1001 мақал, 101 жұмбақ сайыс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: 1001 мақал, 101 жұмбақ

Мақсаты: Оқушыларды халқымыздың сөз өнері мақал-мәтелдердің мағынасын ұғып, ойда сақтап, көп білуге үйрету. Қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой-өрісін кеңейтуге, шешендік өнердің қыр-сырын ұғына білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер жазылған плакат, мақал-мәтелдер, жұмбақтар

Барысы:

1-бастаушы: Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

2-бастаушы. Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп, өткізсе де батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұрттан да қалдырмай, жабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді. Бұл бәрімізге қымбат мұра, бай қазына!

(Ғ.Мүсірепов)

1-бастаушы. Құрметті, ұстаздар, оқушылар, бүгін 4-сынып оқушыларының қатысуымен «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты сайысымызды назарларыңа ұсынамыз.

  • Ойынға 3 мақалшы, 3 жұмбақшы қатысады.

Осылардың ішінен «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» анықтауымыз керек, ойынымыз ІІІ турдан тұрады.

І тур. Мақалшылар:

А) Оқушылар өздері білетін мақалдарын айтады.

..................................................................................

Ә) Жүргізуші 1-ші жолын айтады, олар жалғастырады.

1. Отан – елдің анасы, (ел – ердің анасы).

2. Ақыл – тозбайтын тон, (білім – таусылмайтын кен).

3. Балалы үй базар, (баласыз үй қу мазар).

4. Атаңның баласы болма, (адамның баласы бол).

5. Еңбектің наны тәтті, (жалқаудың жаны тәтті).

6. Досы жоқ адам, (тұзы жоқ тағам).

7. Сөз сүйектен өтеді, (таяқ еттен өтеді).

8. Сөз тапқанға (қолқа жоқ).

9. Қыз өссе – елдің көркі (гүл өссе жердің көркі).


(Кім аз ұпай жинайды, сол ойыннан шығады.)

Б) Бір оқушы мақал айтады, екіншісі соның ішінен бір сөз алып, келесі бір мақалмен жалғастырады. Кім таппаса сол ойыннан шығады. Соңында біреу қалады.

«Көрермендер көзайымы». Мақалдар айтқызу.

1. Отан 2. Өнер 3. Дос

ІІ тур. Жұмбақшылар:

1. Жүргізуші жұмбақ жасырады.

Кім аз шешеді сол ойыннан шығады


1. Көліксіз өмір сүрмейді,

Ешқашан жаяу жүрмейді. (Ер тоқым)

2. Ақ көйлекте көк желек,

Орманда орны бір бөлек. (Қайың)

3. Сауыттан мықты шапаны,

Жәндіктің нағыз шабаны. (Тасбақа)

4. Есек құлақты, мысық аяқты.

Түйе ерінді, ешкі құйрықты. (Қоян)

5. Бұдан кір қорқады,

Судан бұл қорқады. (Сабын)

6. Өзі арық, сөзі әріп. (Қалам)

7. Отқажанбас, суға батпас. (Мұз)

8. Тақылдатып таңдайды, уақыттан бір қалмайды. (Сағат)

9. Көкте күміс білезік. (Ай)

10. Сөз үйретсең қайталайды,

Өздігінен айта алмайды. (Тоты құс)

Кім аз ұпай жинаса, ол ойыннан шығады.

2. Екі оқушы шығып, бір-біріне үйден жаттап келген жұмбақтарын жасырады. (5)

«Көрермендер көзайымы». Үш жұмбақ жасырамын.

1) Керек санды тересің, 2) Егізекеу жүреді ылғи жарысып,

Елге сәлем бересің. (Телефон) Бір-бірінен көрген емес қалысып.(Екі аяқ)

3)Алтын түстес дөғгелек,

Аспанда тұр дөңгелеп.

Нұрын еміп құлшынып,

Сүйеді бар тіршілік. (Күн)


ІІІ тур. Жұмбақшы мен мақалшы

Жұмбақшы мен мақалшы шығады. Жүргізуші жұмбақшыға бір жұмбақ жасырады. Ол шешеді. Ал жұмбақшының жауабынан мақалшы мақал айтады. Кімнің жауаптары дұрыс болса сол жеңеді.

А) Жалт-жұлт еткен,

Жылғадан өткен. (Су)

Судың да бар сұрауы.

Ә) Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды. (Күн)

Түн тынышсыз болса, ұйқы қашады,

Күн тынышсыз болса, күлкі қашады.

Б) Қимылдаса қос шебер

Қырау-қырау іс өнер. (Қол)

Көз қорқақ, қол батыр.

В) Шәкірттердің тірегі,

Мектептердің жүрегі. (Ұстаз)

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

Қорытынды:

Қазылар орнықтырыр әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім менен тапқырлықтың жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, -дей келе сөз кезегі әділқазыларға беріледі

  • Бүгінгі сайысымызда қатысушылардың ішінен «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» анықтай отырып, «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» интеллектуалдық ойынымызды аяқтаймыз.Назарларыңызға рахмет.