Бала рухани дамуының маңызы тренинг

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Үлкен Нарын ауылындағы «Балбөбек» балалар бақшасы







Тренинг ата-аналармен

« Баланың рухани дамуы отбасынан басталады»



[pic] [pic]


[pic] [pic]



Өткізген:Педагог-психолог Жоменкенова М.О.





2016 жыл

Баланың рухани дамуы отбасынан басталады

Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым-қатынасты жақсарту, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1. Есімдер аллитерациясы
2.
Доппен жаттығу
3.Видео ролик «Сөзбен армандарды өлтіруге болады»
4.Бала өмір сүруді қайдан үйренеді.(слайд)

5. «Сиқырлы қоржын»
6. «Тілек шамы»
7. Ой толғаныс

І. Кіріспе бөлім:
— Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!
Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингтің тақырыбы: «Баланың рухани дамуы отбасынан басталады» деп аталады. Отбасы – өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата-ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала-шағаның қамымен жүрген ата-ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмайды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады.
«Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы, жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.

ІІ. Негізгі бөлім
1. Есімдер аллитерациясы.
Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
Шарты: Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінің есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту керек.
Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.

— Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?
— Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз?
— «Мен үшін қымбат…»
— «Бала деген кім?» туралы әрбір ата-ана ой қозғау жазады


2.Доппен жаттығу. Бала сіз үшін кім? Допты бір-біріне ұсынып сұраққа жауап беру. Бала – болашағым, серігім, бақытым, өмірімнің жалғасы т.б.
Бала – ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» -деп перзентін әлпештеп өсірген ата-ананың жатса-тұрса тілейтіні – баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені. Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?

3.Видео ролик «Сөзбен армандарды өлтіруге болады»

Ойланбай айтылған сөздің бала армандарына қалай әсер етенін көрдіңіздер


4.Бала өмір сүруді қайдан үйренеді.(слайд)


5. «Сиқырлы қоржын» Ойлауға арналған сұрақтар. Әр адам қоржыннан аяқталмаған сөйлемі бар үлестірмелер алады да өз сөздерімен сөйлемді аяқтайды.

1. Ең үлкен қорқыныш бұл – ....

2. Мен мынадай адамдарға сенбеймін.....

3. Мен ренжимін, егер....

4. Мен қуаныштымын, себебі.....

5. Баланы үнемі қолдап отырса.....

6. Мен үшін бақыт деген.....

7. Отбасының қорғаны кім?

8. Балаңыз сізге қасқыр мен түлкі туралы ертегі айтып беруін өтінді, сіздің әрекетіңіз

9. Мақалды жалғастыр. Бала жас шыбық... (қалай исең, солай иіледі)

10. Ана бауырындағы бұлақ.... (бала жағасындағы құрақ)

11. Балаңыздың қандай да бір іске өнері, қызығушылығы байқалсы не істер едіңіз?

12. Сіздің балаңыз сізге түн неге қараңғы? Күн қайда кетті ? деген сұрақтар қойса, қалай жауап берер едіңіз

13. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?

14. Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс - әрекетіңіз.


6 «Тілек шамы»

Отбасы, ұшқан жанұя- жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Ал ананың алақаны оттан да ыстық. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір- бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.


Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес. Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай, балаға бір сәт болса да, бала көзімен қараңыз дей отырып, бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!