Конспект урока казахского языка на тему: Китапханада

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


  • Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің «Қарасу орта мектебі» ММ

Педагогикалық шеберлікке арналған апта

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ



Тақырыбы:Кітапханада.

3 «Б» сыныбы



[pic]



Дайындаған: қазақ тілі мұғалімі

Құсайынова Ұ. Р.

17. 04. 2015



Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды сөйлесім әрекетінің (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу.

Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын байыту. PISA бағдарламасы бойынша жұмыс жасату. Кітапханаңың, кітаптың маңыздылығын түсіндіріп, алған білімдерін өмірде, кез келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Өзара жұмыс істеу, бір-бірінің ойын тыңдап, қабылдау және бір-біріне көмектесуді үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ 

Сабақтың типі: топтық жұмыс

Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдер: Жеке жұмыс, топтық жұмыс, қарапайымнан күрделіге, сұрақ-жауап, ассациативті әдіс, АКТ
Көрнекіліктері: Презентация, слайдтар, суреттер, қима қағаздар, бағалау текшелер, интерактивті тақтаны пайдалану. 
Күтілетін нәтиже:

1.Оқушылардың сөйлесім әрекеті (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) дамиды;

2. Байланыстырып сөйлеуге дағдылары қалыптасады; Қарапайымнан күрделіге әдісі бойынша сұрақтарға толық жауап беруге үйренеді;

3. Кітаптың маңыздылығын түсіне отырып, оқуға деген құзығушылығы артады.

Сабақтың жоспары: 

I. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен амандасу;

- Оқушыларды түгендеу;

Психологиялық ахуал орнату

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн!

Біз көңілді баламыз.

Қайырлы күн!


Амандасып аламыз.

Мақсатымыз – білім алу.

Міндетіміз- еңбектену,

Еңбектену арқылы

5 –ке” қолды жеткізу.


Сыныпты 3 топқа бөлу

  • Ертегі” тобы;

  • Өлең” тобы;

  • Әңгіме” тобы

Оқушыларды отырғызу.

Дарынды оқушымен жұмыс (Палагина Валерия) Үй тапсырмасын тексеру: Жылқы туралы 5 жол өлең құрастыру.

1. Зат есім Жылқы

2. Сын есім (2) Сұлу, сезімтал

3. Етістік (3) Оттайды, секіреді, шабады.

4. Сөйлем. Жылқының пірі- Қамбар ата.

5. Синоним. Малдың патшасы.

Нашар оқитын оқушымен жұмыс (Сейтқалиев Мақсат)

Тапсырма: Сынып туралы диалог құрастыру.

- Бұл не?

- Сынып қандай?

- Сыныпта неше терезе бар?

- Сыныпта неше парта, неше орындық бар?


II. Үй тапсырмасын тексеру:

1-т. «Сынып мұғалімі» (мәтіннің мазмұнын білу; өлеңді жаттау.

2-т. Сөйлем құрап үйрен.

1. Кезекші.

2.

3.

4.

5.

III. Жаңа сабақ

Ой қозғау

- Біздің мектепте кітапхана бар ма?

- Ол нешінші қабатта?

- Кітапханашымыздың есімі кім?

- Сендер кітапханаға барасыңдар ма?

- Кітапханамызда қандай тілдерде кітаптар бар екен?


Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлаймын.

Сөздік жұмыс.

Ертегі – сказка;

Өлең - стихотворение;

Әңгіме – рассказ.

Мәтінмен жұмыс

Мектептің бірінші қабатында үлкен кітапхана бар. Кітапханада кітаптар көп. Журналдар мен газеттер де бар. Кітапханаға оқушылар келді.

Тапсырмалар:

1. Үнсіз оқу. Әр топтан 1 оқушы мәнерлеп оқу саысына қатысады.

Ертегі” тобына:

Мәтінді мәнерлеп оқу және мәтін бойынша сұрақтар дайындау.

Өлең” тобына:

Мәтінді орыс тіліне аудару.

Әңгіме” тобына:

Мәтіннің мазмұнын айту.

PISA бағдарламасы бойынша тапсырмалар:

Ертегі” тобына:

Кітапхана не үшін керек?

Өлең” тобына:

Кітап не үшін керек?

Әңгіме” тобына:

Білімді, ақылды қайда пайдаланамыз?


IV. Бекіту

Өлең” тобына тапсырма:

Бес жол өлең шығару

1. Зат есім Кітапхана

2. Сын есім (2) ____________________________________

3. Етістік (3) ____________________________________

4. Сөйлем ____________________________________

5. Синоним ____________________________________


Әңгіме” тобына тапсырма:

Тиісті сөздерді қойып, әңгіме құрастыру.

Бұл – кітапхана.

Кітапхана (Қандай?) ..., ..., ... .

Кітапханаға (Кімдер?) ... келді.

Олар (Қандай?) ... кітап оқыды.


Ертегі” тобына:

«Ойлан, тап» ойыны

Шарты: Суреттер арқылы ертегілердің атауын табу.


[pic]

Дұрыс жауабы: “Шалқан” ертегісі


[pic]


Дұрыс жауабы: “Қызыл телпек” ертегісі


[pic]

Дұрыс жауабы: “Үш аю” ертегісі


Өлең” тобының тапсырмасын тексеру. Критерийлер бойынша бағалау

  • Қатесіз – «5»

  • 1-2 қате - «4»

  • 3-4 қате - «3»

Әңгіме” тобының тапсырмасын тексеру. Критерийлер бойынша бағалау

  • Қатесіз – «5»

  • 1-2 қате - «4»

  • 3-4 қате - «3»


Резерв уақытында: Кітапхана ережелерін құрастыру;

  • Сөзжұмбақты шешу;

  • Кітап деген сөзге тірек сызба дайындау.


V. Қорытындылау

-Бүгін қандай тақырып бойынша жұмыс жасадық?

- Сабақ ұнады ма?

-Неліктен ұнады?

-Кім сабаққа белсенді қатысты?

- Неге олай ойлайсың?

VI. Бағалау

Текшелерін санатқызып, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

VII. Үй тапсырмасы: «Біздің кітапхана» - эссе жазу