Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына орай.....
Сабақтың тақырыбы: Газет-журналдармен жұмыс.
Сабақтың мақсаты: 1) Қазақ тілінде сөйлеу компетенттілігін қалыптастыру,яғни тілдің қарым-қатынастық қызметін меңгерту.
Тілдік білім жүйесін танып біле отырып,сөйлеу әрекеттерінде қолдану, яғни тілдің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік құрылымын,стилистикалық ерекшеліктерін функционалдық сипатта танып білу.
2)Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру,берілген тапсырма бойынша білімдерін тексеру,есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту. [pic]
3)Көпұлтты Отанымызға деген сүйіспеншіліктерін ,Қазақстан халқы Ассамблеясына деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,проблемалық сұрақтарға жауап іздеу,өзара пікірталас,мәнерлеп оқу,сын тұрғысынан ойлау әдістері.
Сабақтың көрнекілігі:Қазақстан халқы Ассамблеясының «туы» мен мүшелері тағатын «шалғысы»,интерактивті тақта,газет-журналдар .
Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ әдебиеті,Қазақстан тарихы. [pic]
1. Сабақтың барысы
2.Ұйымдастыру кезеңі
3.Үй жұмысын тексеру
«Ой жинақтау» әдісі
1.Ең алғашқы шыққан газет-журналдар қалай аталады?
2. «Егемен Қазақстан» газетінің шыққан жылы?
3.Қазіргі республикалық газет-журналдардың атаулары қандай? [pic]
«Слайд шашу»әдісі
Екі топ жобалау технологиясы бойынша дайындап әкелген слайд-презентацияларын көрсетеді.
1топ- Герольд Белгер туралы
2топ- Асылы Осман туралы
«Венн диаграммасы» әдісі
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерінің өмір деректерін салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын анықтау.
«Проблемалық сұрақтар қою»әдісі [pic]
1-топ Қазақ жерінде тұратын өзге ұлт өкілдері не себептен қазақ тілінде сөйлейді?
2-топ Өз қазақтарымыз қазақ тілінде неге сөйлемейді,сөйлегісі келмейді ме?
Уақыт белгіленіп,жауап дайындалады және талқыға салынады.
«Мағынаны ашу»әдісі
Берілген мәтінмен жұмыс (оқу,аудару,сұрақ қою,жауап беру,ең өзекті мәселені шығару)
Өзекті мәселе-кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу туралы Ассамблея тарапынан жасалған ҰСЫНЫС.
«Диалог-монолог-газет»әдісі [pic]
«Егемен Қазақстан» газетіндегі отандастарымыздың кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу туралы пікірлерін оқып, талдау.Өз ойларын да айтып жеткізуге тырысу. Президенттік сайлау-26 сәуірде болатынын жариялау.
«Проблемалық сұрақ қою»әдісі
(Неліктен Президент кандидаттары міндетті түрде қазақ тілінен емтихан тапсырады?)
Екі топ белгіленген уақытта жауаптарын дайындауға тиіс.
«Ой толғаныс» әдісі [pic]
Екі топ ойларын жинақтап, сайлау туралы өз пікірлерін білдіру үшін , Ассамблеяға хат жазады.
«Көркемдегіш» әдіс [pic]
Оқушылар өз беттерімен дайындаған қазақ,башқұрт,қырғыз,украин,белорус,орыс тілдерінде жаттаған өлеңдерін оқиды.
«Кері байланыс» әдісі
Синквейн,екі түрлі күнделік толтыру,салыстырмалы диаграмма жазу әдістерін пайдаланып, сабақты бекіту.
Оқушыларды бағалап,үй тапсырмасын беру.
№31 мектеп-гимназиясы
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына орай....
Ашық сабақ:
Газет-журналдармен
жұмыс
Р.А.Даутбаева, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары
санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Астана қаласы-2015ж.