Конспект урока 9 класс Емтиханға дайындық. Зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақтар.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Емтиханға дайындық. 9 сынып

Зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақтар.


Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың емтихан туралы

білімдерін толықтыру, алған жаңа мәліметтері

бойынша білімі мен дағдыларын дамыту;

2. Оқушылардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік

қорын, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету;

3. Оқушыларды уақыттарын босқа өткізбеуге,

дайындыққа бөлінген уақытты дұрыс пайдаланып

тырысуға, сабыр сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.


Сабақтың әдісі: қайталау арқылы пысықтау.


Эпиграф: « Уақытыңды босқа өткізбе! »


Сабақтың барысы:


  1. Ұйымд. кезеңі: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар!


Кезекшінің баяндамасы


Сабағымыздың тақырыбы: Емтиханға дайындық.

Зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақтар.


Сабағымыздың мақсаты: Өткен тақырып бойынша сабақты пысықтау,сөздік қорымызды кеңінен байыту және ОЖСБ – ВОУД - қа байланысты тест жұмысын жүргізу.


Алдымен өткен тақырыбымызды қайталап шығайық.

  1. Зат есім дегеніміз не және қандай сұрақтарға жауап береді?

  2. Зат есімнен сын есім тудыратын қандай жұрнақтар бар?

  3. Зат есім атауына қарай қандай болады?

  4. Зат есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді және қандай болады?

  5. Зат есім құрамына қарай қандай болады?

  6. Зат есім мағынасына қарай қандай болады?

  7. Емтихан деген не?

  8. Емтихан алғаш рет қашан және қайда қолданылған?

  9. Қазіргі кезде емтиханды қабылдау қандай тәсілдермен жүргізіледі?

  10. Емтиханға қалай дайындалу керек?



Ал, енді сабаққа кірісейік!


1 тапсырма: Берілген жаңа сөздердің мағынасын түсініп, есте

сақтау.

Қатты қиналу – сильно переживать

Тер – пот

Кеңес – совет

Бұлжытпай – беспрекословно

Толғаныс – волнение

Өнімсіз – непродуктивно

Сәтсіздік – неудача

Үлгере алмау – не успеть

Жеткіліксіз – недостаточно

Ойдағыдай – успешно

Тілеу – желать

Сендіру – верить

Шаршау – устать

Сәл тынығу – немного отдохнуть

Ми – мозг



2 тапсырма: Мәтінді оқу, мазмұның орыс тілінде айту.


Емтиханға дайындық

Емтихандар – өмірдегі ең қиын да онша қызықты емес, бірақ бәрібір кездеспей қоймайтын сәттер.Біреулер емтиханды тапсыратындығына сенімді болып, қатты қинала қоймаса, біреулерге емтихан туралы ойдың өзі қорқынышты. Егер біздің берген кеңестерімізді бұлжытпай орындап, жаттығуларды орындасаңыз, емтиханға барарда қатты қуанбасаңыз, қорқыныштың болмауы онда фактор емес. Ғалымдар емтхан алдындағы қатты қорқыныш емес, белгілі бір дәрежедегі толғаныс оқу материалдарын жақсы қабылдап, емтиханды сәтті тапсыруға мүмкіндік беретіндігін дәлелдеген. Қорқыныш болмаса, белсенділік болмай, дайындық жұмысы өнімсіз болады, ал қатты үрей шексіз белсенділік туғызып, сәтсіздікке әкелуі мүмкін.

Ойыңды қорқыныш, үрей билеп тұрғанда, сабырлы болу қиын. Енді қорқыныш шақыратын ойлар мен олардан құтылу үшін тиімді, құтқарушы ойларға назар аударып көріңіздер.


Тақтаға бірнеше оқушы шығып, қорқыныш шақыратын ойлар мен құтқарушы ойлар айтады.


  1. Мен дайындықты ерте бастауым керек еді, енді үлгіре алмайтын болдым.

  2. Бұл материалды қабылдауға ой-өрісім жетпейді.

  3. Миыма бұдан артық еш нәрсе кірмейді.


Емтиханға дайындық барысында берілетін кеңестерге назар аударып, есте сақтаңдар.


  1. « Уақытты босқа өткізбе» ережесін үнемі есіне сақта.

( Не забывай правило « Время зря не теряй»)

  1. Дайындыққа берілген уақытты дұрыс пайдалануға тырыс.

( Используй правильно время для подготовки)

  1. Сабаққа дайындалатын орынды әзірле.

( Приготовь место для подготовки к урокам)

  1. Емтихандарға дайындықты алдын ала, сабыр сақтай отырып баста.

( Начинай предварительную спокойную подготовку к экзаменам)

  1. Дайындыққа жоспар құрастыр.

( Составь план для подготовки)

  1. Қиын материалды есте сақтау үшін бірнеше қайтара оқу қажет, кешке және таңертең тағы да қайтала.

( Для того, чтобы запомнить сложный материал нужно несколько раз читать, повторять утром и вечером)

  1. Мәтінді өз сөзіңмен жеткізу, бірнеше қайталап оқығаннан гөрі есте сақтау қабілетін жақсартады.

( Пересказ текста своими словами, по сравнению с чтением несколько раз улучшает память)

  1. Барлық уақытта, әсіресе емтиханға дайындық уақытында өз денсаулықтарыңды күтіңдер.

( Все время, особенно при подготовке к экзаменам следите за своим здоровьем)

  1. Ішкі қобалжуларды, шаршағандықты басатын күнделікті жаттығуларды жаса.

( Выполняй ежедневные упражнения, которые снимают внутреннее волнение и усталость)



3 тапсырма: Дәптермен жұмыс

Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындау.


3 деңгей: Мәтіннен зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақтары бар сөздерді теріп жазу.

Қызықты, сенімді, сәтті, өнімсіз, шексіз, сабырлы.


2 деңгей: Мәтіннен бірнеше зат есімді теріп, үлгі бойынша талдау жасау.


Үлгі: Емтихандар – емтихан –сөздің түбірі, зат есім, дара, негізгі, дерексіз, дар – көптік жалғау.






4 тапсырма:Тақтада жұмыс


« Емтихан алдындағы күн» мәтінің оқып, қарамен жазылған сөздерді үлгі бойынша талдау.


Емтихан алдындағы күн

Күні бойы оқулықтармен ғана емес, басқа іспен де айналыс.

Емтиханға арналған киімдерің мен қажетті құрал-жабдықтарыңды дайында.

Таңертең асықпай үлгіретіндей уақытқа қоңыраулы сағатыңызды қойыңыз.

Қандай қорқыныш, қиындықтар болса да, жеңіп, емтиханға сабырлы

Өзіңе-өзің сенімді баратыныңды көзге көрсет.


Үлгі: Қоңыраулы, қоңырау – зат есім, -лы – зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақ.


5 тапсырма:

«Білім» тақырыбына бірнеше сөйлем құрап, зат есімге морфологиялық талдау жасау.


Кісінің көркі киім емес – білім.

Емтиханшәкірттер білімін тексеру тәсілдерінің бірі.




Сабақтың қорытындысы

Тест жұмысы

( он сұрақтан құралған )



1 «Күздің бірінші күні» ертегі-повесінің авторы кім?


А) Б.Әділов Б) Ы.Алтынсарин В) А.Құнанбаев Д) Е.Елубаев


2 Шәкірттер білімін тексеру тәсілдерінің бірі не?


А) сынақ Б) тәртіп В) емтихан Д) оқу орнына қабылдау


3 Жалқы есімді белгілеңдер.


А) тау Б) кітап В) «Абай жолы» романы Д) қала


4 Адам көркі киім емес - ... .


А) білім Б) ақша В) шаш Д) сөз


5 Зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақтарды көрсетіңдер.


А) –шақ, -шек Б) –лы,-лі,-ты,-ті В) –рақ,-рек,- ырақ,-ірек Д) –шы,-ші


6 Мына сызба бойынша жасалған сөзді табыңдар: зат есім + жұрнақ ═ сын

есім.

А) айтыс Б) сабырлы В) ақылдырақ Д) мақтаншақ


7. Емтихан кезінде сүрақты түсінбей қалсаңыз, ... .


А) жауап берме Б) жақсылап ойлан В) түсінуге тырыс Д) қайталап

сұрап ал


8. Өнім зат есімінен сын есім тудыратын жұрнақты табыңдар.


А) – сыз Б) – сіз В) – дік Д) – ды


9 Дерексіз зат есімі бар сөйлемді белгілеңдер.


А) Емтиханнан бес алдым. Б) Қызықты кітап екен. В) Емтиханда

қорқыныш болған жоқ. Д) Менің сабырлы болуым керек.


10 Наданмен дос болғанша, ... ... ... .

Мақал-мәтелдің жалғасын табыңдар.


А) Кітаппен дос бол. Б) Жауыңмен қас бол. В) Адаммен дос бол.

Д) Ақылдымен дос бол.




Дұрыс жауаптары

1 А

2 В

3 В

4 А

5 Б

6 Б

7 Д

8 Б

9 В

10 А






Бағалау:


Үйге тапсырма: 191 бет, 5 тапсырма

Берілген бір тақырып бойынша шығарма жазу.



Рефлексия кезеңі:






Осымен сабағымыз аяқталды!

Бәріңізге де көп-көп рақмет!

Оқушыларға мемлекеттік емтихандарын тапсыруға сәттілік, ал ұстаздарға денсаулық тілеймін.


























«Притобольское негізгі мектебі» КММ









[pic]



Емтиханға дайындық.

Зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақтар.








Мұқанова С.А.

2013 – 2014 оқу жылы









Тест жұмысы


1 «Күздің бірінші күні» ертегі-повесінің авторы кім?


А) Б.Әділов Б) Ы.Алтынсарин В) А.Құнанбаев Д) Е.Елубаев


2 Шәкірттер білімін тексеру тәсілдерінің бірі не?


А) сынақ Б) тәртіп В) емтихан Д) оқу орнына қабылдау


3 Жалқы есімді белгілеңдер.


А) тау Б) кітап В) «Абай жолы» романы Д) қала


4 Адам көркі киім емес - ... .


А) білім Б) ақша В) шаш Д) сөз


5 Зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақтарды көрсетіңдер.


А) –шақ, -шек Б) –лы,-лі,-ты,-ті В) –рақ,-рек,- ырақ,-ірек Д) –шы,-ші


6 Мына сызба бойынша жасалған сөзді табыңдар: зат есім + жұрнақ ═ сын

есім.

А) айтыс Б) сабырлы В) ақылдырақ Д) мақтаншақ


7. Емтихан кезінде сүрақты түсінбей қалсаңыз, ... .


А) жауап берме Б) жақсылап ойлан В) түсінуге тырыс Д) қайталап

сұрап ал


8. Өнім зат есімінен сын есім тудыратын жұрнақты табыңдар.


А) – сыз Б) – сіз В) – дік Д) – ды


9 Дерексіз зат есімі бар сөйлемді белгілеңдер.


А) Емтиханнан бес алдым. Б) Қызықты кітап екен. В) Емтиханда

қорқыныш болған жоқ. Д) Менің сабырлы болуым керек.


10 Наданмен дос болғанша, ... ... ... .

Мақал-мәтелдің жалғасын табыңдар.


А) Кітаппен дос бол. Б) Жауыңмен қас бол. В) Адаммен дос бол.

Д) Ақылдымен дос бол.




«Притобольское негізгі мектебі» КММ











[pic]


Қазақ әдебиеті

Қадыр Мырза Әлі

« Жеті » өлеңі

7 сынып














Мұқанова С.А.


«Притобольское негізгі мектебі» КММ











[pic]


Қазақ тілі

Компьютердің атасы кім?


8 сынып














Мұқанова С.А.