№114 «Сайрам» жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Махмудова Шохиста Батирхоновна
Ұлы халықтың - ұлы ақыны
Азамат сыны - ерлік, ерлік сыны - елдік.
Мұхтар Әуезов
Мектепте оқу тәрбие жұмыстары бұрыннан белгіленген жоспар негізінде жүргізіледі. 2015 жыл 24 қазан күні №114 «Сайрам» жалпы орта мектебінің оқушылары үшін өзгеше күн болды. Республикамыздың түрлі аудандарында «Қазақ хандығына – 550 жыл» тақырыбы бойынша іс-шаралары жалғасуда. Мектебіміздің ұжымы да сол мерекеге өз үлестерін қосу мақсатында, мектептің жоғары 10-11 сыныптары үшін тарих пәні мұғалімі Сайдазимхан Исахановтың «Қазақ хандығының пайда болуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Тарих пәні мұғалімі Дилафруз Умаралиева «Қазақ хандығына – 550 жыл» тақырыбында баяндама жасады. Бұл баяндамада оқушыларға қызықты тарихи мәліметтер берілді. Мұғалімдердің екеуі де жаңа технологиялар негізінде интербелсенді тақтамен пайдалана отырып, сабақтарын ерекше етіп өткізді.
Мектептің бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі Гулмира Юлдашева «Тәуелсіз Қазақстан», «Қазақ хандығына – 550 жыл», «Қазақстан менің Отаным» тақырыптарында суреттер байқауын ұйымдастырды. Мектептің технология пәні мұғалімдері Рашидхон Тажиханов пен Наима Мухтархановалардың шәкірттері қолөнер көрмесін ұйымдастырды. Мектептегі мерекені қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың – 170 жылдық мерей тойына арналған әдеби сазды кешпен жалғастырды. Бұл іс-шараның мақсаты оқушыларға ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстырып, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау. Оқушылар Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін, көркемдік, әлеуметтік және дінге көзқарастары терең білінген еңбектері қара сөздерін жатқа айтты. Қазақ тілі пәні мұғалімдерінің «Абай қонақтары» атты сахналық көрінісі баршаның көңілінен шықты. Әсіресе, Лазизхан Ташходжаев, Салима Ахмедова, Рысбек Ұрдала, Дилобар Рахимова, Дилноза Юлдашевалардың көріністегі рөлдері жиналған ата-аналар мен оқушылар көңілінде ерекше әсер қалдырды.
Мектеп тәрбие ісі бойынша директор орынбасары Ботирхон Махмудов және тәлімгер Наргиза Арзикуловалар тарапынан ұйымдастырылған іс-жоспар мазмұндылығы мен белсенділігі жағынан ерекшеленді. Іс-шараларға мектеп мұғалімдері мен оқушыларының көпшілігі белсене ат салысқаны мектеп директоры Асқар Умаралиевке де оңтайлы болды. Өткізілген іс-шара мектеп оқушылары мен ата-аналар жүрегінен өшпес із қалдырды.
Тәуелсіздік өз-өзінен келмегендігін көпшілігіміз білеміз. Тәуелсіздік, Мәңгілік Ел – ата - бабаларымыздың сан мың ғасырлар бойы күткен асыл арманы еді. Тәуелсіздік «Найзаның ұшымен, білектің күшімен» келді дей отырып, біз ата-бабаларымыз аманатын, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жүргізіп отырған парасатты саясатын, еліміздің тыныштығын, қауіпсіздігін, көпұлтты Қазақстан халқының ынтымақтастығын сақтауымыз, қадірлеуіміз керек. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетіміз - Мәңгілік ел болып өсіп-өркендей берсін! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Еліміз жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін !!!
[pic] [pic]
[pic] [pic]
[pic] [pic]
[pic]
[pic]
[pic]