Қазақ тілі
11 сынып
Тақырыбы: Шешендік өнері.
Мақсаты:
Қазақ халқының даналығы мен дәстүрлі шешендік асыл қазынасын оқыту ;
Мән-мағынасын ашу ;
Шешендер сөзінің мазмұны мен құрылысы жайлы білімдерін дамыту; Шешендер өнерін құрметтеу, шешен сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: Топтық, сұрақ-жауап, іздендіру, сыни тұрғыда оқу және жазу
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгеру, білімдерін жинақтау.
Көрнекілігі: Үш бидің суреті, үнтаспа, шешендік сөздер.
Барысы: 1. Кіріспе
Мұғалім: Асан қайғы, Жиренше
Сөйлеп өткен қазақ тіл
Жәнібек пен Қойлыбай
Сыйлап өткен ғажап тіл.
Ата-анамыз әлдилеп,
Уатқан бізді баба тіл.
Осы тілді жек көрген,
Дүниеден қалар құр.
Бағаласақ шынымен
Баба тілі асыл- дүр, -деп
Қожаберген жырау жырлап өткендей, асыл тіліміз – қазақ тілі сабағын бастайық.
Біз «Қазақ тілі» курсы бойынша сөз мәдениеті, шешендік сөз , шешендік өнер тархы жайлы біршама білім алдық.
Қазақ халқы «Өнер алды – қызыл тіл » деп , тіл өнеріне ерекше мән берген.
Шешендік ақыл, нақыл ,толғау сөздерге ата-баба мұрасындай қарайды.
Ендеше, балалар, сендер «Шешендік» деген сөзді қалай қабылдайсыңдар?
Өз ойларыңды мына қағазға жаза қойындар (Ассоциация жасау ).
ШЕШЕНДІК
Енді мына сұрақтарға жауап берелік.
А) Қай ел шешендіктің отаны деп аталады? Неге?
Ә) Ежелгі Грек , Рим шешендерінің аты мен еңбектерін атаңдар ?
Қазақ елінде осы елдердегідей ертеден қалыптасқан дәстүрлі шешендік мектебі болады ма , қалай ойлайсыңдар? (Оқушылар жауабы.)
Олай болса, мына шағын мәтінді оқып, танысайық. Оқи отырып, V-білемін, + - білдім белгілерін қояды.
(Оқып болған соң, әр топ өзара ақылдасып, мынадай сұрқтарға жауап береді.)
Қазақтың шешендік өнерінің дамуына негіз болған факторлар.
Қазақ даласында шешендік өнердің даму кезеңдерін ата.
Шешендік өнерді кімдер зерттеген?
Сұрақтарға жауап алған соң, үнтаспадан мына бір лебіз тыңдалады:
«Бірі бастап берген әңгімені екіншісі қостай жөнелгенде тотықұстың қауырсынындай құлпырып, аяқ астынан ажарланып жүре беруші еді. Сол үшеуінің аузының дуасындай бірлік бергенде қазақтың жұлдызы қалай-қалай жарқырар еді! Үш арыс қазақ оларды сөйлетіп қойып, қақаған қаңтарда арқар сорпасын ішкендей бусанып, тал бойы түгел еріп, балбырап отырар еді-ау!»
(Кімдер жайлы үзінді? Суреттері көрсетіледі)
Иә, балалар, қандай қиын түйінде де, Әйтеке бауыздап, Қазыбек ұшалап, Төле мүшелеп берер еді! Әйтеке жарып айтады, Қазыбек қазып айтады, Төле тауып айтады деген сөз содан қалған.
Келесі кезекте «Төле бидің Жәнібекке айтқан өсиет, ақыл сөзін» оқып көрелік.
(Оқушылар алдында мәтін жазылып тұрады, әр топ өз пікірін айтады.)
Дұрыс пікірді тақтаға жазамыз.
Төле бидің Жәнібекке айтқаны Біздің пікіріміз
Өгізді өрге салма, қанатың талар ,
Наданға көзіңді салма, сағың сынар.
Досыңа өтірік айтпа, сенімің кетер,
Дұшпанға сырыңды айтпа, түбіңе жетер.
Әйел алсаң көріктіге қызықпа,тектіні ал.
Мақтаншақ жігіт жисаң-ұятқа қалдырар.
Елге бай құт емес, би құт.
Кәсіп болмай, нәсіп болмас!
Шешендік сөзден не ұқтық? Ол неге бастайды?
Қаз дауысты Қазыбектің ой-толғамын, Әйтеке бидің ой-түйіндерін тыңдап көрелік. (Жатқа айту. Оқушыларға алдыңғы сабақтарға алдын ала тапсырмалары берілген.)
Олай болса, жалпы биге, шешенге не ортақ, айырмашылықтары неде екенін дәлелдеп көрейік.
Ендеше, шешендік өнер деп бағалаған ұлылар сөзінен цитаттарды жатқа айту.
М.О.Әуезов : «Шешендік нақылдар мен толғаулар – ата-бабаларымыздың қалдырған сөз сарайы, тіл маржаны, ақыл – ойдың дариясы, келер ұрпаққа айтып кеткен кір шалмас ғұмырлық өсиеті».
«Майлықожаның термесі» тыңдалады.
Оқушылар білімін бағалау.
Үйге: «Өнер алды- қызыл тіл» эссе жазу.