Сабақтың тақырыбы: Радиациялық және химиялық пост құрамындағы барлаушының іс әрекеті. Зақымдануғы объектіде барлау жүргізу кезіндегі барлаушының іс әрекеті.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға барлау жүргізу кезіндегі барлаушының іс-әрекетін үйрету.
Уақыты: 45 мин.
Өткізілетін орны: 11 сынып, тактикалық алаң.
Өткізілетін күні:
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, газтұмылдырықтар, жеке қорғаныш құралдары.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 мин.
Барлауға қандай талаптар қойылады?
Барлау түрлері мен оны жүргізу тәсілдерін атаңдар.
Барлаудың негізгі міндеттері қандай?
Радиациялық және химиялық бақылау постарын тағайындау туралы, оның құрамы, міндеттері мен жабдықталуы туралы не білесіңдер?
б) Негізгі бөлім – 22 мин.
Радиациялық және химиялық пост құрамындағы барлаушының іс әрекеті.
Поста бақылаушы үшін орын және жеке құрамға арналған таса жабдықталады. Бақылаушыға арналған орын бақыланатын объектіні жақсы шолуды қамтамасыз ететіндей болуы керек.
Радиациялық және химиялық бақылау постының міндетін АҚ штабының бастығы белгілейді. Міндеттер қою кезінде оның көрсететіндері: пост құрамы; орналасу орны; бақылау секторы; не нәрсеге көңіл аудару керектігі; бақылау нәтижелері жайлы мәліметтердің реті; тапсырманы орындауға дайындық уақыты. Пост бастығы тапсырма алған соң жеке құрамды жинауды, мүлік қабылдауды ұйымдастырады, бағынышты адамдарға міндеттер түсіндіреді, бақылау ретін, пост жабдықталуын анықтайды, аспаптардың жөндемділігін тексеріп, бақылаушылар әрекетіне басшылық жасайды. Сондай-ақ пост бастығы бақылаушының кезекшілік міндетін атқарады.
Бақылаушы кезекші көрсетілген жерде табан аудармай болуы, әуе және жер үсті жағдайларының өзгерістерін тексеріп отыруға, жағдайдағы барлық өзгерістер туралы деректі тез пост бастығына хабарлап, оның нұсқауы бойынша әрекет етуге міндетті.
«Әуе дабылы!» сигналы бойынша постың жеке құрамы тасаны иемденеді, ал бақылаушы кезекші бақылауын жалғастыра береді.
Бақылаушы радиациялық барлау аспабын іске қосылған күйде ұстайды және оның көрсетілуін байқап отырады. Радиоактивті жауын-шашын түскен кезде ол аспап көрсетулері бойынша радиация деңгейін анықтап, ол жайлы пост бастығына мәлімдейді және пост бастығының бұйрығы бойынша радиоактивті зақымдануы жайында хабарлау белгілерін береді. Содан кейін газтұмылдырықты, теріні қорғау құралдарын киіп, аспап көрсетулерін үздіксіз бақылауын жалғастыра береді. Барлаушы радиация деңгейі көбейге жағдайда пост бастығына баяндайды да, оның рұқсатымен панаға барып тасаланады.
Радиация деңгейінің өзгерісі туралы бақылау тасадан жүргізіледі, бұл кезде иондалған сәулелену коэффицентінің әлсіз екендігін есепке алады. Коэффицент аспап бойынша екі өлшеу жолымен - тасадан тыс және таса ішінде анықталады. Бірінші өлшеудің екіншісіне қатынасы әлсіздену коэффиценті болып табылады. Тасадағы радиация деңгейін өлшеп және оның мәнін әлсіздену коэффицентіне көбейте отырып жергілікті жердегі радиация деңгейі анықталады.
Бақылаушы радиация деңгейін өлшей отырып олардың өсуі мен төмендеуін белгілейді.
Қарсылас химиялық қаруды қолданған немесе ауада уландырғыш заттар таралу белгілері білінген жағдайда бақылаушы кезекші газтұмылдырық пен теріні қорғау құралдарын киіп, пост бастығына мәлімдейді де, оның нұсқауы бойынша хабарлау сигналдарын береді және әрекет етеді. Бақылаушы аумақты зерттей отырып химиялық барлау аспабының көмегі арқылы улағыш заттар түрін, уланған ауаның іркілу орнын, ондағы улағыш заттардың қоюлануын анықтайды.
Зақымдалған аймақты қоршап қою белгілерімен белгілейді.
Зілзала аудандарында, өндірістік апаттар мен апаттар кезіндегі бақылаушының негізгі міндеті – құтқару және апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуші құрылымдарға аудандар мен жұмыс аймақтарындағы жағдайдың шұғыл өзгерістері туралы дер кезінде хабарлау болып табылады.
Өрт кезінде бақылаушының негізгі міндеті – бірінші кезекте өрт сипаты мен оттың жайылу бағытын анықтау және өрт ошағы жайылған немесе жайылмаған аудандарға бақылау қою.
Зақымдану ошағындағы объектіде барлау жүргізу кезіндегі барлаушының іс әрекеті.
Барлаушы топ қала сыртындағы аймақтың ауданына объектінің ьасқа құрылымдарымен бірге кіреді.
Барлау жүргізу міндетін АҚ штабының бастығы белгілейді. Міндеттер қою кезінде оның көрсететіндері: бастапқы пунктті өту уақыты; радиоактивті және химиялық зақымдануы мүмкін аудандар; зақымдану ошағында не нәрсеге көңіл аудару керектігі; байланысты ұстап тұру және хабарламаны көрсету ретін; сәулелену мөлшерінің шегіне жеткен мүмкінділігі.
Барлау буынының командирі буынның жеке құрамына тапсырманы түсіндіреді, жеке қорғаныш құралдарын кию, барлау аспаптарын, жылжу және байланыс құралдарын дайындыққа келтіруге бұйрық береді. Осыларды орындаған соң буын тапсырманы орындайды.
Барлаушылар маршрут бойымен жылжи отырып аспаптардың көрсетулеріне бақылау жасау арқылы радиоактивті және улағыш заттармен жергілікті жердің қаншалықты зақымдалғанын белгілейді. Радиоактивті зақымдалуды тапқан соң барлаушы бұл жайлы командирге мәлімдейді, ал жеке құрам газтұмылдырықтар киеді. Содан соң барлаушы радиация деңгейін анықтап, белгілейді. Ол қоршау белгісін жолдың оң жағына, қозғалыс бағытына қарай орналастырады; белгілеу ағашына радиация деңгейі, өлшеу уақыты мен күні көрсетіледі.
Барлаушылар зақымдану аймағын айналып өту бағытын және шығар жерде оның сыртқы шекарасын көрсеткіштермен белгілейді.
Елді мекендердегі өрттің шығуы, үйінділер, маршруттағы қираған аймақтар және басқа да кедергілер кездесе қалған жағдайда барлаушы олардың сипатын және құрамалардың әрекет етуіне, олардың тигізетін әсер ету мүмкіндігін нақтылайды, оларды басып өту жолдарын іздестіреді.
Маршруттағы жағдай туралы мәліметтерді буын командирі АҚ штабының бастығына мәлімдейді және маршрут сызбасын түсіреді.
Объект аумағына келіп жеткен соң буын барлау жүргізу үшін өзіне тағайындалған аймақта әрекет етеді. Барлаушылар ең алдымен радиация деңгейін, улағыш заттардың түрі мен бар болуын анықтайды. Содан соң паналар мен тасаларды іздеп, олардың жағдайын, оларға жету жолдарын айқындайды.
Барлау буынының командирі жағдай мәліметтерін объект кәртішкесіне түсіріп, барлау нәтижесін АҚ штабының бастығына мәлімдейді.
Барлаушы буын өз тапсырмасын орындағаннан соң объект аумағындағы құтқару және шұғыл апатты қалпына келтіру жұмыстарын өткізу барысына бақылау жүргізуге тартылуы немесе жиналу пунктіне шақырылуы мүмкін.
в) Қорытынды бөлім – 10 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Радиациялық және химиялық бақылау посты үшін орын таңдау қалай жүзеге асырылады және оның жабдықталуы қандай?
«Әуе дабылы!» сигналы ядролық жарылыс кезінде, радиоактивті зақымдалуды табуда және улағыш заттар белгілерінің ауада пайда болуы кезінде бақылаушы іс-әрекеті қандай?
Барлау буынының қала сырты аймағындағы бастапқы ауданында барлау жүргізуі жайлы айтып беріңдер.
Маршрутта радиоактивті және химиялық зақымдануды табу кезінде барлаушылар қандай әрекет атқарады?
Зақымдалу ошағында барлау жүргізу кезіндегі барлау буынының әрекеті қандай?
Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________