Сабақтың тақырыбы : Сақшының міндеттері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға постыда ауысымның өтілу тәртібін үйретіп, постыда өрт болған жағдайдағы іс- әрекетін меңгерту.
Дамытушылық: сақшының өз міндетін атқару кезіндегі постыда болған жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: отанын қорғауға, елін, жерін сүюге, қырағылық пен батылдыққа, жарғы талаптарын мүлтіксіз орындауға тәрбиелеу.
Қарастырылатын сұрақтар:
Қарауылда қаруды оқтау және оғын алу тәртібі.
Постыны қабылдау және тапсыру тәртібі.
Сақшының постыда және посты маңында өрт болған кездегі іс- әрекет.
Уақыты: 45 минут
Әдісі:Түсіндіру, көрсету, жаттығу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі,10-сынып
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, құқықтану.
Көрнекілігі:АК-74 автоматы, макеттер, сүңгі пышақ,плакат, слайд.
Қолданылған әдебиеттер:ҚР.қк-ның гранизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы.
АӘД оқулығы, АӘД журналдары.
І-Кіріспе бөлім-17 минут
А)Ұйымдастыру кезеңі
— Взвод командирінен баяндауды қабылдау
— Оқушылардың сырт келбетін тексеру
— Сыныпқа кіргізіп орындарына орналастыру
— Үй тапсырмасының орындалуын бақылау.
Пост аумағында сақшыға жергілікті жердің жағдайына қарай қанша метр жерді қарауға және атуға жағдай жасалуы тиіс?
А)25м б)30м в) 50м
2.Өзіне тапсырылған постыны күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік тапсырманы орындайтын қаруланған қарауыл?
А) қарауыл б)сақшы в) кезекші
3.Казармалық үй- жайдың ішінде, кіреберіс есіктің жанында, қару- жарақ сақтайтын бөлменің жанында қызметін атқарушы:
А) рота бойынша кезекші ә)сақшы б) қорғаушы
Сақшы өз міндетін атқаратын белгілі бір орын немесе учаске?
А) пост б)пункт в) объекті
5.ҚР ҚК-ң әскери жарғылары?
А) саптық жарғы, гарнизондық және қарауылдық қызмет жарғысы:
Ә)Ішкі қызмет жарғысы, Тәртіптік жарғы, Саптық жарғы, Гаризондық және қарауылдық қызмет жарғысы.
Б) Тәртіптік жарғы, Саптық жарғы, Қарауылдық жарғы.
Сақшы өрт сөндіру кезінде автомат қандай жағдайда ұсталуы тиіс?
А) белдік б) арқаға в) жерде немесе жанында сүйеулі
«Кім тез табады»
Дұрыс жауап берілсе, 5 ұпай беріледі. Мультимедия тақтасында «Сақшының міндеттері » сөзі жазылып, оқушылар 10 міндетін тауып жазуы керек.
Ситуациялық көрініс.
Экранда сақшыға тиым салынған іс- әрекеттер көріністері беріледі. Оқушы сақшы рөлінде осы ситуациялық іс- әрекеттердің дұрыс еместігін талдап түсіндіреді.
Сақшы саңырауқұлаққа сүйеніп (қаруын іліп қойған) кітап оқып тұр.
Сақшыға бөгде адам келіп әңгімелесіп тұр.
Сақшы қаруының оқжатарын алып- салып оқшантайда оқтың бар жоғын тексеріп отыр.
Командалық (бөлімшелер бойынша) «Мықты болсаң тауып көр» сайысы.
Сұрақтар:
30 Сақшы дегеніміз кім?
40 Қарауыл деп кімдерді айтамыз?
50 Сақшының қол сұғылмайтындығын нелерден көруге болады?
60 Қарауыл құрамына кімдер тағайындалады?
Үйге берілген тапсырманың орындалу деңгейін хабарлап, оқушыларды бағалаймын.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлаймын.
Негізгі бөлім 20 мин.
1-сұрақ 7- минут
Мультимедиялық экранда ауысым қарауылдық үй- жайдан шығарылып, қаруды оқтайтын алаңға сапқа тұрғызылады, қарауыл бастығының немесе орынбасарының «Ауысым, оқ жақтан бір- бірден оқта!» пәрмені бойынша оң жақтағы әскери қызметші оқ ұстайтын жабдығы бар орынға келіп қаруға сүңгі пышақты бекітіп, оқтайды. Қарауыл бастығы қарудың оқталуын тексереді.
Әскери қызметші қаруды оқтап болған соң: «Қару оқталды және сақтандырғышқа қойылды» деп баяндап, қаруды «Белдікке күйіне алып, орнына келеді».
Осындай ретпен жұмысқа тартушылар мен қарауылдар қаруларын кезектесіп оқтайды.
Қаруды оқтау постыға шығар алдында, оғын алып тастау постыны тапсырған соң қарауыл бастығының немесе көмекшісінің пәрмені бойынша, олардың тікелей бақылауымен оқ ұстайтын жабдығы бар орында жүргізіледі: оқтау және оғын алу кезінде қарудың ұңғысы 45-60 градус бұрышпен жоғары және үй- жайлар мен күзетілетін объектіден басқа жаққа бағытталады. Қарудың оғын алу, оны қарау қарауылдық үй- жайға келген бойда , қарауыл бастығының нұсқауында көрсетілген орында жүргізіледі.
Жұмысқа таратушы өз қарауылдарының күзетке барар алдында қаруларының дұрыс оқталғандығын, постыдан қайтқаннан кейін оғын алып тастауын қадағалайды.
Автоматты оқтау алдында ол қарап тексеріліп, шүріппесі түсіріледі де,қару сақтандырғышқа қойылады. Жарақталған оқжатарлар автоматқа қондырылады да бекітпе жақтауы оқжатар қосылған соң жылжытылмайды, яғни оқшантайға оқ жіберілмейі.
Мультимедия экранында постыдан қайтқан қарауылдар қару оқтайтын алаңға сапқа тұрғызылады. Алдымен ауысымның жұмысқа таратушысы қарудың оғын алады да, «Ауысым, оң жақтан бір- бірлеп оқты алып таста» деп ауысымға пәрмен береді.
Осы пәрмен бойынша саптың оң қапталындағы қарауыл оқ ұстайтын жабдығы бар орынға келіп, қарудың оғын алады да, оқжатарды сөмкеге салып, «Қарудың оғы алынды» деп баяндайды. «Қаруды тексеруге» пәрмені бойынша сақтандырғышты түсіріп, бекітпе жақтауының тұтқасын кейін тартып қаруын тексеруге ұсынады. Жұмысқа тартушы қаруды тексеріп болған соң, тұтқаны босатып, қарудың шүріппесін басып, сақтандырғышқа қояды,сүңгі пышақты алып тастайды.Қаруды «Белдікке күйінде ұстайды». «Сапқа тұр» пәрмені бойынша орнына барып тұрады.
Осындай ретпен басқа қарауылдар да қаруларының оғын алып тастайды.
2- сұрақ . 10 минут.
Сақшыларды 2 сағат сайын тақ немесе жұп сағаттарда ауыстырады. Егер ауа температурасы -20 ºС-тан төмен болса, қатты жел кезінде , аязды күндері және пеш жағылмайтын үй жайларда сақшыларды 1 сағат сайын ауыстырады. Ал жаз кезінде ауа температурасы +30 ºС -тан жоғары болса да сақшылар 1 сағат сайын ауыстырылады.
Сақшыларды 1 сағат сайын ауыстыру жөнінде нұсқауды қарауыл бастығы, әскери бөлім кезекшісі береді.
Ауысымның 1 немесе 2 сағат сайын ауыстырылғаны туралы мәлімет пост ведмостына жазбаша түсіріліп отырылады.
Қарауыл бастығы немесе көмекшісі қарауылдық үй- жайдың алдындағы сақшыны 30 минут сайын ауыстырып отырады.
Экранда постыны тапсыру және қабылдау көріністері беріледі.
Ауысым постыға 10-15 метр қалғанда жаңа ауысымның жұмысқа таратушысы: «Ауысым тоқта» деп пәрмен береді де, «Қатардағы жауынгер Сұлтанбаев посты мен оның маңына бақылау жаса» деп бір қарауылға посты маңын күзетуді тапсырады.. Ол «Құп болады» деп қаруын «Кеудеге» алып қызметіне кіріседі.
Жаңа және қызметін ауысымның жұмысқа таратушылары сақшыға жақындап келіп,бір- біріне қарама- қарсы тұрады. Сақшы ауысым жақындағанынкөріп, автоматты «Белдікке» алып ауысым болатын жерге барып тұрады.
Жаңа ауысымның жұмысқа таратушысының «Қатардағы жауынгер Арзиев постыға адым- да!» дегенде, сақшы тіктеліп оң жанына бір адым жасайды, ал қарауыл келіп оңың орнына тұрады да, бұрынғы жұмысқа таратушысының «Сақшы постыны тапсыр » пәрмені бойынша сақшы мен
қарауыл бір- біріне мойындарын бұрады.
Сақшы постыны ауызша тапсыру кезінде постының нөмірін атап, пост табеліндегі күзетуге жататын объектілерді, есіктердің мөр нөмірлерін, сондай- ақ міндетін атқару кезінде пост маңында байқалған жайттарға тоқталып өтеді де, болмаса болмағанын хабарлайды. Жаңа ауысымның жұмысқа таратушысының «Қатардағы жауынгер Арзиев постыны қабылдап ал!» пәрмені бойынша сақшы, қарауыл және 2 ауысымның да жұмысқа таратушылары күзетілетін объектілердің қоймалардың есік терезелерінің бүтіндігін, мөрлердің бар жоғын, көшірме бедерлеріне сәйкестігін, жарықтандыру жүйесінің, күзет құралдарының қоршаулардың жәй- күйін, пост киімдерінің бар жоғын тексереді.
Егер постыны тапсыру кезінде ақаулар байқалса, қабылдау тоқтатылып, қарауыл бастығы шақырылады. Ал барлығы сай, ақаулар болмаған жағдайда сақшы мен қарауыл бастапқы орынға келіп, екеуі де жұмысқа тартушыға қарап тұрып кезектесіп баяндайды.
Мысалы: тапсырушы «Аға сержант мырза!», Қатардағы жауынгер Жәлиев 3- нөмірлі постыны тапсырды!»
Қабылдаушы: «Сержант мырза» Қатардағы жауынгер Арзиев 3- нөмірлі постыны қабылдап алды.!». Баяндаудан кейін жаңа сақшы қаруын «кеудеге» алып міндетін атқаруға керіседі.
Ал пост маңындағы күзетші қаруын ауысымдағы өз орнына тұрады. Бұрынғы ауысымның жұмысқа тартушысының «Қатардағы жауынгер Жәлиев постыдан алға адымда» пәрмені бойынша ауысым сабының соңына келіп тұрады .Жұмысқа тартушының «Ауысым менің соңымнан адым-да» пәрмені бойынша ауысым келесі постыға келеді
3- сұрақ. Сақшының постыда және посты маңында өрт болған кездегі
іс- әрекет.5 минут.
Экраннан постыда өрт болған кездегі сақшының іс-әрекеттері көрсетіледі.
Сақшы постыдағы өрт кезінде бұл туралы қарауылдық үй- жайға шұғыл байланыс құралдары телефон, белгі беру тетігі арқылы хабар береді.
Қаруын «Арқаға» күйіне алады.
Постыны бақылауын тоқтатпастан, өрт сөндіру жабдықтарынан өрт сөндіргішті алып, өрт сөндіруге кіріседі.
Күзетілетін объектінің сыртқы және ішкі қоршаулары бар техникалық аумағы немесе пост маңынан өрт шыққан кезде, дереу қарауыл үй- жайына хабар беріп, қарауыл бастығының нұсқауы бойынша әрекет етеді.
Сақшы аяқ астынан ауырып қалған жағдайда жұмысқа таратушысына немесе қарауыл бастығына хабар беріп, өзін ауыстырғанша міндетін атқарады.
Жаңа сабақты бекіту. 3 минут
Оқушыларға сұрақтар қоямын.
Ауысымның қарауылға шығар алдында және қарауылды тапсырған соң қаруды оқтау және оғын алу қай жерде жүргізіледі?
Сақшыларды ауыстыру неше сағат сайын жүргізіледі?
Постыны тапсыру кезінде қабылдауда нелер тексеріледі?
Постыда өрт болғанда сақшы не істеуі керек?
Оқушылар сұрақтарына жауап беремін
Қорытынды бөлім 3 минут
Жаңа сабақтың жетістіктеріне, кемшіліктеріне тоқталамын.