 1931жылы 9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында туған. Балалардың үлкені – Мұқағали еді. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына өтті. Әкесі Сүлеймен соғыста қаза тауып, анасы Нағиман мен әжесі Тиынның тәрбиесінде өсті. Ол 10-11 жастан бастап өлең шығара бастайды.
Әйелі – Лашын Әзімжанова. Тұңғыш қызы – Ләззат 1949 жылдың желтоқсанында дүниеге келіп, сәуірде суық тиіп қайтыс болған. Екінші қызы – Майгүл 1951 жылы мамырда дүниеге келген, 1962 жылы Алматыға көшіп келгеннен кейін машина апатынан қайтыс болады. Бұл қаза ақынға қатты соққы болады. Майгүлге арналған өлеңдер циклі баршылық. Қалған балалары – Жұлдыз, Айбар, Алмагүл, Шолпан.
Мұқағали орыс, неміс тілдерін жақсы білген.
1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес») ауылдық кеңес хатшысы, мектепте мұғалім болды.
1952-1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі әдебиет және өнер институтында оқыды.
Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай», «Інімнің ойы», «Шебер». Өлеңдегі ұстазы – Қ.Аманжолов. Ақынның тұңғыш кітабы – «Ильич», ал кейінгі шығармалары «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», “Чили – шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!», «Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық өлеңдері бар. Мұқағали – ақын, жазушы, драматург. Ақиық ақын 1976 жылы 27-інші наурызда 45 жасында Алматы қаласында қайтыс болды.
5. Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру кезеңі:
Міндеті: Жаңа материалды оқушының қаншалықты меңгергенін тексеру.
-М.Мақатаев кім?
-Қашан,қай жерде дүниеге келген?
-Әкесінің аты?
-Анасының аты?
-Атақты жайлаудың аты?
-Ақынның балалық шағы жайлы әңгімеле?
-Ақын өлеңдерін ата?
-Ақын поэмаларын ата?
-Қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?
6. Жаңа материалды бекіту кезеңі:
Міндеті: Жаңа материалды ауызекі және жазба тілде қолдана алу біліктілігін қалыптастыру.
З.Серікқалиев:
«Мұқағали мұрасы,маржан поэзиясы-болашақ ұрпақтардың да еншісі,қастерлеп-қадірлейтін қазынасы»
Ә.Кекілбаев:
«М.Мақатаев-адамдар арасындағы, өмірдегі,
табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы.
Оның өлеңдері туған ауылының табиғатына, достарына, әжесіне, жарына, балаларына, махаббатына арналған»
Жаңа сабақты қорытындылау:
Міндеті: Сабақтың тәрбиелік мақсатын ашу; жаңа материал бойынша ойын қорытып - Мұқағали Мақатаев кім?
- Мұқағали Мақатаев ең бірінші ақын дейміз, сосын драматург, сатирик, публицист, жазушы, аудармашы, ұстаз, журналист деп атап өтеміз.
- М.Мақатаев қай жылы, қайда туған?
- Ол әкесінен неше жасында жетім қалды?
- Оның қандай өлеңдерін білесің?
- Қай жылы мемлекеттік сыйлықты алды және қандай кітабы үшін?
- 2000 жылы15 желтоқсанда мемлекеттік сыйлық берілді және «Аманат» кітабы үшін.
Махаббат диалогы.
- Құс боп ұшып кетсем не етер едің?
- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
- Отқа түсіп өрттенсем не етер едің?
- Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
- Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
- Жел боп қуып соңыңнан жетер едім!
- Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
- Қойшы сәулем бәрін де көтеремін!
8. Үй тапсырмасы:
Міндеттері: оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын, мазмұнын, орындау тәсілдерін түсіндіру.
М. Мақатаевтың өмірін оқу, өлеңдерін жаттап келу.
9. Сабақты бағалау кезеңі:
Міндеті: өзара бақылау, жеке оқушының және сыныптың жұмысы мен қабілеттілігіне сапалы баға беру (ынталандыру, мадақтау, ескерту).
10. Рефлексия кезеңі: оқушының көңіл-күйін, іс-әрекетін,оқушылар мен мұғалімнің өзара рефлексиясына жағдай жасау.