1 сынып
Сабақтың тақырыбы:Біздің мектеп
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: тақырып бойынша өз ойын жеткізе білуге жаттықтыру және сұрақты дұрыс түсініп жауап беруге баулу
2.Дамытушылық: Сөздік қорды толықтырып дамыту. Дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: тазалыққа , тәртіптілікке үйрету
Көрнекілігі: суреттер, кітап, карточкалар.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сәлемдесу, әнұран орындау, журнал толтыру.
Ә) Кезекшімен сұхбат.
Сыныпта кім кезекші?
Сыныпта кім жоқ?
Б) Сабаққа даярлықтарын қадағалау.
2 Үй тапсырмасын тексеру:
Тақпақ сұрау
3 Тілдік ортаға ену:
Жылдың қай мезгілі?
Қай ай ? -
Аптаның қай күні?
Қыркүйектің нешесі ? -
Сенің атың кім?
Сен неше жастасың?
Қайда тұрасың?
Қай Республикада тұрасың?
4 Фонетикалық жаттығу:
Көп балықтар жүзеді таза, мөлдір суларда
Біресе еңкейеді
Біресе щплқайады
Дем алады жағада
5 Жаңа білімді меңгеру кезеңі
А) Сабақтың тақырыбын айтып мақсатымен таныстыру.
1.Сөздікпен жұмыс;
Мектеп, өшіргіш, сызғыш, сынып
Сөздерді бірнеше қайталап, аударамыз
2.Мәтінде кездесетін бейтаныс сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріп, аудару.
3.Дұрыс айтуға дағдыландыру
4.Сөз тіркестерін құрастыру
6 Сергіту сәті:
Жел соғады бетімізге,
Тербеледі ағаштар
Желге айтамыз тыныш, тыныш
Биіктесін ағаштар
7 Жаңа сабақты бекіту:
Ойын «Мынау не?» оқу құралдарын көрсету
9 Үйге тапсырма:
Жаңа сөздерді жаттау.
.