Бекітемін: |
Мерзімі:
| Сыныбы: 8 « » | Пәні: Қазақ әдебиеті Пән мұғалімі: |
Тақырыбы: | Ахмет Йасауи «Диуани хикмет» кітабы. |
Мақсаты: | «Диуани хикмет» кітабындағы негізгі ойды түсіну |
Міндеттері: | Білімділік мақсаты: «Диуани хикмет» кітабындағы негізгі ойды түсіну арқылы, Ахмет Йасауиді тарихи тұлға , қазақ әдебиеті тарихындағы пәлсафалық сипаттағы ақын ретінде таныту. Дамытушылық мақсаты: Жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Хикметтерінің поэтикалық тіліне, ақыл-нақылдарына қазақ ғұламаларының шығармаларымен салыстырмалы талдау жасай отырып, оқушыларды имандылыққа, мейірімділікке, ождан тазалығына баулу. |
Сабақтың түрі: | Жаңа сабақты игерту |
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: | түсіндіру, проблемалық сұрақтар төңірегінде әдеби талдау, іздендіру, салыстыру, мәнерлеп оқу, ой қорыту. |
Көрнекілігі және құрал жабдығы: | оқулық, хикметтер, суреттер, дайындалған рефераттар,слайдтар, |
Сабақтың барысы: |
Кезеңдері | уақыты |
|
Ұйымдастыру | 1 минут | Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
|
Үй тапсырмасын тексеру | 8 минут | Ахмет Йасауи жайлы мәлімет жинау |
Қызығушылығын ояту | 2 минут | Біздің бүгінгі сабағымыз- ақын, ойшыл, мұсылман дінінің атақты қайраткері, философ, ғұлама ғалым, Ахмет Йасауидің «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») кітабының тәрбиелік мәнін ашуға арналған іздендіру сабағы. Сондықтан, ең әуелі оқушылардың өз беттерімен іздену нәтижесінде тапқан материалдарымен танысып көрейік. 1.Ахмет Йасауидің өмірінен мәлімет. 2. Йасауидің ұстазы Арыстанбабқа сипаттама беру. 3. Йасауи кесенесінің тарихы жайлы не айтар едіңдер? |
Жаңа сабақты түсіндіру | 20 минут | Мұғалім сөзі: Ендеше оқушылар қылуетте өмір кешіп, бабамыздың мәңгі өшпес асыл мұрасы - «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Яғни, Ахмет Йасауи сопылық-философиялық дүниетанымдарын өзінің «Даналық кітабы» еңбегінде баян етеді. Түп нұсқасы сақталмаған. Бізге жеткені ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы көшірмесі ғана. Диуан-жинақ, хикмет-алланың құдірет күші, яғни «алланың ақ жолын баяндайтын кітап» деген мағынаны білдіреді. Йасауидің кітабын тақырыбы жағынан екі топта жіктеп қарастыруға болады. 1. Сопылық ілімінің мазмұнын өлең түрінде жырлаған хикметтер тобы. Бұған үгіт, насихат, өсиет үлгісінде жазылған тәлім-тәрбие сипатындағы хикметтер жатады. 2. Ақынның өз кезіндегі дәуір, қоғам бейнесін жасайтын лирикалық шығармалары. Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен, Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман. Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен, Пәрмен болса өлгенше жырласам мен,- деп, даналық сөздерінің 4 мың 400 жол екендігін ескерткен. Абай айтқан асыл сөз бар: «Мұны жазған білген құл, атын білме, сөзін біл». Ұлықтекті ұлы Өситенамасындай «Диуани хикмет» турасында түркістандық ғұлама: Ескерткіш қалдырдым мен ежеттіге, Қастерлеп, аруағымнан медет тіле,- депті. Яғни бізге бағыштаған аманатындай. Сабақ барысында оқушыларға берілетін іздендіру сұрақ: «Диуани хикмет» кітабытуралы өз көзқарастарыңды, пікірлеріңді жинақтап қағазға түсіріп отырыңдар (ой түйіндеу). Ендігі кезекте хикметтерінен үзінділер оқып, негізгі ойын анықтап, поэтикалық, салыстырмалы талдау жасап көрейік. Хикметтер Даналардың айтқаны келер болды, Қияметтің қияпаты төнер болды, Ақымақтар айқаймен жеңер болды, Бұл не деген замана болды достар.
Халайықтан мейірім мен рақым кетті, Момынға телі-тентек зақым етті, Тал түсте талапайда ақыл кетті, Бұл не деген замана болды достар.
Үлкен-кіші адамнан ибалық әдет кетті, Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті, Мінез-құлықты бұзатын әлек жетті, Бұл не деген замана болды достар.
Мұсылманды мұсылман түтіп жейді, Бірін-бірі ұқпайды, түсінбейді, Мұриттер пірге көз қырын түсірмейді, Бұл не деген замана болды, достар.
Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ, Кішілердің үлкенге ізеті жоқ, Патшаларға әділдік міндеті жоқ, Бұл не деген замана болды, достар.
Дәруіштер дұғасының шипасы жоқ, Тым болмаса үстінде лыпасы жоқ, Құнарсыз қу тақырдай бұтасы жоқ. Бұл не деген замана болды, достар.
Азған заман ғалымы залым болар, Қошаметшіл қулықпен мәлім болар, Анығын айтқан адалдар жазым болар, Бұл не деген замана болды, достар.
Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ, Жалғандыққа шындықтың қайраны жоқ, Шындықты айтып осылай шырқыраған Құл Қожа Ахмет сөзінің жалғаны жоқ.
Негізгі ой | Поэтикалық талдау | Сөздік жұмыс
| Абай өлеңдерімен салыстыру |
|
|
|
|
2. Қысыр сөзді айтпа маған дән-нәрі жоқ,
Ғашықтығың бекер ғой көз қаны жоқ,
Жан бермеген махаббаттың байламы жоқ,
Қысқа өмірін ұзартар жалғауы жоқ.
Құштарлықтың бейнетін көрмес болсаң,
Қорлық тартып, сұм нәпсіңді жеңбес болсаң,
Алла басқа салғанда көнбес болсаң,
Олла-білла, сенде ышқының айғағы жоқ.
Зікір айтып, зар еңіреп- еміренбесең,
Иіп үш жүз алпыс тамырың, тебіренбесең,
Төрт жүз қырық төрт сүйегің сөгілерде сен
Қиналмасаң, құр сөзіңнің салмағы жоқ.
Нәпсің тыйып, көңілің тойса қанағатқа,
Саған разы болар бүкіл жамағат та.
Жақсыларға қызмет қып, ие бол адал атқа,
Машһарда ондай ғашықтың арманы жоқ.
Рақат емес, бейнеттен қашпағандар,
Таң сәріден жанын қинап қасқаярлар,
Ит дүниені қызықтырмай тастағандар-
Шын ғашықтар деп айтсам, жалғаны жоқ.
Безбүйріктер қайтсін іште дертің барын,
Ұқпайды олар ышқылықтың төркін, мәнін,
Сатылмасын суайтқа көркің, бағың,
Бейхабардың оны ұғар саңлауы жоқ.
Ынтазар боп отқа түстің, күйіп-жандың,
Шам айналған көбелектей жүріп те алдың,
Дертің де ауыр, қайғың да ауыр, естен тандың,
Қасіретіңнің тола қояр аңғары жоқ.
Қиын жолда қиылып басың кетер,
Бұл жайында айта берсең болар бекер,
Жөнің бар ғой пірге адал қызмет етер,
Қызметіңнің еленбей қалғаны жоқ.
Ғашық емес құштарына жан бермесе,
Дихан емес кетпен шауып нан бермесе,
Ақыретті ойлап әуелден қам жемесе,
Құзырынан Құдіреттің алмағы жоқ.
Ей, бейхабар, ғашықтардан жөн сұрама,
Дару тілеп, дәрі-дәрмек, ем сұрама,
Ғашық болсаң, тақуалардан кем шыдама,
Екеуінің де дауа іздеп, таңдауы жоқ.
Тақуа болма, тентек болма, ғашық болғын,
Бейнет шегіп, бүкпесі жоқ ашық болғын.
Нәпсің тыйып, күнәдән қашық болғын,
Ышқы жоқтың иман іздер бағдары жоқ.
Басқа түссе, құштарлық қайғы болар,
Алла алдында тәубасы зайғы болар.
Есіл дерті Мәжнүнге ауған Ләйлі болар,
Құдай ақы, бұл сөздің еш жалғаны жоқ.
Құл Қожа Ахмет, көп ойланып жөнге келгін,
Бұрынғылар айтқан сөзге көңіл бөлгін,
Алланың ақ жолын тұтып, жаның бергін,
Бұдан өзге жүрер жолдың қайраны жоқ.
Поэтикалық талдау
Эпитет
Теңеу
Метонимия
Қайталау
Қысыр сөз
Қысқа өмір
Құр сөз
Шам айналған көбелектей
Ит дүние
Болар, жоқ, болсаң
(эпифора)
Мәнерлеп оқу.
3. Дүние-мүлікке құмартып, жаһан малын жиғандар,
Құзғын жемін жегендер арамға әбден батпақшы.
Молла, муфти болғансып, жалған дұға қылғандар,
Ақты қара дегендер тамұққа барып жатпақшы.
Қазы, имам атымен қол қойса нақақ жалаға,
Сол үкімнің салмағы өздерін басып қалмақшы.
Арам жеген әкімдер, құныққандар параға,
Өз бармағын тістелеп, өкініш отқа жанбақшы.
Таңдап тәтті жегендер, атлас-қамқа кигендер,
Алтын таққа мінгендер жер мен жер боп жатар-ды.
Ұйқасын тап. (Абай өлеңімен салыстыру)
Кітапты молда теріс оқыр,
..................................................
Мал құмар көңлі-бек соқыр,
....................................................
Жүректе айна жоқ болса,
......................................................
Тыңдағыш қанша көп болса,
.......................................................
[pic]
Сөздік жұмыс
Зікір- бұл құдайды мадақтап айтылатын өлеңдер.
Тақуа-діндар, діншіл.
Ақырет- о,дүние, машхар
Тамұқ- діни ұғым бойынша, күнәһар адамға о дүниеде азап көрсететін жер, тозақ.
Нақақ- бостан-бос, жазықсыз.
Ахмет Йасауидің талданған хикметтері оқушылар пікірінше хикметтер ирархиясы
«Диуани хикмет» кітабы туралы өз көзқарастарың, пікірлерің жинақтап қағазға түсіріп отыру тапсырмасы берілген болатын, сол тапсырманың орындау барысын тексеру.
Ой толғау.
[pic]
Ғалымдардың пікірі
[pic]
1. Ерлан Арын (ҚР білім, экономика ғылымының докторы)
Түркістандық ғұламаның «Даналық кітабын» тек әдеби шығарма деу аздық етеді. Иманжүзділік оқулығы әділетті болар. Ол тұтқиыл тығырықтар тұсында тұйықтан шығарар жол көрсетіп, инабатшыл көңілге Иланым ұялатады».
2. А.Қыраубаева. «Суфизм көзқарасындағы ақындық дәстүрдің қазақ поэзиясындағы қалыптасуына түркілік әдебиет даму кезеңіндегі шығармаларда негізгі қаланған мәселелердің кейінгі ақындар арқылы жалғасатындығы табиғи заңдылық. Аллаға ғашықтық Йасауи және оның дәстүріндегі ақындар поэзиясында орныққан құбылыс. Жаратушыға арналған махаббат, ғашықтық ұғымдардың әлеуметтік сырлары жалпы азаматтық, гуманистік ойлармен де ұштасады »
«Ғасырлар мұрасы» А., 1987, 360-б
Мұғалім сөзі: Ғалымдардың пікірі мен оқушылар пікірін салыстыра келе Ахмет Йасауидың «Даналық кітабындағы» хикметтерінің болашақ ұрпаққа айтар насихаты:
Бекіту
5 минут
Демек, Иманды адам күн секілді. Күн бойынан жылу мен жарық бөліп, жер бетін нұрландырып, жан бітіреді. Кемеңгер бабамыз өз заманының шындығымен қоса, өз өмірінің бүкіл болмысын, ғұмырлық тәжірибесін, ізденістері мен құлшыныстарын, Алланың ақ жолын Ақиқат жолын табу мен тану үшін не істеу керек екендігін өлеңдік өрнекпен, ғұламалық тереңдікпен, шын мұсылмандық ұғыммен айтып отырған.
«Диуани Хикмет» атты кітабы діни-сопылық қағидалармен қатар оқу, білім алу, адалдық, имандылық, ізгі қасиетті болу, ақыл-парасатқа жету, жақсылық, жамандық, төзімді болу, достық пен махабатты қастерлеу, әділетті болу, адал жолмен жүру сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттайды.Түркістандық ғұламаның «Даналық кітабын» тек әдеби шығарма деу аздық етеді. Сірә, Абай «бес асыл» атаған: Талап, Еңбек, Терең Ой, Қанағат, Рахым, бір сөзбен, Иманжүзділік оқулығы дегеніміз әділетті болар.
Бағалау
2 минут
Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма
2 минут
Ахмет Йасауидің хикметтерін оқу, талдау.