Ашық сабақ. Тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы Зар заман өлеңі ( 8-сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақ әдебиеті

8-сынып

Сабақтың мақсаты

Шортанбай Қанайұлы

Жалпы мақсаты

*ХІХ ғасыр өкілі Шортанбай Қанайұлының өмірінен мәлімет алады. «Зар заман» өлеңінің мазмұнымен танысу,шығарманың негізгі тақырыбы мен идеясын ашу,ақынның өзіндік ішкі әлемін таныту.

* Оқушылардың өлеңге бүгінгі заман тұрғысынан қарап сөйлеуге, өзіндік көзқарасын білдіре алуға төселдіру.

*Оқушылардың бойында елжандылық қасиетін ұялатуға,батыл қадам жасай білуге,өз елін,жерін бағалай білуге үйрету

Міндеттері

1.Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту

2.Сабаққа оқушылардың өз білетін білімдері арқылы кіру.

3.Сабақ бойынша ой қорытынды жасауға,өзіндік тұжырым жасауға үйрету.

Мұғалім үшін нәтижелері

1.Оқушылардың сыни ойлауын дамыту,басқалардың көзқарасын сыйлауға дағдыландыру.

2.Әр түрлі жауапқа бірдей қарау,жақсысын мадақтау,олқылықтарды сынамау.

3.Тақырыпты талқылауға белсенділікпен қатысуға үйрету

Күтілетін нәтиже

1.Оқушылардың еркін ойлауын,дүниетанымының кеңіп,рухани өсуін іске асыру.

2.Оқушының шығармашылық дамуына мүмкінді туғызу.

3.Шығармадағы тарихи шындықты мойындау барысында оқушының өзіндік ой түйіндеуіне,қазіргі Қазақстан мен Ресей мемлекетінің қарым-қатынасыжайлы ой қозғау,бүгінгі заман көзқарасымен қарау.

Тапсырмалар

Қазақстан мен Ресей халқының достығы туралы инетернет беттерінен материал жинақтау.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгеру,білік-дағды қалыптастыру сабағы

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сыни тұрғыдан ойлау,диалогтік оқыту,интерактивті әдіс

Көрнекілігі

Интеракривті тақта,Шортанбай Қанайұлы туралы қосымша материалдар,формат қағаз,маркер

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру. Папарин тесті арқылы оқушыларды топқа бөлу. Оқушылар өздері қалаған фигураларды таңдап алады

( ұшбұрыш, төртбұрыш,дөңгелек)

Фигураларға сипаттама беру:

Төртбұрыш-лидерлік қабілеті бар,алдына қойған мақсатына жететін ,басқарушылық қабілеті басым жандар

Ұшбұрыш-өте еңбекқор,төзімді,өз жұмысының шебері,бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.

Дөңгелек-өте мейірімді,басқаның қайғысын да,қуанышын да бөлуга даяр тұратын жандар

Оқушылар өздері таңдаған фигуралар бойынша топқа бөлініп отырады, топ жетекшісін сайлап алады.

Қызығушылықты ояту

Біз қазір қай ғасырдың әдебиетін оқып жатырмыз?-деген сұрақ қоямын

Ал енді осы ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ елінде қандай тарихи оқиғалар болды? Осы сұраққа жауап алғаннан кейін тарихи қазақ жеріндегі тарихи жағдай туралы видео материал көрсетемін.

Жаңа тәртіп,жаңа заң енді елге

Бұқара бетбұрысқа көндігер ме?

Бейжай қарап қалмады,бұлқынды ел

Қазағым,бұндай жайды енді көрме- деген өлең шумағын оқу арқылы тарихымыздың қай кезеңі суреттеліп отырғанын сұраймын.

«Зар заман» ақындары туралы айтып кетемін.

Бүгінгі жаңа сабағымызда ХІХ ғасырдағы Ресейдің отарлау саясаты кезеңінде өмір сүрген Шортанбай Қанайұлының өмірі мен сол кезең тақырыбына арналып шығарған «Зар заман» өлеңімен танысамыз.

Оқушылардың жауабы тыңдалады. Осы өлең шумағы төңірегінде оқушылар өз ойын айтады..

Мағынаны тану

1.Шортанбай Қанайұлының өмірі туралы бейнефильм көрсету.

Қажетті деректерді түртіп алып отырады.

Сөздікпен жұмыс

«Зар заман» өлеңінде кездесетін мағынасы түсініксіз сөздерге түсінік беру.

Майыр-адам мінезіне байланысты айтылып тұр, ашуланшақ деген мағынада

Дуан-бекініс,қазақ жерінде бұрын болмаған,кейін орыстар салған үлкен қоршаулар

Дәуренбексіп-амалсыз,жалынышты

Орыс-отаршыл патша өкіметі


Сөздік дәптерлеріне сөздерді жазып алады.

Мәтінмен жұмыс

«Зар заман» өлеңінің аудионұсқасын тыңдатамын

Өлеңді үш топқа бөліп, талқылауға ұсынамын.

1.Өлеңді мәнерлеп оқу

2.Ақынның айтпақ ойы не?

3.Өлең жолдарында айтылған негізгі түйінге тоқталып,өз пікірлерін білдіру.

4. Өлеңдегі көркемдік айшықтар.

5. Түсініксіз сөздерді табу.

Оқушылар оқулықтан өлеңді өздері оқып отырады.


Оқушылар берліген тапсырмалар бойынша топпен жұмыс істейді.

Жеке оқушылармен жұмыс

Өлең құрылысына талдау

І топ Шумақ дегеніміз не? Өлең қанша шумақты? Тармақ дегеніміз не? Өлең қанша тармақты?

ІІ топ Буын дегеніміз не?

Өлең неше буынды?

Бунақ дегеніміз не? Өлеңде неше бунақ бар?

ІІІ топ Қандай ұйқас?

Өлең құрылысына талдау жасайды.

Топтық жұмыс

І топ. Шортанбай заман өзгерісін қалай түсінді және қалай жырлады? Мынау ақыр заманда

Алуан,алуан жан шықты

Арам,араз хан шықты

Қайыры жоқ бай шықты

Сауып ішер сүті жоқ

Мініп көрер күші жоқ

Ақша деген мал шықты

ІІ топ. Заманның тарлығының белгісі өлеңнің қай жолдарында берілген? Мұның өзі зар заман

Зарлығының белгісі

Ұл сыйламас атасын...

Қазы, болыс, хан қойды

Некесіз туған шатасын...

Қыз сыйламас шешесін

Ер жеттім деп шаштасып...

Бұның бәрі заманның бұзылған

ІІ топ. Заманды бұзған кім?

Заман қайтіп оңалсын...

Байлар ұрлық қылады

Көзіне малы көрінбей

Билер жейді параны

Сақтап қойған сүрідей

Сол себепті:

Заманның түрі бұзылды

Текеметтің түріндей

Берілген сұрақтар бойынша әр топ өз

Оқушылар өлеңнен тауып оқып береді,ақынның айтпақ ойын түсіндіреді ,пікірлерін білдіреді.

Шығармашылық жұмыс

Қазақстан мен Ресей мемлекетінің қарым-қатынасына байланысты суреттер көрсету.

Қазіргі кездегі екі мемлекет арасындағы қарым –қатынас туралы тұжырым жасау.

Әр топ жеке-жеке постер қорғайды.

Білімді жинақтау

1.Біз бүгін қандай тақырып өттік, нені білдік?

2.Өлеңмен таныса отырып қандай сезімде болдың?

3.Өлең саған қалай әсер етті?

4.Өлеңде заманның қандай жағымсыз жақтары суреттелген?

5.Қарапайым халыққа осы жағымсыз жақтардың қандай қаупі болды?

6. “Заманның бұзылуы” дегенді қалай түсінеміз?

7.Бүгінгі таңда заманның бұзылу белгілері ортамызда бар ма? Біз оған қалай қараймыз?


Берілген сұрақтар бойынша өз пікірлерін жинақтап айтады.

Рефлексия



Кесте бойынша пікірлерін жазады

Бағалау

Бағалау парағы таратылады

Топ жетекшісі бағалайды,қорытынды бағаны айтады

Үйге тапсырма

«Зар заман»өлеңінен үзінді жаттау. «Ресей халқының қазақ даласына қоныстануының пайдасы болды ма?» деген тақырыпта ойтолғау жазу



Өткен сабақ туралы рефлексия

Сабақты топқа бөлуден бастадым. Сыныпты топқа папарин әдісі бойынша фигуралар арқылы бөлдім. Әр фигураға байланысты түсініктеме беріп кеттім. Фигураларға байланысты психологиялық түсініктеме оқушыларға қатты әсер етті. Сабақтан соң таңдаған фигуралары өздерінің мінездеріне сәйкес келгендігі туралы айтып жатты. Сабақты жаңа сабаққа кіріспеден бастадым. Оқушыларға қызығушылықты ояту мақсатында ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы тарихи жағдайлар туралы айтып берулерін сұрадым. Оқушылар өздерінің білгендерін айтып берді. Осы тарихи жағдайлар туралы бейнефильм көрсеттім. Бейнефильмнен кейін әдебиеттегі өзгерістер туралы, сол замандағы өзгерістерді өз өлең-жырларына арқау еткен зар заман ақындары туралы айтып кеттім. Шортанбай Қанайұлының өмірі туралы бейнематериал пайдаландым. Топпен жұмыс жүргізу барысында өлең мазмұнына талдау жұмысын жүргізді. Топтағы оқушылардың барлығы талдау жұмысына қатысқан жоқ. Р,Д деген оқушылар сабақта белсенділік танытпады. Сондықтан осы оқушыларға сұрақ қойып сабаққа қатысып отыруын қадағаладым. Жеке оқушылармен жұмыс жүргізу мақсатында өлең құрылысына талдау жұмысын ұйымдастырдым. Алған тапсырмалары бойынша Ш,Е,Ә деген оқушылар жауап берді. Білмеген тұстарын топтан көмек сұрап толықтырып отырды. Өлеңнің жалпы мағынасын түсініп, өлең құрылысына талдау жасап болғаннан кейін қазіргі өмірмен байланыстыру мақсатында «Қазақстан мен Ресей мемлекетінің қазіргі жағдайы» тақырыбында слаид көрсеттім. Үш топқа жеке-жеке тапсырмалар берілді. І топ ойтолғау жазу, ІІ топ интернет материалдарын жинақтау, ІІІ топ екі елдің арасындағы қатынас туралы сурет салу арқылы постер қорғап шығу.Берілген тапсырмаларды орындау бырысында ІІІ топ оқушылары белсенділік танытты. ІІ топ оқушылары жинаған интернет материалдарын жүйелемеген. І топ оқушылары ойтолғауды «өте жақсы» жазып шықты. Білімді жинақтау мақсатында қойылған сұрақтарға үш топтың оқушылары да жауап берді. Бірақ барлығын жинақтап бір ортақ пікір айтқан ІІІ топ оқушылары ғана болды. Сабақ туралы рефлексия жасау үшін кестесі таратылды, кесте бойынша оқушылар өз пікірлерін білдірді. Бағалау парағы арқылы топ жетекшілері бағалады. Топ жетекшілерінің бағалауын талдай отырып, сабаққа қатысып отырған оқушыларға өз бағамды қойдым.

SWOT - талдау

*Топқа бөлгендегі психологиялық жағдайдың оқушылардың көңіл күйіне жағымды әсері.

*Топпен жұмыс істеу барысында оқушылардың бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынастың орнауы.

*Оқушылардың өз пікірлерін ашық айтуға дағдылануы.

*Өткен тақырыпты қазіргі өмірмен байланыстыруға деген оқушылардың талпынысы

* Жекелеген оқушылардың сабақта белсенділік танытпауы.

* Уақытты тиімді пайдаланбауы.

* Ортақ пікірге келе алмауы.

Мүмкіндіктері

Қатерлері

*Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әдіс-тәсілдерді түрлендіру қажеттілігі

* Өз бетінше білімді меңгеруді ұйымдастыру

*Дарынды және талантты балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстарын ұйымдастыру

* Бағалау барысында нақты баға бере алмауы.

* Әр оқушының пікіріне деген топтың ортақ көзқарасының жеткіліксіздігі.