Логикалық тапсырмалар қазақ тілінен (5-11 орыс сыныптарына арналған(

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...















10-сынып







Отбасындағы әке мен бала қарым-қатынасы


1. Қате мәтінді оқып шығып,оны дұрыс оқып, тақырыбын анықтап, мәтінге атауын қойыңыздар.

Қазақ отбасында әкенің орны ерекше емес. Шеше – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдамайды.Әже – отбасының басшысы, асыраушысы, қамқоршысы. Әкені ана да, балалар да құрметтейді, сыйлайды. Бала әкені ренжіту үшін тәртіпті, еңбекқор, білімді, ұқыпты болуға тырысады. Ана әкені сыйлау арқылы балаларға үлгі көрсетеді. Ананың осы үлгісімен әже әкесін де, үлкендерді де сыйлап, тәрбиелі болып өседі.


2. Берілген мақалдардың қайсысы мәтіннің мазмұнына сай бола алатынын көрсетіңіздер:

Отбасының ең үлкен байлығы – бала. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді қазақ халқы. Әке мен шешенің жақсы үлгісі балаға тәрбие болып табылады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі - әкесін сыйлау, анасын құрметтеу. Бұл – балаға берілетін ең бірінші баға. Ата - анасын сыйлап өткен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді. Сондықтан қазақ отбасы балаларын әдептілікке, мейрімділікке, адалдыққа, сыпайылыққа баулыған.

А. «Сіз», «біз» - деген жылы сөз, ағайынға жарасар.

Ә.Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар.

Б. Отбасы – ошақ қасы


3. Әке – отбасының несі? екенін әріптердің орындарын ауыстыру арқылы сөз құрап, шешіңіздер

А) АҚОРШСЫЫМҚ, ЫАСАРШУСЫ

Ә) ШІСІРӘТБИЕ, ШЫТАРАСЫТУ


4. Мәтіннің 2-нші және 3-нші сөйлемдерінің айтпақ ойын көрсетіңіздер.

Ана – отбасының беріктігін сақтаушы. Ана – отбасы мүшелерінің сыйластығын орнатады, ағайын мен туған - туыстардың қарым - қатынасын сақтайды. Ана – отбасындағы татулық ұйытқысы. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды.


5. Кішіпейілділік,инабаттылық сөздерін пайдалана отырып, басқа сөздер құрастырыңыздар









Мен үйдің тұңғышымын

1. Мәтіндегі асты сызылған сөз тіркесіне синоним бола алатын сөз тіркесін анықтаңыздар

Қазақ отбасында кенже ұл-шаңырақ иесі, себебі кенже бала отбасындағы ең кіші, бала кіші ұл.Кенже баланың өз отбасы болса да, ата-анасымен бірге тұрады, өйткені кенже бала – қара шаңырақ иесі. Қара шаңырақ – үлкен үй, әке-шеше үйі, сондықтан қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады. 

А) ата-анасымен бірге тұрады

Ә) ата- анасына қонаққа келіп тұрады

Б) ата – анасына көмек көрсетіп кетеді


2. Мәтінде қай мәлімет туралы айтылғанын көрсетіңіздер

Байғазы – жасы кіші адамның көбінесе балдырғандар мен жас балалардың үлкендерден, ағалары мен апаларынан алатын сыйлығы. Жаңа киім киген сәтінде не болмаса көңіл қуанатын заттарға ие болған жағдайда еркелетіп келіп, «апа, жеңеше, көке, байғазы бер» деп жүріп сұрап алады. Ондайда өзі де қуанады, өзгені де қуантады. Қолма-қол сый ұсына алмаған жағдайда үлкендер «байғазым мойнымда» деп ізгі тілек айтып, қуаныш білдіріп жатады

А) киіну жолдары

Ә) дайындаған киім

Б) киген киімі


3. Не бірінші? Сөздерді мұқият оқы. Олардың ретін цифрмен жазып көрсет.

А ) бесікке салу, атқа мінгізу, шілдехана

Ә) тілашар, тұсау кесу, сүндет

Б) үйлену, қыз ұзату, құдалық

4. Артық сөзді табыңыздар

А)сәби, бала,нәресте, бүлдіршін, әке

Ә) қара шаңырақ, шаңырақ иесі, кенже бала, тұңғыш перзент

Б) шілдехана, тұсау кесу, бесікке салу, наурыз


4. Мақалды аяқтаңыздар:

Әкесіне тартып ұл тумас,

Шешесіне тартып ... .


Аймалайтын анаң қымбат,

Асқар таудай ... .


Жігіттің бір жұрты - ... .



Отбасы бюджетін жоспарлау.

1. Мәтіндерде не туралы айтылғанын шешіңіздер

А)Белгілі бір мерзімге есептелген кірістер мен шығындар жоспары. Оны қолда бар және жұмсалатын қаржыны есептеу үшін,құрастырады. Ағылшын тілінен аударғанда « ақша салатын қолдорба» дегенді білдіреді екен.

Ә) Мемлекеттік бюджетке табыстан,жалақыдан немесе басқа да кірістерден аударылған ақша соммасы.
Адам,жекеменшік кәсіпорындар да,фирмаларда,бәрі оны төлейді.

2. Көрсетілген терминдерге анықтама беріңіздер

         БАРТЕР                                          БАНКРОТ

         БАҒА                                              БАНКИР

         ТЕҢГЕ                                            НЕСИЕ

         БАНК                                              ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕ

3. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, мәтінде не туралы айтылғанын анықтаңыздар

... - елдің бүкіл шаруашылығы екенін білеміз.Біз барлығымыз ... ға қатысушылармыз. Өйткені игіліктерді пайдаланып,тауарлармен қызметтерді өндіру арқылы ....лық әрекеттер жасаймыз. Сонымен, барлығымыз да:отбасымыз да,фирмалар да ...ға қатысушымыз. Өзіміздің қажеттілігімізді қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтерді ақша арқылы аламыз.

4. Сәйкестендіріңіздер:

Белгілі бір мақсаттарға жұмсалатын ақша тауар сататын адам
Темір ақша тауар мен қызмет көрсетулерді айырбастау
Қағаз ақшаның түрі монета
Сатушы дегеніміз не? шығын
Тауар туралы хабарландыру купюра
Ақшаны банкте сақтайтын адам жарнама

Сауда дегеніміз не? Салымшы

5. Отбасыда қанша жинақтау қалады? Есептен шығарыңыздар.

Жалақы

а) әке

ә) шеше

2. Зейнетақы

а) әжесі

ә) атасы

 

 

 


 

15000 т.

10000т.

 

    -

9000т.

 

 

 


Коммуналды қызмет көрсетулер

  1. Тамақ өнімдері

Ет, өсімдік майы, сары май, ұн, шай, кәмпиттер, көкөніс

  1. Жуушы құралдар

  1. Көңіл көтеру

  1. Киім

 

3000т.

 

 

7000т.

200т

200

16000т.

 



Уақыт – алтыннан қымбат


1. Берілген сөздерді сәйкестендіріңіздер

2. Әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөйлемдерді жазыңыздар.

АҚУЫТТЫ ЖПАОРАУСЛ РЕКЕК.

АБАСҚ КЕСТЕІС -  МПЕКЕТТЕГІ АСБТЫ НРӘСЕ.

3 .Тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқыңыздар.

Уақытты саналы .... , өмір сүріңіз. .... жұмыстар үшін уақыт табыңыз .

Еңбек ету үшін уақыт табыңыз, бұл - ... .

Ойын үшін уақыт табыңыз, бұл - ... .

Оқу үшін уақыт табыңыз, бұл - ... .

Достық үшін уақыт табыңыз, бұл - ... .

Махаббат үшін уақыт табыңыз, бұл – өмірдің ... .

Тиісті сөздер: маңызды, сезініп, білім негізі,шынайы қуанышы,бақыттың шарты, табыс кепілі.

4. Мәтіннің қай тақырыпты қозғап тұрғанын анықтаңыздар

Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі ең жаман дерт-еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады. Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын ұлы мәртебелі уақыт. Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек. Қазіргі жастық шақ – адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы. Оны жылдың көктем мезгілімен салыстыруға болады. «Көктемнің бір күні - жылға азық», - дейді халық. Ендеше жастықтың бір күні - сенің бүкіл өміріңе азық деуге болады. Уақытты меңгере алмаған адам жетістікке жете алмайды. Уақыттың қадірін білу керек. Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің, бір сағаттың, бір минуттың, бір секунттың өзіндік құны бар. Осыны түсіне біліңдер!

а)адам өмірінің қайраттылығы

ә)еріншектіктікті жеңу

б)күнтізбені пайдалану

5. Жұмбақтың шешуін ребус арқылы табыңыздар

[pic] [pic] , [pic] ,

Үйрегім бар еді үйде үш жүз алпыс,

Мұнша үйректі санап алу – елдің салты.

Күніне бір үйрегім жоғалады,

Айтшы сен, сол үйректі кім алады?
































Менің данагөй замандастарым


1. Мәтінге лайық адамның қасиетін анықтаңыздар. Ол сөзге синонимдер табыңыздар.

Көкпар-қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі.Бұл ойын Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі.Көкпар жігіттердің күш -жігерін,төзімділігін,батылдығы мен ептілігін,ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады.Ойынға екі команда қатысады.Ойынға салмағы 30-40 кг болатын серкені алады.Ойында қарсыласының қазандығына ең көп салым салған команда жеңімпаз болып танылады.

2. Шашыраңқы сөздерден сөйлемдер құрастырыңыздар

1) Айгүл ,ойнайды,жақсы,тоғызқұмалақ,ойынын
2) Жарысы,наурыз, болды,мерекесінде,ат
3) Біздің ,балалары
,ауылдың,асықты,ойнайды,жақсы
4)Мен «Көкпар» теледидардан,көрдім,ойынын
5)  Досанның ,бірінші,бәйгеден,аты,алды,орын
6) Ойындары,көп,ұлттық,қазақтың,өте.

3. Тапқыр болсаң тауып көр! Бір сөзбен айтыңыздар.

Қалпақ, кимешек, шәлі, тұмақ бұлар қандай киімнің түріне жатады?
Салат қандай тағам түріне жатады?
Киімге қосымша пайдаланатын ұсақ бөлшектерді қалай атайды?
Қара, көк, жасыл, көкшіл, бояулар қандай түстерге жатады?
Іс тіккенде саусақтың ұшына киілетін затты қалай атайды?
Әр нәрсені көркемдеп жобалау қалай аталады?

4. Сол бағандағы берілген сөздер мен сөз тіркестерінің ұқсасын оң бағаннан табыңыздар.

5. Мамандық түрін олардың құралдары арқылы табыңыздар

[pic] [pic] , з.Тарағы бар қолында, Кімді айттым ойымда?

[pic] ,, [pic] .Қалағы бар қолында,Кімді айттым ойымда?

[pic] .Ожауы бар қолында,Кімді айттым ойымда?






































Пошта қызметін қолдану


1. Өлең жолдарын дұрыс қойып, оқыңыздар

Ап-ауыр сөмкесін көтерісейік 1

Қолында бар өте ауыр сумкасы 2

Көшеменен  келе жатыр пошташы 3

Қәне ,доста,бәріміз көмектесейік 4


2. Пошташы  жаңбырдың  астында  қалып, сөмкесіндегі  хаттардың  кейбірінің  басын  су шайып  кетіпті. Сен хаттардың  басында  не  туралы  айтылғанын   түсіне  аласың  ба?

Сәлем ... , әже!? Сіздің халіңіз .....? Әже, мен Сізді қатты .... . Бізге қашан қонаққа .... ? Менің ... жақсы. Кеше мен ... деген баға алдым. Мұғалім ... мақтады. Тез келіңізші! Сау болыңыз. Сіздің ... Арман.


3. Қарама қарсы мағыналас сөздерді жаз.

Ауыр - ...... Жап-жаңа - .... Замандас - ......

Қатты - .... Шәкірт - ...... Ауылдас - ......


4. Сурет бойынша Оляның жазған хатының иесіне жету ретін анықтап, дәптерлеріңе жазыңдар.

  1. [pic] 2. [pic] 3. [pic] 4. [pic]

 

5. [pic] 6. [pic]


5. Қай құсы туралы айтылғанын ойланыңыздар. Асты сызылған сөздерге синоним табыңыздар.

Бейбітшілік құсы, достық пен бейбітшіліктің, татулық пен бірліктің символы, әлемді аралап хат таситын бақыт құсы ретінде есептейді. Әділеттілікті де білдіретін кездері болады. Халық санасында оны хат таситын құс ретінде сіңісіп кеткен.







Мен мамандық таңдаймын.


1. Берілген суреттер бойынша керекті етістіктерді пайдаланып сөйлемдерді қалпына келтіріңіздер.

  1. Ғарышкер ғарышқа - 1. ән айтады

  2. Әнші ән - 2. ұшады

  3. Суретші сурет – 3. шахтада жұмыс жасайды

  4. Дәрігер науқасты – 4. тамақ пісіреді

  5. Аспаз тамақ – 5. емдейді

  6. Футболшы футбол – 6. оқытады

  7. Мұғалім балаларды - 7. ойнайды

2. Сызба бойынша әңгіме құрыңыздар.



Біз сабақтан соң барамыз.




баруға (әке, шеше, әже, ...)

Біз рұқсат сұраймыз.




3.. Берілген синонимдерді сәйкестендіріңіздер.

Көмек – ауру

Сырқаттану – жәрдем

Тәуір болу – төзімділік

Шыдамдылық – жазылу


4. Анкеталық сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Сен болашақ мамандығыңды таңдадың ба?

2. Қандай мамандық таңдайсың?

3. Таңдаған мамандығың жөнінде не білесің?

4. Мамандығыңның өзіндік ерекшелігі қандай?

5. Бұл заман талабына сай ма?

6. Сен таңдаған мамандықтың еңбек нарығында қажеттілігі бар м

ма?

7. Мамандықты қай жоғары оқу орнынан аласың?


5. Еңбек туралы мақал-мәтелдерді толықтырыңыздар.






















Мен болашақта қандай жұмыс істеймін?


1. Болашақ мамандығын туралы салалас құрмалас сөйлемнің түрлеріне сөйлемдер құрастырыңыздар.

а) Ыңғайлас (-да, де, та, те, және, әрі),
ә) Қарсылықты (бірақ, алайда, дегенмен),
б) Себеп-салдар (сондықтан, себебі, өйткені, неге десең),
в) Талғаулы (не, немесе, я, яғни, әлде, бірде),
г) Кезектес (біресе, кейде, бірде).


2. Сызбаны пайдаланып, сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.

а) .........................ып, ............................... .

ә)...................ғандықтан, ........................ .

б)................... у үшін, ............................. .


3. Антоним сыңарын табыңыздар.

Алғашқы кезде – өткен ғасыр -

Қарапайым құралдар – үлкен зал -

Жеңілдету үшін - көлемді жабдықтар –


4. Мәтінді оқып, басты кейіпкерге мінездеме беріңіздер.

Санжар оқушы. Оның сүйікті пәні ағылшын тілі. Көп тіл білу қазіргі заман талабы. Сондықтан Санжар қазақ тілімен қатар ағылшын тілін меңгереді.

Ағылшын тілі сабағы өте қызықты өтеді. Сабақта Санжар диалог, мәтін құрастырады, қойылым қояды, суреттерді әңгімелейді, жаңа сөздермен танысады. Сондай-ақ ол көптеген өлеңдерді жатқа айтады. Үзілісте ол достарымен қазақша сөйлеседі.


5. Бос орынға сәйкес келетін жауапты жазыңыздар.

А: Алматы – Астана пойызы қашан келеді?

В: Теміржол вокзалына алтыға он бес минут қалғанда келеді

А: Біздің үйден қанша уақытта жетеміз?

В: Жиырма минутта жетеміз.

А: Онда жарты сағаттан кейін шығуымыз керек.

Себебі вокзалға пойыздан бес минут ерте баруымыз керек.

В: Сонда қазір сағат қанша болды?

А: ----------------------------------------------------------






Қазақстан мемлекеті: Тәуелсіздік толғауы.


1. «Мен Тәуелсіз Қазақстан азаматымын» тақырыбына ой қозғау стратегиясын қолданып, берілген сызба бойынша шығармашылық тапсырмаларды орындаңыздар.

[pic]


2. Берілген мәтінде қай тақырып төңірегінде айтылғанын анықтаңыздар.

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Еліміздің Мемлекеттік туы, елтаңбасы, әнұраны, Ата заңы, ұлттық валютасы бар.

1991 жылы 1 желтоқсанда Президент сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. 1996 жылы қаңтардың 24-і «Қазақстан Республикасының нышандарын қабылдау туралы» Президент жарлығы шықты, сөйтіп Қазақстан Республикасының елтаңбасы, Мемлекеттік туы және әнұраны бекітілді. Тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бері Қазақстанды әлем тани бастады. 1993 жылы қарашаның 15-інде ұлттық ақша-теңге айналымға түсті.

А) Президент сайлауы

Ә) Ақша –теңге

Б) Мемлекеттік рәміздер

В) Тұңғыш президент

Г) Тәуесіз Қазақстан мемлекеті


3. Мақалды толықтырыңыздар.

«Туған жердей ... ... ,

... ... ... болмас».


5. Берілген өлеңіндегі қарамен жазылған сөздерді мағыналас сөздермен ауыстырыңыздар.

Тәуелсіздік – тірегім

Көзіме бүгін жас келіп тұр, халайық,
Әрбір істі зердеге алып қарайық.
Тәуелсіздік жолына жан пида еткен,
Ерлерімізді есімізге алайық.

Жүрмейікші жүнжіп босқа түнеріп,
Еске алайық
, есімдерін білелік.
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ,
Алмайықшы екі қолдан жіберіп.

Жиырмадағы жалындаған жасында,
Қаншама жас
азап шекті расында.
Желтоқсанның ызғары өтіп кеудеден,
Қарсы тұрды Колбин қосқан қосынға.

Соны ойласам елжірейді жүрегім,
Өздері өліп, қорғап қалды Ұлы
елін.
Желбіресін көк
байрағы халқымның,
Тәуелсіздік болсын
мәңгі тірегім.































Мен сайлауға қатысамын.


1. Мәтінді мұқият оқып неше абзацтан тұратынын анықтаңыздар.

Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының жетекші саласы, еліміздің қоғамдық және мемлекеттік құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайын, мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық мәртебесін баянды ететін маңызды құқықтық нормалар жиынтығы. Конституциялық құқық, ең алдымен, қоғам мен мемлекет құрылысын айқындайтын негізгі қағидаттарды баянды етеді. Бұл қағидаттарда біздің мемлекетіміздің сапалық сипаттамасы – басқару мен мемлекеттік құрылым түрі, егемендік, биліктің халыққа қатыстылығы, қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік саласы қызметінің жалпы негіздері көрініс тапқан.Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының мәні қоғам мен мемлекет құрылысын, жеке адамның құқықтық мәртебесінің негіздерін және мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық жағдайын айқындайтын маңызды қоғамдық қатынастарды құрайды. Конституциялық құқық тәсілдері дегеніміз – ол конституциялық-құқықтық нормалардың қоғамдық қатынастарға және оған қатысушыларға құқықтық әсер ету тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.

А) 2

Ә) 3

Б) 4

В) 1

Г) 5


2. Берілген сызба бойынша ой қозғау стратегиясын жүзеге асырыңыздар.

Үлгі: Әр елдің азаматының парызы сайлауға қатысу.








3. Берілген мәтін бойынша бірінші абзацында не туралы айтылғанын анықтаңыздар.

[link] мүшелерiнiң есептерiн тыңдайды; палаталардың үйлестiрушi және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54-бап) көзделген басқа да өзгерiстердi жүзеге асырады.


А) Бүкілхалықтық референдум.

Ә) Қазақстан Республикасы

Б) ҚР Конституциясы

В) Парламент сайланды

Г) Мәжіліс пен Сенат


4. Антоним сөздердің қосарлануын табыңыздар.

А) ауыл - аймақ

Ә) қысы - жазы

Б) құрбы - құрдас

В) Аға – іні

Г) құрт – құмырсқа.


5.Тұрар төменге түсті де су толы шелекті көтеріп алды.

Жоғарыда берілген сөйлемде қарамен жазылған « түсу» сөзінің мағынасы төмендегілердің қайсысында колданылғанын анықтаңыз.

А) Сен қызмет орныңнан түспегенде, осылай қорлық көрер ме едік.

Ә) Қоңыр күз түсті, бірақ күн әлі жылы.

Б) Қобалжығаны бекер болды: кілті есікке дәл түсті.

В) Жаңбырдан соң үйдің сыртындағы сылағы опырылып түсті.

Г) Мен көк түсті көйлек сатып алдым.


«Әр елдің салты басқа»


1. Төменде берілген сөйлемдерге қатысты мақал –мәтел жазыңыздар.

Қонақжайлылық – қазақтың ерекше белгісі. Қонақ, әсіресе, қыз бала төрге отыруы керек. Қазақта қыз бала төрге отырса, байлық келеді деп түсінген. Бұл қазақ халқының қыз баланы қандай дәрежеде сыйлағанын көрсетеді.


2. Төменде берілген мақал-мәтелдердің мағынасын ашып, оның мазмұнына сәйкес сурет арқылы сәйкестіріңіздер.

  1. Асыл тастан шығады, ақыл жастан шығады.

  2. Бірлік болмай, тірлік болмас.

  1. Ақыл [pic] шығады, асыл [pic] шығады


  1. [pic] болмай, [pic] болмас.


3. Ребусты шешіп, бастауышты табыңыздар.

[pic] [pic] ,, [pic]

[pic] ,,, , [pic] ,

А) Ара Б) Ыдыс

Ә) Қонжық В) Шеге


4.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін көрсетіңіздер.

А) Анықтауыш, пысықтауыш.

Ә) Пысықтауыш, бастауыш.

Б) Бастауыш, баяндауыш

В) Толықтауыш, бастауыш

Г) Анықтауыш, пысықтауыш.


5. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіздер.

Бәрін қойып, ашық әңгімеге кірісейік.

А) Бәрін

Ә) қойып

Б) әгімеге

В) ашық