«Тапқыр достар» білім сайысы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 1 мамыр мерекесімен таныстыру, білімдерін өмірде қолдануға үйрету, негізгі пәндерден алған білімдерін тереңдету.
Тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа,ой-өрісін жетілдіру, сөздік қорын дамыту.
Достыққа ,бірлікке, ынтымалыққа шақыру.
Түрі: топтық сайыс сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, тапсырмалар.
Сабақ барысы:
1 Кіріспе бөлім (әдеби-монтаж)
1- оқушы
1 мамыр-Дүниежүзілік бірлік күні, достық күні. Жалпы біздің Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, оның ішінде орыс, татар, неміс, қырғыз және басқа ұлт өкілдері бар. Тілі, діні басқа ұлт өкілдерімен достықта дәм –тұзымыз жарасқан. .Бірлікте, ынтымақтастықта өмір сүрудеміз.
2 оқушы
Бірлік бар жерде тірлік бар демекші достар, бір-бірімізге әрқашан көмектесіп, тату- тәтті өмір сүрейік. Бір-бірін әрқашанда түйініп, сыйлай,құрметтей білу, әрқашан бір-біріне көмектесу достық дегеніміз осы ғой.
3 оқушы
Ия, оқушылар достық дегеніміз түсіністіктен құралады. Адал достық әрқашанда көмектесу парыз «100 теңген болғанша, 100 досын болсын»деген мақал бар емес пе? Көп досы бар адам бұл өмірде сыйлы адам болмақ.
4 оқушы
Әрқашан тату өмірге
Сенеді бар тіршілік.
Соғыс өртін сөндір де
Өмір сүріп құлшынып
5 оқушы
Өмірі сөнбес жыр,аңыз,
Ынтымақты елміз ұққанға.
Сан алуан ұлттар тұрамыз
Жайнаған Қазақстанда.
6 оқушы
Күндерде ортақ сыбаға,
Күресте дайын біргеміз.
Бір Отан-ортақ жер
Мәрмәрдай тұтас іргеміз.
7 оқушы
Ту еткен арды,шындықты,
Сындарда өзін шыңдады ел.
Айнымас достық,бірлікті,
Іздесең онда мұнда кел.
8-оқушы:
Бейбітшілік тілегі,
Ел деп соққан жүрегі.
Біздің елде адамдар,
Күліп өмір сүреді.
9-оқушы:
Ұйымшылдық ұранымыз
Бірлік жоқ болса,ұйымшылдық жоқ.
Әділет жоқ болса,дүйім шындық жоқ.
10-оқушы:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып күй,әніміз.
Тыныштықты сақтайық,
Атсын күліп таңымыз.
11-оқушы:
Ақпыз,қара,сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша бау.
12-оқушы:
Сары,ақпыз,қарамыз,
Бәрімізде баламыз.
Бір қалада тұрамыз
Бір мектепке барамыз.
13-оқушы:
Жігіт болар күні ертең,
Балдырғандар күл еркем.
Бақытты бол!Өсе бер,
Құтты болсын мерекең!
Мұғалім сөзі: «Ақыл озбайды, білім тозбайды» демекші қазақ халқы ежелден бәйгені жарыс,сайыс арқылы жеңіп алған .Бұрын ат жарысы,жаяу жарыс болса,бүгін біз ғылым мен техниканың дамыған заманында білімімізбен жарыспақшымыз.
Бұл сайысқа 2-сыныптың ұл,қыздары екі топқа бөлініп қатысады.Олар «Ұландар», «Қызғалдақтар»тобы,солларды ортаға шақырамыз.Құрметті ұстаздар, сайыскерлер сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық
Сайыс 7бөлімнен тұрады.
1-сайыс.Таныстыру
«Қызғалдақтар»тобының ұраны:Оқы да біл,ойна да күл.
«Ұландар»тобының ұраны:Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
2-сайыс. «Кім көп біледі?»ойыны.
«Қызғалдақтар»тобы:
1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
2.Қазақша жылдың басы не?
3.Бес дұшпанды ата.
4.Күй орындаушы адам.
5.Сенің атаң әкеңе кім?
6.Түйенің пірі.
7.Үш арсызды ата.
8. «Соңғы қоңырау» мерексі қай айда болады?
«Ұландар» тобы:
1.Қазақтың тұңғыш ғарышкері.
2.Қазақ балаларына мектеп ашқан кім?
3.Сиырдың пірі.
4.Бес асыл істі ата.
5.Жеті ата.
6.1-желтоқсан қандай мереке ?
7.Сенің әкеңнің шешесі кім болады?
8.Білім күні қай айда болады?
3-сайыс:Тапқырлық сайысы(логикалық есептер)
«Қызғалдақтар»тобы:
1.Торда 3 қоян бар.3 оқушы бір-бір қояннан алғанда,торда бір қоян қалады.Бұл қалай?
2.Үстел беті төртбұрышты ,оның бір бұрышын арамен кесіп тастаса,неше бұрыш болады?
«Ұландар»тобы:
1.Ауылда 4 күн,4 түн боран соқты.Неше тәулік боран соқты?
2.Шөпте қояндар тығылып отыр,тек 10 құлағы ғана көрініп тұр.Қанша қоян тығылып отыр?
4-сайыс: «Қызықты пәндер»
Математика пәні : «Қызықты фигуралар» әр топ үшбұрыштан,төртбұрыштан бейне құрады.
Қазақ тілі: а)Мақалдардың жалғасын табу.
ә) «Қазақстандықтар» сөзінен сөз құрау.
Дүниетану пәні:Мозаика құру.
«Қызғалдақтар»тобы: Құс суреті
«Ұландар»тобы: Аң суреті
Әдебиеттік оқу: «Егер мен әкім болсам.............»тақырыбына суреттерден коллаж жапсыру.
5-сайыс: «Қызықты көрініс» ыммен көрсету.
1-есеп.Егер тауық бір аяғымен тұрса,3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса, оның салмағы қанша?
2-есеп.1жұмыртқа 20 минут піседі,3 жұмыртқа қанша уақытта піседі?
6-сайыс: «Жекпе-жек» сайысы .Топ басшылары сұрақтарға жауап береді.
1. Өлең жазатын адамды қалай атайды? (ақын)
2. Абайдың әжесі кім? ( Зере)
3. Қойдың төлі қалай аталады? (қозы)
4. Қасиетті тағам. (нан)
5. Құстың үйі. (ұя)
6. Бейбітшілік құсы (көгершін)
7 Қосудың нәтижесі . (қосынды)
8. 1 мүшелде қанша жыл бар? (12)
9. Түнде аспанда не көрінеді?
10. Денсаулық-зор не?
11. 7 күнді ата.
12. Үш биді ата.
13 Қандай ыдыстан тамақ жеуге болмайды (бос ыдыстан)
Қорытынды :
Әр топтың бағаларына есептеп , үздік топты анықтап мақтау қағаздарымен марапатталды.