БЕКІТЕМІН
Бесқарағай жалпы орта білім
беретін мектебінің директоры
_________А.М. Бельгибаева
«____» __________ 2016 жыл
Қысқамерзімді сабақ жоспары
Курс өткен орны: Павлодар қаласы ПҚБАИ
Тренер: Р.М. Жабагина, қазақ тілінде, №2 топ
Тыңдаушы: Батжамал Муслимовна Кусманова
Сынып: 4 қазақ сыныбы Ашық сабақ
Пәні: қазақ тілі
Бағдарлама: 2013
Оқулық: Ж.Қ. Балтабаева,М.Қ.Солтанғазина,Ф.С.Лекерова «Қазақ тілі» Алматыкітап баспасы 2013 жыл
Тақырыбы: Сөз тіркесі
Өткізу күні: 08.10.2015
Мақсаты:
Білімділік: тапсырмаларды орындауда сөз тіркестерін ажыратуға үйрену. Оқушылардың сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы түсініктеріне сүйене отырып, сөз тіркесімен таныстыру. Сөз тіркесін құрастыра отырып, олармен сөйлем құрауға дағдыландыру;
Дамытушылық: Сөйлемдегі сөз тіркестерін табуға жаттықтыру.
Бірыңғай есімді сөз тіркестерімен фразеологиялық тіркестерді айыра алу
Екі бағанды салыстыру,айырмашылықтарын айту,қай бағандағы сөз тіркестері сөйлем бола алады
Нақты шешім жасауға үйрету, өз сөзімен білдіру. Тірек сызбамен дұрыс жұмыс жасау
Өз ойларын еркін жеткізу ,сөйлемдерді дұрыс құрастыру.
Топпен жұмыс жүргізіп, бір-бірін тыңдай білу
Міндеттері: Сөз тіркесін құрастыра білу, сөздер мен сөз тіркестерінің айырмашылығын білу
Сабақ түрі: дамытушылық
Технологиялар: СТО, дамыта оқыту, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер ,көшбасшы, бағалау,топтастыру,
Құрал жабдықтар: интербелсенді тақта, маркерлер, флипчарт беті, стикер.
Әдіс-тәсілдер: Диалогтық, жұптық, топтық оқыту, миға шабуыл, басбармақ әдісі,Insert, шығу парағы
Зерттеу тақырыбы: Диалогтық оқытудын қазақ тілі сабағында тиімділігі қандай?
Амандасу Сыныпты түгендеу
Психологиялық ахуалды орнату
«Шаттық шеңберіне» тұрып, бір-біріне бүгінгі сабаққа жылы сөздер айту
Топтастыру
Сурет жартысы арқылы топтастыру.
Топ спикерін таңдау. Спикерге бағалау парағын беру
Сынып старостасы сыныпты тізім бойынша түгендейді.
«Шаттық шеңберіне» тұрып, бір-біріне бүгінгі сабаққа жылы сөздер айтады.
Сурет жартысы арқылы өз топтарын табады.
Топ спикерін таңдайды. Спикер бағалау парағын толтырады.
Ұжымдық
Топқа бөлу
ОЖЕСО
8
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Тест
Өткен сабақ тақырыбы бойынша тест жұмысын әрбір оқушының алдына беру.
Тест жұмысын орындап болған соң, интербелсенді тақтада тест кілтін және бағалау критерийлері шығады. Жұптар арасында жұмыстарымен алмасып, тестті тексеріп бағалайды
1.Сөйлем дегеніміз не?
2.Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай неше түрі бар? (хабарлы,сұраулы,бұйрықты,лепті)
3.Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге
айналдыр.
тест жұмысын 5 минутта орындайды.
Жұппен алмасып, бір-бірінің жұмысын тексеріп, бағалау критерийіне байланысты бағалау.
Бағалау парағына тест бағасын қою
Жеке дара
Жұптық
жұпты
жұптық бағалау
ОүБ және ОБ
АКТ
3
Ой қозғау, тақырыпқа шығу
Тақырыпты ашу
Миға шабуыл.
Қызығушылықты ояту
Суретте бейнеленген зат атауларын ата.Осы сөздерді қалай байланыстыруға болады?
[pic]
[pic]
Сонымен сабағымыздың тақырыбы
Сөз тіркесі.
Ал, сабағымыздың мақсаты қандай? Бүгінгі сабақтан нені үйренуіміз керек?
II Мағынаны тану
Бақылайды, қадағалайды
Бағыт-бағдар береді
Сәбидің бесігі, бақыт құсы-көгершін, әдепті бала.
Екі немесе бірнеше сөз
бір-бірімен байланысады
Осы суреттер арқылы әрбір топ ереже шығарады
Әрбір топ ереже шығарғанын
сыныпта оқиды,
содан кейін барлығы бір ереже шығарады.
Екі немесе бірнеше
сөздің бір-бірімен
байланысуы сөз тіркесі деп аталады.
Екі сөз бір-бірімен
байланысады.
Барлығы бірігіп шығарған ереже
Сөз тіркесінде
алдыңғы сөз бағыныңқы,соңғы сөз басыңқы болады.
Сөз тіркестерді
Жалпы топтық
диалог
СТОҮ
7
Білу, түсіну
1-тапсырма
Сөз тіркестерін көшіріп жазып,олардың байланысын
сызбамен танып білу.
2- тапсырма
Жаңбыр тамшысымен өшірілген қосымшаларды тауып, сөз тіркестерін көшіру
Insert әдісін қолдана отырып, мәтінмен жұмыс.
«P» - таныс ақпарат «+» - жаңа ақпарат
«?» - сұрағым бар
«-» - келіспеймін
Сөздерден сөз тіркестерін дұрыс құрап,мақалдын дұрыс жалғасын табу.
1.Тәтті алма,күшті
палуан,серуенге шықты,
қарындашты ұштады,үйіне келді.
2. Сөз тіркесін құрастыр: (айран, өмір, сабақ, тұщы, ұзақ, қызық
Тәтті алма,
күшті палуан,
серуенге шықты, Ел... бірлігі, білім... ұмтылу, кітап... оқыды, қала... келді,ара... кесті.
Тақырыпты оқып, топта талқылылайды. Оқығандарын кестеге жазып алып, бір-біріне түсіндіреді.
Отансыз адам- ормансыз бұлбұл
Отан- оттан да ыстық
Су- баға жетпес байлық
Табиғат сәні- орман тоғайлар
Туған жер- алтын бесік
Жеке дара
Жұппен
топпен
Өзін-өзі
Сыныпта сын бағалау
О мен ОЖТ
ТжД
7
Талдау
флипчарт таратылады
Сөз тіркесі тақырыбын флипчарт бетіне түсіру керектігін түсіндіремін. Әр топтан бір оқушы шығып жасаған флипчарттарынқорғайтынын айтамын.
Өз ойынды дәлелде.
Тақырыптың басты идеясын жаз:
3-тапсырма:
«Тілек ағашы».
Жапырақ бойынша әр топ жапыраққа өз тілектерін жазады да,тақтадағы ағашқа жапсырады.
Сөздерді байланыстыру,
топтастыру.
Берілген флипчарт бетіне оқыған материалды тірек- сызбалар арқылы 5 минут түсіреді. Дайындаған флипчартты топтан бір оқушы шығып 1 минутта қорғайды.
Зор денсаулық,қажымас қайрат,
мықты денсаулық,ұзақ өмір
деп тілектер жазады.
.
Топпен жұмыс
Өзін-өзі
Сыныпта сын бағалау
ОменОЖТ
ТжД
Б ж К
СТОҮ
ОүБ және ОБ
1
Сергіту сәті
Интербелсенді тақтада бейнеролик көрсету.
Бейнероликте көрсетілген жаттығуларды орындайды.
ОЖЕСО
10
Қолдану
4- тапсырма:
1. Бірінші сыңары сан есім, екінші сыңары зат есім болатын сөз тіркесін қолдану,дамыту.
Мына тұрақты тіркестердің мағынасын ашып, сөйлем құрап жазу.
Үлгі тобымен Бейбарыс тобы бір-біріне сұрақ қояды.
1.Сөз тіркесі дегеніміз не?
2.Сөз тіркесіне мысал келтір
3.Фразеологиялық сөз тіркесіне мысал келтір.
Екінші пәтер,
Тоқсандағы қария,
Тас бауыр (қатты)
Ит өлген жер (алыс)
Көз ілмеу (ұйықтамау)
Сағы сыну
( беті қайту) мағынасын ашқаннан
кейін сөйлем құрайды.
Тапсырманы орындайды
Істеген жұмысын жазып алады. Басқаларға көмектеседі.
1.Екі немесе бірнеше сөздің бір-бірімен байлан-уы сөз тіркесі деп аталады.
2.ауылға бару,ұзын көше,жүйрік жылқы
3.Тепсе темір үзеді (мықты)
Тайға таңба басқандай (анық)
Жеке дара
Дарынды баламен жұмыс.
Өзін-өзі
Сыныпта сын бағалау
ОүБ және ОБ
АКТ
ТжД
3
Синтездеу
Сабақты қорытындылау үшін арналған сұрақтар:
Не үйрендім?
Не ұнады?
Не істей алмадым?
Не істеуім керек?
Осы сұрақтарға сүйеніп стикерға пікір жазу.
Не үйрендім?
Не ұнады?
Не істей алмадым?
Не істеуім керек?
сұрақтарына сүйеніп стикерға пікір жазып, сабақты қорытындылайды.
Жеке дара
СТОҮ
2
Бағалау
Бағалау критерийлеріне сүйеніп, өзін, тобын бағалау.
Басбармақ арқылы сабақты бағалау,
аяқтау.
Бағалау критерийлеріне сүйене отырып, өзін, тобын бағалайды.
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
деп сабақты аяқтайды.
Сумма тивті бағалау
ОБжОүБ
БжК
1
Үй тапсырмасын беру
40 бет ,3-жаттығу, сөз тіркестеріне өтірік өлең құрастырып жазу
Үй жұмысын күнделіктеріне жазады.