Конспект урока по казахскому языку на тему Менің Отаным Қазақстан

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәні: Қазақ тілі

Сынып: 4 Б

Сабақың тақырыбы:Менің Отаным Қазақстан

Сабақың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың Қазақстан Республикасы туралы алған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорларын толықтыру,ауызекі тілде еркін жеткізуді қалыптастыру.

2.Дамытушылық: оқушының алдыңғы, өткен сабақтарды қайталай келіп, тілдерін, ой-өрістерін, дұрыс сөйлеу дағдыларын, қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Қазақстан елінің жері, рәміздері, тіл саясатына, тәуелсіздік жолындағы белестерге тоқталып, оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін тудыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, лента, кесте.

Сабақтың барысы:

I.Ұйыдастыру кезеңі

Қазақ тілінде,балалар,бір өте жақсы сөз бар.Барлық қазақтар ол сөзді жақсы көреді.Ол сөз- қонақ.Бүгін бізге де қонақтар келіп отыр.Бүгінгі қонақтарға, біздің мектеп мұғалімдеріне, біздің сыйлықтарымыз сендердің сабақта алған «4» пен «5»бағаларыңыз

Сұрақтарға жауап беріңдер:

Біздің Отанымыз қандай? (слайд № 1)

Елбасымыз кім? (слайд № 2)

Қазақстанның рәміздерің атап жіберейік? (слайд № 3,4,5)

II. Cабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

— Балалар, бүгін сендердің мойындарыңда екі түрлі лента бар. Бұл ненің белгісі? Бұл түстерді қай жерден көруге болады?

— Тудан.

— Көк түс нені білдіреді?

— Ашық аспанды білдіреді.

— Сары түс нені білдіреді?

— Күн сәулесін білдіреді.

— Осындай күн сәулесі төгілген, ашық аспанда тұрып жатқан біздің Отанымыз қалай аталады?

— Қазақстан.

— Қазақстан дегенде сендердің ойларыңа қандай сөздер түседі. (Кластер құрастыру)

(слайд № 6) [pic]

III. Жаңа сабақ(слайд № 7)

Кіріспе бөлімі:

— Қазақстан бәріміздің Отанымыз. Өйткені әр адамның өзінің туып-өскен жері болады. Сондықтан әрбір адам өз Отанын, туған жерін, ата-мекенін қорғауы тиіс.

Мінеки, балалар, өздерің байқап отырғандай, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан — біздің Отанымыз» деп аталады. Осы сабақта сөздік қорымызды байытып, өз туған жеріміз туралы мағлұматтар алып, ойымызды еркін жеткізіп, ауызша сөйлеуге үйренеміз.

IV. Сөздікпен жұмыс

Жаңа сөздер
Отан – Родина мемлекет – государство

Ту – флаг, знамя Елтаңба – герб

рәміздер – символы

жаңа сөздерді меңгеру үшін, жаңа сөздермен сөз тіркестерің құраймыз.

V. Мәтінмен жұмыс: (слайд № 9)

а) тізбектеп оқыту;
ә) әр топ бір-біріне 3 сұрақтан қойып, жауап береді.

Қазақстан .

Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстанның өз Туы, Елтаңбасы, Гимні бар. Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстанның жаңа астанасы- Астана қаласы. Астана – жас қала. ҚҰазақстан – үлкен мемлекет.

VI. Серіту сәті

VII. Грамматикалық тапсырмалар орындау

Тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойындар

Қазақстанның өз ................., ........................, .......................... бар.

Қазақстанның жаңа астанасы - ........................... қаласы.

Қазақстан ........................... мемлекет.

Қазақстанның Туы..........................

Қазақстан Республикасының Президенті ..........................................

(Туы, Елтаңбасы, Гимні, Астана, үлкен, көгілдір, Нұрсултан Назарбаев)

2. Тапсырма. Төппен жұмыс. Төменде берілген мақал — мәтелдердің екінші сыңарын тауып жаз. (слайд № 10)

Ел іші — ........
Отансыз адам — ......
Отан — оттан да .....
Отан отбасынан ......

Керекті сөздер: ормансыз бұлбұл, басталады, алтын бесік, ыстық.

3. Тапсырма.  «Көңілді лото» ойыны. (Әр топқа суретті бар кеспе қағаздар беріледі. Конверттегі көптік жалғауларды әр суретке қою керек) (слайд № 11)

Рәміз, мемлекет, қала, үлкен, астана,

4. Тапсырма.  «Дұрыс-Бұрыс» ойыны(слайд № 12)

Қазір, сендермен «Дұрыс-Бұрыс» ойынмен ойнаймыз

Сендерге тақтадан сөйлемдер көрсетіледі сөйлемді оқып, дұрыс болса көк парақты көтересіндер, бұрыс болса қызыл парақты көрсетесіндер.

Менің Отаным- Қазақстан.

Қазақстан кішкентай мемлекет.

Қазақстан астанасы – Алматы

Мен Астанада тұрамын.

Мен төртінші сыныпта оқимын.

Мен Бестөбе орта мектебінде оқимын.

VII. Сабақты бекіту, қорытындылау(слайд № 13)

— ендіше балалар жаңа тақырыпты қорыту үшін Вее диаграмма жасаймыз.

Бірінші бөлікке – ТУ, екінші бөлікке- ЕЛТАҢБА

Яғни, ту мен елтаңбаны салыстырып, ортақ негізін табамыз.

(тақтада диаграмма сүретіне жазып тұрмын)

Тудың түсі қандай?

Не бар?

Елтаңбаның түсі қандай?

Не бар?

Ортаңғы бағаға не жазамыз?

(САРЫ ТҮСТІ,КҮН СӘУЛЕСІ, КӨГІЛДІ )

РЕФЛЕКСИЯ: Сабақ барысында қандай көңіл күйде болдындар көрсетеміз (смайликтер арқылы)

Үйге тапсырма:«Менің Отаным — Қазақстан» шағын шығарма жазу. (слайд № 14)