Мамандық таңдай білесің бе?

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: «Мамандық таңдай білесің бе?»

Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.
Өткізу формасы: дөңгелек үстел, топпен жұмыс
Қатысушылар: 9 сынып оқушылары

1.Кіріспе сөз

Ең қиын мамандық - адам боп қалу

Хосе Хулиан Марти

Адам - мемлекеттің басты капиталы. Елбасы дәстүрлі халыққа Жолдауында адам капиталының маңызын ерекше атап өтеді. Халықтың жұмыспен толыққанды қамтылуы - мемлекет үшін маңызды мәселе. Елбасы «Қазақстан-2030» стратегиясында «мемлекеттің басты міндеті халық үшін шешім шығару емес, өскелең ұрпаққа құндылықтардың жаңа жүйесіне бейімделуге және мемлекеттің даму сатысымен бірге болашағын қалыптастыруға жол ашу» деп анық көрсеткен. Расында, мемлекеттің басты міндеті - әрбір адамға бағыт-бағдар көрсетіп, адам ресурстарын дамыту. Осы ретте ел азаматтарының әрбіріне мамандық таңдауда да бағыт көрсету маңызды-ақ.


Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12℅ -ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? «Мамандық - дегеніміз не?» Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгін ой бөлісеміз.

Мамандық дегеніміз не?

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Адамды материалдық жағынан қамтамасыз ететін іс-әрекет түрі.

Е.А.Климов мамандықтарды негізгі мынадай салаларға бөліп жіктеген.

  • «Адам –техника» - техника саласына байланысты мамандықтар;

  • «Адам-адам» - қызмет көрсету саласына байланысты мамандықтар;

  • «Адам-қоршаған орта» өсімдіктану, жануартану, орман шаруашылығы, айналаны қоршаған орта салаларына байланысты мамандықтар;

  • «адам-белгілер жүйесі» есеп-қисап салаларына байланысты мамандықтар;

  • «адам-көркем образ» өнер саласындағы мамандықтар;





2. Пікірталас
1. «Маман иесі дегенді қалай түсінуге болады?»
2. Ата-аналарың отбасында сендер жақсы мамандық таңдауда үлкен азамат болып өсу үшін, өздеріне қандай мақсаттар қоюы мүмкін?
3. Алдағы уақытта қандай маман иесі болатыныңды, қандай бағытты, қандай оқу орнында оқитыныңды және де өзіңнің болашақ кәсіби қызметің туралы білесің бе? Осы туралы ойладың ба?
4. Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдай отырып, сен тіршілік ететін аймаққа қандай мамандықтар қажет.

5. Егер сенің ол оқуға  түсуіңе ата- анаң келіспесе не істейсіз?

6. Емтиханға кешігіп қалсаң не істер едің?

7. Оқуыңды ойдағыдай аяқтап, жұмысқа кірісер сәтте үй іштерің саған одан гөрі еңбекақысы жоғары қызмет ұсынса қайтесің?

8. Оқуға түскен соң өзіңе ұнамай қалса не істейсің?



Қазіргі заманғы жоғарғы білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?

. Компьютерді білу

·      Бірнеше тілді , ағылшын тілін білу:

·      Адамдармен қарым –қатынас жасай білу;

·      Өз тауарын, қызметін өткізе білу;

·      Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау;

·      Үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік.


"Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деген сөз бекер айтылмаған. Осы жағдайда әрбір оқушы қандай мамандықты таңдасам екен деген ой мазалайтыны анық. Біреулері ата-анасының айтқанымен мамандық таңдаса, енді біреулері көпшіліктің ниет-қалауының ықпалында кетіп жатады (мәселен юрист, экономист, кеденші). Бастысы жүрек үнін тыңдап, ата-ана, бауырларыңызбен бір ақылдасып алсаңыз ұтылмайсыз.

Негізінде, мамандық таңдауда үш бастаманы қаперге алған жөн: қалаймын, қолымнан келеді және қажет.

Жоғары оқу орындары өздерінің мекемелерін насихаттап, брошюралар таратумен ғана шектеледі. Ал оқушылар ЖОО дайындайтын мамандықтар бойынша ақпараттан бейхабар. Осыдан келіп туындайтын түйін, кәсіби бағдар беру бағытында балалармен толыққанды жұмыс істеу қажеттігі. Психологиялық тестілеулер арқылы, бейімін байқап, бағыт көрсету керек. Жоғары оқу орны туралы ақпаратқа қарағанда, балаға мамандық таңдау аса маңызды.


3. «Ең жақсы» ойыны
Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерін ұсынамын, ал сендер берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты атайсыңдар.
Ең жасыл------------(эколог, географ, бақташы)
Ең тәтті------------------(аспаз, кондитер)
Ең ақшалы---------------(банк қызметкері,экономист)
Ең күлкілі-------------------(клоун)
Ең жауапты ----------------- (сот, бухгалтер)
Ең салмақты------------------- (мұғалім, заңгер)
Ең қарым-қатынасы күшті------- (бизнесмен)

4. Суретті тест
Қатысушыларға күн, бұлт, жаңбыр бейнеленген қағаздар таратылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.
Күннің суреті------- жақсы, көңілді
Бұлттың суреті----- орташа
Жаңбыр------------- төмен

Қорытынды
Әбунасыр Әл Фараби: «.... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»,- деген.

«Қазақстан  өздерің  сияқты  жас  мемлекет, біздің  болашағымыз  да жастар...»  Н.Ә.Назарбаев