Открытый урок начальных класс на тему Бердібек Соқпақбаев «Менің атым – Қожа»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Алматы облысы Жамбыл ауданы Бұрған ауылы

Бұрған ауылындағы бастауыш мектепбалабақша кешенімен

Бастауыш сынып мұғалімі Айтбаева Айгерим Саякбаевна

Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым – Қожа» 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға жазушы өмірі мен әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру. Қожа мінезіне талдау жасап, өз көз қарастарын жүйелі айтуға үйрету.
 
Дамытушылық: Оқушылардың ой- өрісін қызығушылығын ояту.Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
 
Тәрбиелік: Оқушыларды тәртіпті болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
 

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ 
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, «Менің атым Қожа»фильмінен үзінді .
 
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтық жұмыс
 .Венн диограммасы.Зымыран сұрақтар.
Сабақтың барысы:
 
1. Ұйымдастыру кезеңі.
 
Оқушылармен амандасу, сабаққа назарын аудару.
 

Психологиялық дайындық.

«5»болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер білім көп оқып,

Өсе берсін санамыз.

Топқа бөлу Қиындылардан сурет құрау арқылы топқа бөлу.

IV. Жаңа сабаққа дайындық.

Бейнефильм тамашалау.

V.Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Автордың өмірбаянымен таныстыру.

Мұғалім сөзі:Бердібек Соқпақбаев Қазақ балалар әдебиетінің классигі, тамаша жазушы Бердібек Соқпақбаев тірі болғанда әлі талай шығармаларымен танысатынымыз сөзсіз.. «Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді» демекші, балалардың сүйікті жазушысы артына «Менің атым Қожа» әңгімесін қалдырды.

[pic]

Ал, енді балалар «Менің атым Қожа» повесъінен үзінді оқып көрелік.
Мұғалім бір рет оқып шығады. Оқушыларға іштей бір оқытып, тізбектей оқыту..

Сергіту сәті: Интербелсенді тақтадан қимылды қайталау

Дәптермен жұмыс. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күннің ретін жазыңдар.

Қожа мен Жантасқа мінездеме беру.Венн диаграммасы арқылы

Қожа Жантас













VI.Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру.

Топпен жұмыс.Әр топқа әр түрлі тапсырмалар беріледі.

1 топ: А.Михайловна мен Жантас екеуінің арасындағы диалогты мәнеріне келтіріп оқып беру.  
2 топ:Әңгіменің бір бөлігін көрініс арқылы көрсету .
 
3 топ:
 Әңгімені өз ойларымен аяқтау.
VII.Сабақты қорыту.Интербелсенді тақтадан шығару арқылы әңгімеден сұрақтар қою.

1. «Кішкентай жез қоңырау соның қолында» Кім туралы айтылған?

2.Әңгімедегі басты кейіпкер кім?

3.Үйге қандай тапсырма берілді?

4.Қожа Анфиса Михаиловнаның сабақ сұрау тәсілін кіммен салыстырады?

5.Қожа сөзінде тұрды ма?

6. «Осы жерде тұрып айта берейінші» Кімнің сөзі?

Бағалау парағын әр топ басшы толтыру арқылы бағасын шығару . Мұғалім қорытынды шығарып журналға бағалайды.

Рефлекция.

Білемін.

Білгім келеді?

Үйрендім.
VIII. Үйге тапсырма 
Әңгімені оқу
 .Мазмұнын айтуға дайындалып келу.
Бағалау парағы
 
Бағалау мониторингісі