Енсебаева Г.Т.
Қазақ тілі 5 сынып 07.12.16ж.
Сабақтың тақырыбы: « Телефонмен сөйлесу әдебі»
Білімділік: Тақырыптың аясында қарапайым сөйлемдер құрау арқылы телефон арқылы дұрыс сөйлеу әдебін қалыптастыру. Сөз құрамын меңгерту.
Дамытушылық: Тілдесім барысында тілдік үлгілер арқылы телефон арқылы дұрыс сөйлесу жөнінде ақпараттық-танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушының қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу: « Шаттық шеңбері» тренингінің негізінде сабақ басында оқушылар бір – біріне тілек айту арқылы сәттілікке мақсат қояды.
Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі:- Сәлеметсіздер ме, балалар?! Отырыңыздар!
- Бүгін сыныпта кезекші кім?
- Бүгін сыныпта мен, Иназемцев Сергей, кезекшімін.
- Бүгін нешесі, қай күн?
-Бүгін желтоқсанның жетісі, сәрсенбі.
1. Үй жұмысын тексеру:
Сабақты бастамас бұрын әр оқушыға бағалау парағы беріледі.
Бүгін біз өтілкен сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз.
І. Негізгі бөлім:
Қызығушылық ты ояту: тақырыпты ашу
Видео клип Төреғали Төрали мен Ерке Есмаханның «Алло» өлеңі арқылы сабақ тақырыбын ашу.
Балалар, бұл клипта не туралы көрдіңдер?
Кімдерді көрдіңдер?
Олар не істеді?
Қалай ойлайсыңдар, сабақтың тақырыбы қандай?
Ал, бүгін сабақта қандай жұмыс істейміз, неге көңіл бөлуіміз керек?
ІІ. Мағынаны тану
1. Тыңдалым. Аудио жазылым арқылы сұхбатты тыңдайды.
2.Топпен жұмыс. « Миға шабуыл » тәсілі арқылы балалардың телефонмен қалай сөйлесу керек екендігі жайлы өз пікірлерімен бөліседі.
3.Кітаппен жұмыс: Ә) Айтылым. Тілдесім. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.
А) Ауызша – Жазбаша жұмыс: 8-тапсырма.
Сұрақ – жауапты кезекпен оқиды, түсінгендерін айтады.
Бекіту: « Сырлы сандық» ойыны арқылы ауызша, оқушылардың грамматика бөлімінен орфография мен орфоэпияның айырмашылығын түсінгендерін тексеру.( Ұялы телефон суреттерінен жасалған карточкаларға сөздер жазылған. Мысалы: бүрсүгіні - бүрсүгүнү)
Үй тапсырмасы:
1. № 8 тапсырма. Сұрақ – жауапты көршісімен рөльге ойнау.
Рефлексия: Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма? Ұнаса несімен?
Бағалау: Бағалау парағын жинап алу.
«Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі»
« А.С. Иванов атындағы «Выдриха «Жалпы білім беретін орта мектеп- балабақша» кешені» КММ
КГУ « Выдрихинский комплекс « Общеобразовательная средняя школа - детский сад имени А.С.Иванова»
отдела образование Шемонаихинского района
Мұғалім: Енсебаева Г.Т.
Выдриха селосы
2016-2017 оқу жылы