[link] , axios — құңды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі — «Игілік деген не?» деген сұрақты алғашқы болып қойған Сорат екенін білеміз. Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Құндылықтар — қасиеттер. Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді.Олар бізге бала кезден,ана сүтімен бірге, ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады. Жалтырағанның бәрі алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу.Құндылықтар әр адам үшін әрт түрлі болады. Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады.
Оқыту үрдісіне жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жасаймыз.Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі емес пе? Егер осы құндылықтарды ағашқа теңеп көрсек, ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағашқа құятын суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, ақиқатты,сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз дұрыс болады.Яғни, ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Яғни, ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни ағаш жемісін береді. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау - бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс. Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы, яғни, ата, әжелеріміздің даналығы. Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып, өзгереді.
2. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.»
Әл-Фараби
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі- жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін, оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда, оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық»- деп атап көрсеткен.
Руханилық- жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
«Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа...» ,«Жаман дос жолдасын қалдырар жауға» -деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер -адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау -адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.
Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді. Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды.
Қанатты сөздер тізімі:
Адамның адамгершілігін оның жекелеген әрекеттеріне қарап емес,
күнделікті өміріне қарап бағалау керек (Паскаль).
Байлық - қанағат пен еңбекте (Ы.Алтынсарин).
Әрқашанда таза болсын ар - ожданың жүрегің,
Өзгелер де саған адал, әділ болар білемін.
Зорлық қылсаң өзгелерге - өзің жәбір көресің,
Қиянаттың құрбаны боп, қорлықпенен өлерсің. (Мұхаммед Бабыр)
Әңгіме. Өсиет әңгіме.
Өсиет әңгіме
Алатаудың көк майсалы баурайында тәкаппар бір терек өсіп тұрады. Ол ешкімді менсінбейді. Төңерегіндегі мәуелеген жеміс ағаштары мен гүл бәйшешектерді көзіне де ілгісі келмеді. «Дүниеде маған тең келер ешкім жоқ. Мен тамырларыммен жерді шеңгелдеп ұстап тұрмын. Ұшар басым көкті құлатпай тіреп тұр», - деп лепірді терек. Оның асқақтығы шектен асты. Күнді жақтырмады: «Осының не керегі бар? Жапырақтарымды сарғайтып жіберетін болды – ау», - деп тыжырынды.
Терек суды да жаратпады: «Су тамырларымды шірітіп жіберетін болды», - деп налыды. Ол желге де мін тақты: «Жел жапырақтарымды шуылдатып, тыныштық бермеді», - деді.
Бір күні теретің бұтағына бұлбұл келіп қонды да, тамылжытып сайрай бастады. Тәкаппар терек біреудің еңбегі мен талантын өзіне иемдене қоюдан аулақ емес еді: бұлбұлды шуылдаған жапырақтарымның бірі екен деп:
Естіп тұрсыңдар ма? Қайсыларыңда осындай жыршы жапырақ бар? – деп екіленеді терек.
Бұны естіген бұлбұл намыстанып, өз жөніне ұшып кете берді.
Менің жыршы жапырағымды сен үзіп әкеттің. Оңбаған қаңғыбас, - деп тілдеді.
Бұны естіген жел де тына қалды.
Терек сәулелі күнге бажырая қарады:
Е,е... кім екен десем, міне, менің шырын жапырағымды құрғатып түсірген сен екенсің ғой, - деді.
Бұны естіген Күн енді қайтып шұғыласын терекке төкпей қойды.
Сыңғырлап ағып жатқан мөлдір бұлақ теректің бұл айтқандары орынсыз екенін айта бастап еді, тәкаппар терек оған ақырып қоя берді:
Өшір үніңді! Сен маған ақыл айтуға әлі жеткен жоқсың, - деді.
Бұны естіген бұлақ енді қайтып теректің тамырын нәрлемейтін болды.
Сөйтіп, күн нұрынсыз, сусыз, желсіз, ауасыз қалған терек аз күнде – ақ қуатынан айырылып, қалжырай бастады.
4 Әңгімелесу. Сұрақ-жауап (талдау)
• Әңгімеден қандай ой түйдің?
Өсиет әңгіменің мәні неде?
Терек айналасындағылармен неліктен осылай қарым – қатынас жасады деп ойлайсыңдар?
Қиянат жасамау дегенді қалай түсінесіңдер?
Өмір-жасампаз деген ұғым нені білдіреді?
Оқытушы: Ендеше сіздерге бойымыздағы мейрімділікті одан әрі жетілдіруге көмектесетін өміршеңдік ережелерін ұсынамын. Осы ережелерді кез келген өмірлік жағдайларда өз қажеттіліктеріңізге жарата аласыздар (студенттер ережелермен танысып, пікір алмасады).
Өміршеңдік ережелері
Өз күшіңе деген сенімсіздікпен қалай күресуге болады? Кез келген
іске төмендегідей көңілмен кірісейік: иығыңды тіктеп, жаркын
көңілмен, іштей табысқа жетуге талаптанып:
Жігер деген - Мен.
Күш деген - Мен.
Махаббат деген - Мен.
Кешірім деген - Мен.
Құдірет деген - Мен.
Жасөспірім деген - Мен.
Жастық деген - Мен.
Денсаулық деген - Мен.
Даналық деген - Мен.
Жаркындық деген - Мен.
Бар ғажайып деген - Мен.
Бәрі маған байланысты.
Бәрі менің қолымда!!! - деп өзіңізді сендіріңіз.
(5 минут).
Шығармашылық жұмыс, (10 минут).
Оқытушы: РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ – АДАМ ЖАНЫНЫҢ АЛТЫН АРҚАУЫ/ эссе
Топпен ән айту (5 минут).
Өз елім
Әні: Нұрғиса Тілендиев
Сөзі: Қадыр Мырзалиевтікі
Келгенде көктемі,
Көңілін гүл басқан.
Шырағы көктегі,
Жұлдызбен сырласқан.
Өз елім менің –
Өзегім менің,
Жырыма қосып жүремін.
Төрім деп менің,
Жерім деп менің,
Соғады мәңгі жүрегім.
Қайырмасы:
Түлегі сендер,
Тілегі сендер,
Тірегі сендер сол елдің.
Назары сендер,
Базары сендер,
Ажары сендер сол елдің!
Ақ күмбез астығы,
Асқар боп өрлеген.
Жалынды жастығы,
Жүлдені бермеген.
Өз елім менің -
Өзегім менің.
Жырыма қосып жүремін.
Төрім деп менің,
Жерім деп менің,
Соғады мәңгі жүрегім.
Қайырмасы:
Бұзылмас қамалы,
Батыры уақыттың.
Тербеген самалы,
Бесігін бақыттың.
Өз елім менің -
Өзегім менің.
Жырыма қосып жүремін.
Төрім деп менің,
Жерім деп менің,
Соғады мәңгі жүрегім.
Үй тапсырмасы (15 минут).
Рухани құндылықтар-ға сипаттама
Рефлексия
«Үш шапалақ»
Бір рет екі қолмен шапалақтау – сабақ ұнамады;
Екі рет екі қолмен шапалақтау – сұрақтарым бар;
Үш рет екі қолмен шапалақтау – сабақ ұнады, барлығы түсінікті.
Тыныштық сәтi (5 минут).
Оқытушы: Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!