Сабақтың тақырыбы: Қанша? Неше?
Сабақтың мақсаты:
1. 1 мен 4 сандарын танып оқу, білу. 4 саны көлеміндегі сандардың реті мен құрамы туралы білімдерін бекіту және толықтыру.
2. Математикалық және логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Қоршаған ортадағы жануарларға көмек көрсету, достық, ұжымдық сезімдерін тәрбиелеу, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, әңгімелеу, пәнаралық сабақ.
Көрнекілігі: қалам, дәптер, суреттер, слайд т. б.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа әзірлену.
Психологиялық дайындық.
Мұғалім:
Сабаққа біз даярмыз
Жалқаулықты қоямыз
Жақсы оқып әрқашан
Кілең бестік аламыз.
Бір, екі, үш
Сынып іші тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
- Бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Себебі біз мульттоптама әлеміне саяхатқа шығамыз. Көздерімізді жұмып, көз алдымызға мульттоптамадағы кейіпкерлерді елестетейік.
- Қандай мульттоптаманы естеріңе түсірдіңдер? Айтып беріңдер?
Біз мульттоптама әлеміндегі кейіпкерлерге есеп шығаруға көмектесейік. Ол үшін біз бірлесіп жұмыс жасауымыз керек, таза жазып, есептей білуіміз қажет. Сәт сапар, достар!
Үй тапсырмасын тексеру.
- Ал, міне мултьтоптамадағы 1 - ші кейіпкеріміз. «Арыстан Патша»- оның кішкентай баласы кім?
- Симба. Әкесінің Симбаға дайындаған тапсырмасы бар. Ол тапсырманы дұрыс орындауға көмектесуіміз керек.
0 1 2 3 4 тура және кері санау 4 3 2 1 0.
1 - тапсырма. Тура және кері санау. Сандарды ата. Көршісін тап.
Сендердің көмектеріңнің арқасында Симба әкесінің орнын басты.
2 - тапсырма. Бізді келесі мульттоптаманың кейіпкерлері күтіп тұр. «Бемби» аңшылардан қашып бара жатыр. Енді біз тапсырманы орындап Бемби мен анасына көмектесейік.
1+1 2+1 2 + 2
3 - тапсырма. Машаның тапсырмасын орындайық.
Сергіту сәті.
Бұғының үлкен үйі бар,
Терезеден қарайды ол,
Қоян жүгіріп келеді,
Бұғының үйін көреді.
Тук - тук, тук - тук есік аш,
Аң орманда аңшы қаш,
Қоян - қоян келе ғой
Қолыңды маған бере ғой.
Келесі кейіпкеріміздің тапсырмасы «Мұз кезеңі» кейіпкерлері.
Кітаппен жұмыс жүргізу.
Оқушылардан тауық қанша?
Қайсысы көп? Қайсысы аз? Балапан қанша? екенін сұрау.
Келесі Машаның тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс.
1. Көркем жазу.
Саусақ жаттығуларын жасату.
Сабақты қорытындылау.
«Сапқа тұр» ойынын ойнату.
Сапқа тұр! Кім бірінші тұр? Кім екінші тұр? Үшінші тұрған баланың аты кім? Кім төртінші тұр? Кім соңғы тұр? оқушылармен ойынын ойнату арқылы бүгінгі сабақты сұрау.
- Біз бүгін қайда саяхатқа шықтық? Қандай кейіпкерлерді кездестірдік? Қандай тапсырмалар орындадық?
Үйге тапсырма.
Бағалау.