Әдеби тіл сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні: Сыныбы: 7-сынып Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Әдеби тілідң лексикалық нормасына жатпайтын сөздер

Сабақтың жалпы мақсаты: Оқушыларға әдеби тілідң лексикалық нормасына жатпайтын сөздер туралы түсінік беру, практикалық жұмыс барысынды білімді нығайту. Өз ойын еркін әрі дұрыс жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың типі: Блум таксономиясы

Сабақтың әдіс-тәсілі: «Интервью» әдісі, «Болашаққа хат» әдісі, талдау, қайталау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: ақ қағаз, дидактикалық маетриалдар.

Сабақтың барысы

Психологиялық ахуал тудыру


Тренинг

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа әзірліктерін ткесеру.


«Достық тренингі». Топ мүшелерін біріктіру, топта жағымды ахуал құру, жұмыс белсенділіктерін арттыру.

Аманадасады, кезекші баяндамасы айтылады.


Қатысушылар тізбек бойымен өз есімін теңеу сөздермен(өзін қалай атаған ұнайды?) таныстырады да, бір - бірінің қолдарынан ұстайды. Жаттығу осылай жалғасады, барлық қатысушылар қамтылады.

Білу «Қайталау – оқу айнасы»

«Интервью» әдісін пайдалану.

  1. Сөз және оның мағынасын зерттейтін саласы морфология деп аталады.

  2. Сөздер құрамына қарай негізгі, туынды болып бөлінеді.

  3. Қазақ тіліінң екі саласы бар.

  4. Граммантика үшке бөлінеді.

  5. Қазақ тілі ұлттық тіл.

  6. Әдеби иіл үшке бөлінеді.

  7. Әдеби тілдің үш нормасы бар.

  8. Орфоэпиялық норма сөздердің дұрыс айтылу нормасы.

  9. Орфографиядық норма сөздердің мағынасын дұрыс қолдану нормасы.

  10. Тілдегі дыбыстарыдң жиынтығын лексика зерттейді.

  11. Жергілікті аумақта ғана қолданысқа ие болған сөздер диалект сөздер деп аталады.

Оқушылар сұраққа «иә», немесе «жоқ» деп жауап береді.

Түсіну

Олай болса балалар осы тақырып аясында туындаған өз өлеңімді оқып берейін:

Шұбар тіл ойыңды да шұбарлады

Рұқсатын ешкімнен де сұрамады.

Жаны ашып, жүрегі аз ауырғандар

Тіліне тіреу болып тұра алмады.


Шұбар тіл – бізге тіндет, дауасы жоқ

Тіліме ешкімнің де таласы жоқ

Түркімен бірге туып, бірге өскен

Құрдымнан қашуға да шамасы жоқ


Жан ұшып, тұрғанадй-ақ көмек сұрап

Негелеп тұрғандай да себеп сұрап

Қасібір көмек берсін бұл заманда

Жүргендер сөйлеуменен тілін бұрап.

Бұл өлең жолдарынан не түсіндік? Қазір адамдар қалай сөйлейді? Олай болса, әдеби иілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер туралы айтпақпыз.

Қолдааныстағы сөздің бәрі әдеби нормаға жата бермейді. Сөздердің жарыспалы бірнеше нұсқасы болуы да мүмкін. Олардың қайсысы лексикалық нормаға жататындығын орфографиялық, терминдік сөздіктер арқылы анықталады.

Лексикалық норамаға жатапайтын сөздер:

  1. Диалект сөздер

  2. Дөрекі сөздер

  3. Қазақ тілінде баламасы бар терминдердің орысша аталуларын қолдану.

  4. Сөз арасында нетіп, жаңағы (жәнегі), яғни, сөйтіп т.б. сөздерді бірнеше қайталап қолдану да лексикалық норамаға жатпайды.

Сабатағы сұрақтарға жауап беру арқылы тақырып ашылады. Өз ойларын еркін жеткізеді.

Қолдану



Оқулықпен жұмыс.

Ауызша екеуара лексикалық норамаға жатпайтын сөздерді қатыстырып диалог құрастырту.

Оқулықтан жаттығу орындату.

Тапсырмаларды дәптерге орындайды.

Талдау

«Бақуат» сөзіне фонетикалық талдау жасау

Таладу жасау арқылы оқушылардың фонетика саласы бойынша білімдері шыңдала түседі.

Жинақтау


«Болашаққа хат» жаздырту.

Болашаққа хат жазып, 3-4 оқушы оқып береді.

Рефлексия

«Күлегеш»

«Күлегештер»(смайликтер) салу. Балалар бүгінгі ойын - тренингтерден алған әсерлерін, көңіл - күйлерін ақ қағаз бетіне күлегештерді сала отырып, ол арқылы өзінің көңіл - күйін көрсетеді, салады, өз еркісімен әсемдеуге болады.

Күлегештерді салу арқылы сабаққа деген оқушылардың икөзқарасы анықталып,сабақта кері байланыс ұйымдастырылады.

Үйге тапсырма


Үйдегі отбасы мүшелерінің сөйлеу мәдениетін бақылау.

Әдеби тілге жатпайтын сөздердің асытын сызу, таладу жасау.

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.

Бағалау

Формативті бағалау үлгісін ұсынады.

Сынып оқушылары белсенді оқушыларды суреттейді, өзгесі тауып баға қояды.