Мерзімі: Сыныбы:
4-сабақ. Айран ішемін
Сабақ тақырыбы: Айран ішемін
Білімділік: Дамытушылық:
Тәрбиелік:
Оқушының қоршаған ортасына сай тілдік жағдаяттарда дұрыс сөйлей білуге жат- тықтыру.
Жаңа тақырып аясында берілген қысқа сөйлемдер мен қысқа мәтіндер бойынша жұмыс істеу арқылы ойлауға, ізденуге жетелеу.
Қарапайым сөйлеу үлгілері негізінде ас атаулыны қадірлеуге тәрбиелеу.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы, жазу дәптері
Жетістік критерий- лері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): сүт өнімдерін дұрыс айта алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қарапайым сөйлеу үлгілері негізінде сүт өнім- дерін сипаттай алады.
Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында қарапайым үлгілер арқы- лы диалог құра алады.
Негізгі түсініктер:
Айран, күнде, пайдалы, мықты, дастарқан.
Сабақта қолданыла- тын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, сүт өнімдерінің суреттері, маркерлер, кесте.
Сабақ тақырыбы: Айран ішемін
Оқыту әдістері:
Түсіндіру, сипаттау, талдау, диалог, «Ыстық алақан» тренингі, «Кері байланыс» әдісі, жұптық жұмыс, «Баспалдақ» тәсілдері, сергіту жаттығуы.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар: Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Ыстық алақан» тренингін өткізеді.
Оқушылар «Ыстық алақан» тренин- гінің негізінде сәлемдеседі, бір-бі- ріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.
Өткен сабақты тек- серу
Үй тапсырмасын тексереді. Үй тапсырмасы- ның орындалу сапасына қарай бағалайды.
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар- ға жауап береді.
І. Қызығушылықты ояту
Оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылы- ғын арттыру мақсатында сүт өнімдерін, яғни ақ атаулының атын атауларын сұрайды. Тақ- таға сүт өнімдерінің суреттерін іледі, сипат- тауларын сұрайды.
Сұрақтарға жауап береді. Әр оқу шы сурет бойынша ақ атаулыны сипаттайды.
ІІ. Мағынаны тану
1. Сөздікпен жұмыс.
А) Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатыс- ты жаңа сөздермен таныстырады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөз- дерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды. Айтылым. Жаңа сөздер- дің айтылуына байланысты ауызша жаттығу жүргізеді.
2. Оқулықтағы суретпен жұмыс.
А) Оқушыларды суретпен таныстырады, бе- рілген диалогті оқиды, талдайды.
Оқылым. Айтылым. Сурет бойынша сипаттап айтады, диалогті оқиды, талдайды.
Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздер- ді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.
Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.
3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Жазылым. Сауатты, дұрыс жазуға дағдыландыру үшін 1, 3-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Мәтін құрастырып жа- зады.
Ә) Оқылым. Айтылым. Қисынды ойлау қабілетін дамыту үшін 2-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Өлеңді оқиды, әңгіме құрап айтады.
Б) Жұптық жұмыс. Тілдесім. Мұғалім оқушы- ларға 4-тапсырманы орындатады.
Тапсырманың шартын орындайды.
В) «Сыр сандықтағы» сөздер.
«Сыр сандыққа» салынған сөздерді есте сақтайды.
4. Сергіту сәті.
Сергіту жаттығуын жасатады.
Сергіту жаттығуын жасайды.
Тапсырмалар: Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
ІІІ. Ойтолғаныс
Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады.
«Сөз қоржын» ойынын ұйымдастырады.
Тілдесім. Оқушылар екі топқа бөлінеді, топ басшысын сайлайды. Топ басшысы бір сөз айтады, екінші оқушы ол сөзге тағы бір сөз қо- сады. Үшінші оқушы екі сөзді сол қалпында қайталап, үшінші сөз қосып айтады. Ойын жалғаса береді. Айта алмаған оқушы ойыннан шығып отырады.
IV. Бекіту
Жазу дәптерімен жұмыс.
Жазу дәптерінде берілген тапсыр- маларды орындайды.
V. Бағалау
Формативті бағалау. Баспалдақтың суреті салынған парақ таратады. Мұғалім оқушы- лардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.
«Баспалдақ» үлгісі бойынша өзін бағалайды.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 5-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия
Мұғалім кері байланыс әдісімен кесте тара- тады.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кестеге толтырады.