Қазақ тілінен сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақ тілі

10 - сынып

Тақырыбы: Тіл дамыту. Салт – дәстүр


Күні: 03.02.2016ж

Мұғалімнің есімі: Тауханова Д.А.

Сынып: 10В

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Қазақ халқының салт – дәстүрлері туралы түсініктерін кеңейту, етістіктің шақтары туралы білімдерін бекіту

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Қазақ халқының салт – дәстүрлері туралы түсінігі бар, етістіктің не екенін біледі және оның шақтарын ажырата алады

Оқушылардың басым бөлігі: Қазақ халқының салт – дәстүрлері туралы диалог құрып айта алады, нақ осы шақтың жасалу жолын талдап көрсете алады.


Кейбір оқушылар: Қазақ халқының салт – дәстүрлеріне қатысты өз ойларын білдіреді, тәрбиелік мәнін туралы айтады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Ойларын жеткізе алады, салыстырады, дәлелдейді.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Салт – дәстүр, тәрбиелік мәні

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Етістік, етістіктің шақтары

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Салт – дәстүрді сақтап, тәрбиелік мәнін түсінуіміз керек екені айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Сауатты жазу

Алдыңғы оқу

Етістіктің шақтары

Сенің есімің қандай мағынаны білдіреді?

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

1.«Досқа лебіз» тренингі. Оқушылар бір – бірінің атының басқы әрпіне сын есім қосып айтады; Мысалы: Ақылды - Артем

2. Топқа бөлу, топ ережесімен таныстыру

3. Үй тапсырмасын сұрау

Сенің есімің қандай мағынаны білдіреді?

Қазақ халқында адамның атымен байланысты қандай салт – дәстүрін білесіңдер?

Балаға азан шақырып ат қою дәстүрі.

Кесілген жіптер




Ортасы

1.Миға шабуыл.

«Қазағымның дәстүрі» өлеңін тыңдатамын

Оқушылар өлеңді тыңдай отырып, не туралы екенін айтады. Осы арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.


-Балалар, САЛТ, ДӘСТҮР деген сөздер қандай мағына береді?

-Қандай салт-дәстүрлерді білеміз?

Постер қорғау

«Дәстүр» сөзі де арабша دستور «дустур» деген сөздің қазақша баламасы. Арабша мағынасы іс-әрекет жасалатын ереже, заң дегенді білдіреді. Қазіргі араб тілінде бұл, негізінен, бір елдің конституциясы деген мағынада қолданылады. Бұл сөздің осынау терең мағынасын, этимологиялық түп-төркінін зерделеп мынадай ой түюге болады. Сірә, қазақ даласында Ислам шариғаты мен дала заңдарының қосындысынан шыққан заңнамалық жүйе дәстүр деп аталса керек. Содан соң ата-баба дәстүрі, салт-дәстүр деген ұғымдар пайда болған. Жоғарыда аталған шариғат терминдерінің тілімізге ежелден еніп, кейіннен ауыспалы мағыналарда қолданылуы осындай пікірге жетелейді.

2.Қазақ халқының салт – дәстүрлері

Адамның сәби шағынан бастап қартайған шағына дейін жалғаса береді екен. Адам өмірінің шақтарын айтып көрейік.

Балалық шақ – Жастық шақ – қарттық шақ

Осы шақ Өткен шақ Келер шақ деп байланыстырамын.

Етістіктің шақтары

Топта орындалатын тапсырмалар

Үш топқа шілдехана, бесік той, тұсау кесер бөлініп беріледі.

Етістіктері үш шақта болатындай етіп, үш сөйлем құрастырады. Етістіктерге талдау жасайды.

Интербелсенді тақта

Ән, бейнебаян








Плакат, маркер





.





























Дәптермен жұмыс






Аяқталуы

Қарама қарсы топтарға салт – дәстүрлер туралы сұрақтар қойғызып бекітемін.

Сабақ басындағы өлең жолдарын еске түсіріп өлеңде айтылған салт – дәстірлер туралы әр топ ұтымды нақты жауаптармен қысқаша айтады.

Бүгінгі сабақ туралы ойларын үш жақта айту.

Не білетінмін?

Не білдім?

Не білгім келеді?



Қосымша ақпарат: Басқа халықтардың қазақ халқының салт – дәстүрлеріне ұқсайтын салттары туралы біліп келу

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс . Құндылықтардағы байланыс.


1«Бас бармақ» әдісі.

2. Ауызша бағалау.

3.Топқа бөлінуде – бет-әлпет мимикасы арқылы.

4.Топтық жұмыс – «Екі жұлдыз, бір тілек».

5.Жұптық жұмыс – смайлик арқылы.

Орыс тілі, тарих Интербелсенді тақта.

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:


2:


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:


2:


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?